д) Нәжіс жұмсартатын дәрі ретінде вазелин майы және өсімдік майлары (зәйтүн майы, бадам майы, мақта майы, жүгері майы) қолданылады. Ішектен қанға сіңбейтіндіктен вазелин майы жиірек қолданылады. Ұзақ қолданғанда анус тесігін тітіркендіреді, ас қорытылуы бұзылады.
Прокинетиктер- ас қорыту жүйесінің моторикасын қалпына келтіріп, астың жылжуына ықпал етеді. Олар: Метоклопрамид, Домперидон (Мотилиум)
Диареяда қолданылатын дәрілер
Тітіркенуден қорғауға, диареяда белсендірілген көмір, смекта қолданылады. Инфекцияға байланысты емес диареяда Лоперамид қолданылады. Лоперамид ішектің жиырылу-жылжыту белсенділігін төмендетіп, анус тесігі тонусын арттырып, үлкен дәретке отыруды азайтады. Әсері тез басталып, 6 сағатқа созылады. 2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға тиым салынады, 14 жасқа дейінгі балаларға қолдануға кеңес берілмейді.
Іш өту инфекцияға байланысты болса антибиотиктер, микробқа қарсы синтетикалық дәрілер тағайындалады.
Іш өтуде көп сұйықтық бөлініп, ағзада сусыздану (дегидратация) болады. Сусыздануда регидратацияға қолданылатын дәрілер: Глюкосолан (Регидрон, Оралит), Цитроглюкосолан, Лактосол.
Глюкосолан Glucosolanum (Регидрон Rehydron-18,9г, Оралит Oral-27,9г) 1000мл сумен араластырып ішетін ұнтақ қалташада. Диареяда, I- II дәрежелі сусыздануда регидратацияға қолданылады.
Лактасол Lactasolum (құрамы: NaCl-6,2; KCl-0,3; CaCl- 0,16; MgCl- 0,1; H2O-1литрге дейін). 100мл, 200мл, 400 мл инъекцияға арналған ерітінді түрінде шығарылады. Көктамырға енгізіледі. Қолданылады: дегидратацияда, шокта, күюде, перитонитте, ацидозда, диареяда.
Лоперамид Loperamidum (Имодиум Imodium,Нео-Энтеросептол Neo- Enteroseptol). 0,02%- 100мл ішетін ерітінді, 0,002г капсула және таблетка түрінде шығарылады. Асқазан-ішек жолдарының жылжыту-жиырылу қызметін тежейді. Жіті және созылмалы диареяда (2 жасқа дейінгі балаларға қолдануға тиым салынады, 14 жасқа дейінгі балаларға қолдануға кеңес берілмейді) қолданылады.
Диосмектит Diosmektit (Смекта Smecta) Суспензия дайындайтын ұнтақ қалташада 3г. шығарылады. 3г ұнтақты 100мл сумен араластырып ішеді. Тәулігіне балаларға 3г., ересектерге 9г. қолдануға болады. Диареяда, АІЖ қабынуында тағайындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |