1 Рецепт. Бланк түрлері. Рецепт жазу, рәсімдеу ережелері


Аллергияда қолданылатын дәрілер



бет87/87
Дата18.06.2020
өлшемі124,41 Kb.
#73983
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Байланысты:
farma emtikhan suraktary docx
реабилитация 1, реабилитация 1, крас
Аллергияда қолданылатын дәрілер

1-Сенсибилизацияланған мес жасушалар мен базофильдерден гистаминнің босап шығуына кедергі жасайтын заттар: Кромолин натрий (Интал), Кетотифен, Преднизолон, Адреналин, Эуфиллин.

2-Антигистаминді заттар (Н1-гистаминоблокаторлар). Босап шыққан Гистаминнің рецепторлармен әсерлесуіне кедергі жасайды: Супрастин, Тавегил, Диазолин, Цитеризин, Димедрол, Дипразин (Пипольфен), Фенкарол, Лоратадин ( Кларитин), Лорактив, Кестин.

Дипразин А/Қ тез төмендететіндіктен аллергиялық шокта қолданылмайды.

Ұйықтататын әсері бар: Димедрол, Дипразин, Супрастин, Тавегилдің.

Н1- рецепторлардың орналасуы: бронхта, ішекте, артерияда, тамырдың тегіс салалы бұлшық етінде, капиллярларда, жүректе, орталық жүйке жүйесінде.

1-Аллергиялық шокта қолданылатын заттар: Адреналин, Эуфиллин, Сальбутамол.

2-Иммунодепресанттар жасушалық иммунитетті тежейді: қысқа әсерлі иммунодепрессанттар және цитостатиктер (күшті әсерлі иммунодепрессанттар).

А) Қысқы әсерлі иммунодепрессанттар: Хингамин, Кризанол, Ауранофин, Купренил.

Б) Цитостатиктер: Метотрексат, Циклофосфан, Азатиоприн



Н1- рецепторларды тежегіш аллергияға қарсы дәрілердің сипаттамасы

Қасиеттері

Димедрол

Тавегил

Супрастин

Дипразин

Диазолин

Фенкарол

Лоратадин

Гистаминге қарсы

++

+++

++

++++

++

++

++

Әсерінің ұзақтығы, сағат

4-6

8-12

4-6

4-6

24-48

6-8

24

ОЖЖ-не әсері

Тыныштан-дыратын, ұйықтататын

Әлсіз тыныш

Айқын тыныш

Айқын тыныш

-

Әлсіз тыныш

Әлсіз тыныш

Вегетативті ганглийді тежеу

+

-

-

-

-

-

-

М-холино-блокаторлық

-

әлсіз

+

+

-

Әлсіз

-

α-адрено-блокаторлық

-

-

-

+

+

+

-

Тітіркендіргіш

+ т/а

+т/а

+т/а

+т/а

+ ішке

+ ішке

-

Анестезиялық

+

+

+

+

+

+

-

59Анафилактикалық шокта қолданылатын дәрілер, қолдану мақсаты.

Анафилактикалық шокты емдеу хаттамасымен белгіленетін дәрілер

Анафилактикалық шок- ағзаға түскен аллергеннің әсерінентыныс алу, қан айналу, орталық жүйке жүйелерінің бұзылыстарымен айқындалатын жіті патологиялық жағдай.

Хаттама коды: E-001

Мақсаты: аллергеннің ағзаға түсуін тоқтатып, өмірге маңызды тыныс алу және қан айналу жүйесі қызметін қалпына келтіру.

Негізгі дәрілер тізімі:

Эпинефрин (Адреналин) 0,18% - 1,0мл, амп.

Натрий хлорид ерітіндісі 0,9% - 400 мл, құты.

Натрий хлорид ерітіндісі 0,9%- 5 мл, амп.

Преднизолон 30мг/мл, амп.

Аминофиллин (Эуфиллин) 2,4%- 5мл, амп.

Дифенгидрамин (Димедрол) 1%-1,0мл, амп.

Пентакрахмал 500,0 мл, құты.

Атропин сульфат ерітіндісі 0,1%- 1,0мл, амп.

Допамин ерітіндісі 0,5%- 5,0мл, амп

Оттегі м 3

Қосымша қолданылатын дәрілер тізімі:

Дексаметазон ерітіндісі 1,0мл, амп.

Фенилэфрин (Норадреналин) 1%- 1,0- 2,0 мл, амп.

Декстроза (Глюкоза) 5%- 400,0мл, құты.

Гидрокортизон ерітіндісі 2,5%- 2,0мл, амп.

Сальбутамол 3мг, небулайзер.

60Дәрілік заттармен жедел улану терапиясының негізгі принциптері.

1-Удың қанға сіңірілуін тоқтату

а) Асқазан шаю. 5-10 литр жылы сумен, калий перманганаты ертіндісімен, белсендірілген көмірдің (30-40 грамм 1 стакан суға) суспензиясымен немесе натрий хлорид (2-4 шай қасық 1 стакан суға) ерітіндісімен жүзеге асырылады.ӘсіресеОЖЖ-н тежейтін заттармен уланғанда. Асқазанды зонд (шолғы) арқылы шайған дұрыс. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда асқазанға зонд енгізер алдында наркотикалық анальгетиктер (морфин немесе т.б), спазмолитиктер (атропин немесе т.б) енгізіледі, ал зондты вазелин немесе өсімдік майымен майлау қажет. Қышқыл немесе сілтінің асқазанға тітіркендіргіш әсерін басу үшін сүт, кисель, жұмыртқа ақуызын беруге болады.

