Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№8-тапсырма. Ғаламторды қандай мақсатпен қолданатындарың жөнінде сөйлемдер құраңдар. Сөйлемдерің мақсат пысықтауышлты жай сөйлем бе, мақсат бағыныңқы құрмалас сөйлем бе? Сөйлемдердің аражігін ажыратып түсіндіріңдер.
|
Сұраққа жауап береді. Бір-бірімен пікір алмасады. Өз ойларымен бөліседі.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл.
- Сөйлемдердің аражігін ажыратып түсіндіреді.
|
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
|
|
№9-тапсырма. Соңғы азатжолдағы бірінші, екінші сөйлемдерден ұүрмалас сөйлем жасап, мағыналық қатынасын анықтаңдар. Салаластыра және сабақтастыра байланыстырып көріңдер.
|
Соңғы азатжолдағы бірінші, екінші сөйлемдерден ұүрмалас сөйлем жасап, мағыналық қатынасын анықтайды.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл.
- салаластыра және сабақтастыра байланыстырып көреді.
|
Оқулық,
жұмыс дәптерлері.
|
|
№10-тапсырма.
Мәтін мазмұнына сүйене отырып, ғаламтордың пайдалы және зиянды жақтарын таразылап, жинақы мәтін жазыңдар.
|
Мәтін мазмұнына сүйене отырып, ғаламтордың пайдалы және зиянды жақтарын таразылап, жинақы мәтін жазады.
|
|