Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Мәтінді тыңдауға тапсырма береді.
1-мәтін бойынша жұмыс жасатады.
|
Жеке жұмыс:
Мәтінді тыңдап, берілген уақыт ішінде тапсырмалар-ды орындаңдар.
|
Дескриптор:
Жалпы – 3 балл.
-Естіген мәтін мазмұнының қысқаша жоспарын дәптерлеріне жазады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, құлаққап.
|
Жұптық жұмыс
|
№2-мәтін бойынша тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Мәтінді тыңдап, «Себебі баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон,-дейді де, жөніне жүріп кетті»,-деген сөздердің мағынасын қысқаша түсіндіріп беріңдер.
|
Дескриптор:
Жалпы – 4 балл.
- Мәтінді тыңдайды.
-Мәтін үзіндісін талқылайды.
-Мағынасын түсіндіріп береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
Жеке жұмыс
|
№3- мәтін желісі юойынша тапсырманы орындатады.
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
Атымтай жомарт айтқан төрт өсиетті өз сөздеріңмен дәптерлеріңе жазыңдар.
|
Дескриптор:
Жалпы – 3 балл.
- Мәтіннен естіген Атымтай жомарттың төрт өсиетін анықтайды.
-Төрт өсиетті өз сөздерімен түсіндіріп дәптерлеріне жазады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|