Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№7-тапсырма:
Жапондар үй тірлігінде неден құтылғысы келеді екен? Диаграммамен беріп, есте сақтаңдар. Себебін болжап айтып көріңдер.
|
Жапондар үй тірлігінде неден құтылғысы келеді екен? Диаграммамен беріп, есте сақтайды. Себебін болжап айтады.
|
Дескриптор:
Жалпы – 3 балл.
- Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
-өз ойын болжамды түрде жеткізеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.
|
|
№8-тапсырма:
Берілген сөйлемдерге құрылымдық талдау жасаңдар. –ып формасы бірнеше қызмет атқаратынын назар аударыңдар. Сөйлем құрмалас па, жай сөйлем бе? Дәлелдеңдер.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- Деректерді пайдаланып, мемлекет қайраткері туралы интервью дайындайды.
-Диалог барысында екпіннің түрлеріне назар аударады.
|
|
№9-тапсырма.
Мәтіндегі сөйлемдерден себептік қатынастағы құрмалас сөйлем жасаңдар. Екінші азат жолдың бірінші сөйлемін көшіріп жазып, мағыналық қатынасын анықтаңдар.
|
Мәтіндегі сөйлемдерден себептік қатынастағы құрмалас сөйлем жасайды. Екінші азат жолдың бірінші сөйлемін көшіріп жазып, мағыналық қатынасын анықтайды.
|
|