(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Ы.Алтынсарин-нің басқа қандай шығармаларын білесіңдер?
Ы.Алтынсарин-нің өмірі мен шығармаларына байланысты деректерді қосымша материалдарға сүйене отырып, толықтырың-дар.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Қыпшақ Сейтқұл – Ә, Б бөлімінің мәтінін оқытады. Осы мәтін желісі бойынша бейнеролик көрсетеді.
Талқылауға арналған сұрақтарға оқушылар жауап береді.
|
Жұптық жұмыс:
Мәтінді оқып, бейнероликті көреді.
Сейтқұл ел үшін не ойлады?
Оған ерген халық қандай кәсіппен айналыса бастады?
Сейітқұлдың ағасы бай болу үшін не істеді?
|
Дескриптор: Жалпы – 5 балл.
Бейнероликті көреді.
Мәтінді оқиды.
Бір-біріне сұрақтар қояды.
Мәтіннің мазмұнын талдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
|
https://youtu.be/_T0F8sU8YoQ
|
Топтық жұмыс
|
№2-тапсырманы орындатады.
|
Берілген тапсырмадағы кейіпкердің іс-әрекетін дәптерлеріңе ретімен жазыңдар.
|
|