1-сабақ. Бөлім: 4а экология және тұрақты даму


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет18/40
Дата24.01.2023
өлшемі10,48 Mb.
#166272
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40
Байланысты:
5 сынып қмж жаратылыстану

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.

1-тапсырма.
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.



1. Қай жануарды біржасушалылар тобына жатқызады? Олардың ортақ белгілерін атайды.

2. Қандай жануарды көпжасушалылар деп атайды?





Дескриптор: Жалпы – 2 балл.
- Сұрақтарға жауап береді.



Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК




2-тапсырма.
Оқулықта берілген зерттеу жұмысын орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. «Салыстыру сызығын» толтырады.

2. Параграф мәтініне жоспар құрады.




Дескриптор: Жалпы – 4 балл.
-Кестені толтырады.
-Жоспар құрады.

Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК




3-тапсырма.
Оқулықта берілген зерттеу жұмысын орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Қайсы тұжырым дұрыс?
«+» немесе «–» таңбаларын қойады.
1) Жасуша – барлық тірі организмдердің негізгі құрылымы.
2) Қабықша, ядро, цитоплазма – жасушаның басты бөліктері.
3) Пластидтер – тек өсімдік жасушасында ғана бар.
4) Микроскоп – ұлғайтқыш аспап.
5) Тірі организмдер тек қана қоректенеді.
6) Жасушалар кескіні мен мөлшері бойынша бірдей.
7) Адам организмі жасушалардан тұрады.

2. Қосымша дереккөздерді пайдаланып, біржасушалы жануарлардың


алуан түрлілігі туралы хабарлама жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет