Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№4-тапсырма:
Өздерің ғаламтордың пайдалы жақтарын (білім, ғылым саласында қандай көмек беретінін) санамалап айтыңдар.
|
Өздерің ғаламтордың пайдалы жақтарын санамалап айтады.
|
Дескриптор:
Жалпы – 3 балл.
- Сұрақтарға дұрыс жауап береді.
-өз ойын санамалап жеткізеді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.
|
|
№5-тапсырма.
Мәтіннен алынған ақпаратты қосып және өздерің ізденіп, ғаламтордың мүмкіндіктері туралы жазыңдар.
|
Берілген тапсырма бойынша дәлелді әңгімелейді.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- берілген тапсырманы толық, дұрыс орындайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері
|
|
№6-тапсырма.
Мәтінді оқыңдар.
|
1.Мәтіндегі негізгі ойды үш сөйлеммен жеткізіңдер.
2.Тілдік бірліктері арқылы мәтіннің стилін, жанрын анықтаңдар.
3.Сөз мәнін зерделейік! Мәтінде кездесетін ғаламтор, пернетақта, тінтуір сөздерін түсіндіріңдер.
|
|