б) Ішектегі уды шығару- тазалау клизмасының көмегімен жүргізіліп, ішке белсендірілген көмір (сіңіргіш зат) мен тұзды іш жүргізетін (магний сульфат 30гр 2-3 стакан суға) дәрілер беріледі. Қышқылдар және сілтілермен уланғанда ішекті ары қарай күйдірмес үшін іш жүргізетін дәрілерді беруге болмайды.

в) Токсинді заттар тері мен сілемей қабыққа шашырағандакөп мөлшердегі ағынды сумен шайып, мүмкін болса қышқылды сілтілі ерітіндімен (2%-натий гидрокарбонат ертіндісі) ал, сілтіні қышқылды ерітіндімен (3-5% сірке қышқылы ертіндісі) бейтараптау қажет.

г) Токсинді заттар ағзаға өкпе арқылы түскенде удың ағзаға түсуін тоқтатып, таза ауамен қамтамасыз ету қажет.

Пациент құсқан жағдайда басын бір жағына бұрып, төмендеу орналастырған жөн.



2-Ағзадан удың шығарылуын жылдамдату.

Табиғи әдістер:

а) Форсирленген диурез – 1,5-2литр 0,9% натрий хлорид ертіндісін көктамыр арқылы енгізіп, содан соң белсенді несеп айдаушы дәрілер (фуросемид, маннит) енгізіледі. Форсирленген диурезді жіті жүрек қызметінің жеткіліксіздігінде, ми немесе өкпенің қауіпті ісігінде қолдануға болмайды.

б) улы заттар өкпе арқылы шығатын болса, өкпеге гипервентиляция, карбогенмен ингаляция қамтамасыз ету қажет.

Жасанды әдістер:

а) Перитонеальды диализ – іш қуысын электролитті ертінділермен шаю; Асқазанға инемен немесе түтікпен ерітіндіні енгізіп, 40-60 минуттан соң қайта сорып алады. Солай таза су шыққанша шаяды.

б) гемодиализ - қанды жасанды бүйрек диализаторы арқылы өткізіп тазалау;

в) гемосорбция – қанды арнайы адсорбенті бар аппарат арқылы тазалау. Улы заттар сорбенттерде адсорбцияланады (сорбент түйіршікті белсендірілген көмір);

г) қан құю

3-Сіңірілген удың әсерін басу.

Улардың әсерін басу үшін антидоттар қолданылады, олар улармен химялық немесе физикалық-химиялық әрекеттесетін заттар. Әмбебеп антидот-адсорбент белсендірілген көмір абсорбция әдісімен (физикалық-химялық әрекеттесу) әсер етеді. Микробты токсиндермен, алкалоидтар мен жүрек гликозидтерімен байланысады.



Темір препараттарымен уланғанда антидот дефероксаминқолданылады;

Ауыр металл тұздарымен уланғанда унитиол қолданылады;

Фосфорорганикалық қышқылдармен (ФОҚ) уланғанда дипироксим мен изонитрозинқолданылады.



Метил спиртімен уланғанда 30%-100мл этил спиртін ішкізу керек. Әрі қарай әр 2 сағат сайын 50мл-ден ішкізеді.

Синил қышқылымен, цианидтермен уланғанда метилен көгі мен натрий нитритіқолданылады;

Гепариннің мөлшерін асырғанда протамин сульфаты қолданылады.

Фармакологиялық антагонистер де кеңінен қолданылады:

Антихолинэстеразды дәрілермен, М-холиномиметиктермен уланғанда антагонист ретінде атропин қолданылады;

Морфинмен уланғанда антагонист налоксон қолданылады.

Инсулиннің мөлшерін асырғанда адреналин қолданылады.

Магний сульфатымен уланғанда кальций хлорид қолданылады.



Жүрек гликозидтерімен уланғанда калий хлорид ерітіндісі қолданылады.

Ауыр метал тұздарымен, алкалоидтармен уланғанда ерімейтін қосылыстар түзетіндіктен, асқазанды 0,5%- Танин ерітіндісімен немесе қою шаймен, сүтпен шаюға болады және ақуыз ішкізеді (3 ақуыз 1литр суға).

Морфинмен уланғанда асқазанды 0,05 % калий перманганат ерітіндісімен шаяды.

Күміс нитратымен уланғанда асқазанды 2% натрий хлорид ерітіндісімен шаяды (сіңбейтін қою ұнтаққа айналады).

Әскери улы заттармен уланғанда асқазанды хлор ұнтағының әлсіз ерітіндісімен шаяды.

Майда еритін заттармен уланғанда 50-100мл вазелин майын ішкізеді.



4-Жедел уланудың симптоматикалық терапиясы.

Спецификалық антидот болмаған жағдайда симптоматикалық ем жүргізудің айрықша маңызы бар. Әсіресе қан айналымы мен тыныс алу жүйесін қадағалау қажет. Жүрек гликозидтерін, АҚ реттейтін дәрілер, оттегі терапиясы, тыныс алу стимуляторлары, қажетті жағдайда бронхолитиктер, тырысуға қарсы дәрілер, анальгетиктер қолданылады. Сулы-электролитті балансты қадағалау қажет. Қажет жағдайда реанимациялық шаралар жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет