1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет2/8
Дата30.03.2018
өлшемі1,63 Mb.
#39836
1   2   3   4   5   6   7   8

Қазақ тілі
Қазақ тілі туралы орыс зерттеуші - ғалымдары В.В.Радлов: "Қазақтардың тілі — жатық та шешен, әрі өткір"- десе, П.М.Мелиоранский: "Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бірауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі ең бай тіл деп куәландырып отыр", - деген.

Расында да, қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын бай да көркем, көне тілдердің бірі. Қазақ тілінен басқа түркі тілдерінің тобына: әзербайжан, қырғыз, өзбек, татар, түркімен, чуваш, қарақалпақ, түрік, башқүрт, якут (саха), тува, хакас, алтай, құмық, қарашай, балкар, гагауз, үйғыр тілдері жатады.

Түркі тілдерінің тобына көне қыпшақ-ноғайлы тобын: қазақ, ноғай, қарақалпақ, қарашай, балкар, қырғыз, татар, башқұрт, құмық тілдері жатады.

Түркі тілдерінің туыстығы олардың лексикалық мағыналарынан, дыбыстық жүйелерінен, грамматикалық құрылыстарынан байқалады. Сонымен қатар түркі тілдерінің өзіндік фонетикалық, лексикалық, грамматикалық өзгешеліктері де болады. Мәселен:



  1. Басқа түркі тілдерінде сөз басында И дыбысы келетін жерде, қазақ тілінде Ж дыбысы айтылып жазылады. Мысалы: иол-жол, иаш-жас, йыл-жыл.

  2. Басқа түркі тілдерінде сөз басында Ш дыбысы келетін жерде, қазақ тілінде С дыбысы айтылып жазылады. Мысалы: баш-бас, таш-тас.

  3. Басқа түркі тілдерінде -ЛАР көптік жалғауы дыбыс үндестігіне байланысты өзгермейді, ал қазақ тілінде бұл жалғау -ЛАР, -ЛЕР, -ДАР, -ДЕР, -ТАР, -ТЕР болып өзгереді. Мысалы: атлар-аттар, иыллар-жылдар.


3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Орыстың зерттеуші-ғалымдары қазақ тілі туралы қандай пікір айтқан?

  2. Қандай тілдер Түркі тілдері деп аталады?

  3. Түркі тілдерінің қыпшақ-ноғайлы тобына қандай тілдер жатады?

  4. Түркі тілдерінің туыстастығын неден байқауға болады?

  5. Қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен қандай айырмашылығы бар?


4-тапсырма. Сөйлемдерді қалай аяқтауға болады? Мәтінді пайдаланыңыз.

  1. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын____________________

  2. Қазақ тілінен басқа түркі тілдерінің тобына___________________________

  3. Түркі тіддерінің ішінде көне қыпшақ-ноғайлы_________________________

  4. Түркі тілдерінің туыстастығы олардың_______________________________

  5. Сонымен қатар түркі тілдерінің өзіндік_______________________________


5-тапсырма. Дұрыс па? Бұрыс па? Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақ тілі түркі тілдерінің оғыз тобына жатады.

  2. Түркі тіддерінің тобына: әзербайжан, қырғыз, өзбек, татар, түркімен, чуваш, қарақалпақ, түрік, башқұрт, якут (саха), тува, хакас, алтай, құмық, қарашай, балкар, гагауз, үйғыр, парсы тілдері жатады.

  3. Көне қыпшақ-ноғайлы тобына: қазақ, ноғай, қарақалпақ, қарашай, балкар, қырғыз, татар, башқұрт, құмық тілдері жатады.

  4. Түркі тіддерінің туыстығы тек лексикалық мағыналарынан көрінеді.

  5. Қазақ тілі 1999 жылғы санақ бойынша әлем тілдерінің ішінде 93 орынды иеленген.


6-тапсырма. Терминдерді атаңыз. Аударыңыз. 5 сөйлем құрастырыңыз.

Лексикалық мағына, дыбыстық жүйе, дыбыс үндестігі, буын үндестігі, грамматикалық өзгешелік, түркі тілдерінің тобы, туыс тіддер, сөз басы, сөз ортасы, сөз соңы, дыбыс үңдестігі, жалғау, жұрнақ, түбір.


7-тапсырма. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

  1. Басқа түркі тілдерінде сөз басы И дыбысынан басталса, қазақ тілінде олар_____________________________

  2. Басқа түркі тілдерінде сөз басы Ш дыбысынан басталса, қазақ тілінде олар_____________________________

  3. Басқа түркі тілдерінде —ЛАР көптік жалғауы дыбыс үндестігіне байланысты өзгермейді, ал қазақ тілінде___


8-тапсырма. Төменде көрсетілген тілдердің өзара ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ескере отырып, кестені толтырыңыз.

Тілдердің түрі

Өзара ұқсастықтары


Айырмашылықтары

Қазақ-балкар





Қазақ-ағылшын





Қазақ-орыс





9-тапсырма. Жоспар бойынша мәтін мазмұнын айтып беріңіз.

6-сабақ
Етістіктің болымсыз түрі

(отрицательная форма глагола)


Отрицательная форма глагола образуется путем присоединения к исходной форме суффиксов –ба/-бе, –па/-пе, –ма/-ме. Фонетические варианты суффиксов определяются законами сингармонизма, отрицательные суффиксы пишутся вместе с тем словом, к которому относятся.

Основа оканчивается на



Отрицательная форма повелительного наклонения

1.гласные

-ма/ -ме


2.сонорные р,л,й

оқы «читай»

сөйле «говори»

отыр «сиди»

ал «бери»

қой «положи»


оқыма «не читай»

сөйлеме «не разговаривай»

отырма «не сиди»

алма «не бери»

қойма «не клади»


1- тапсырма. Етістіктердің болымсыз түрін жасаңыз.
Көру «видиеть», қарау, алу, беру, әкелу, бару, салу «положить», ойнау «играть», ойлау «думать».

Основа оканчивается на



Отрицательная форма повелительного наклонения

1.звонки согласные (кроме б,в,г,д)

-ба/-бе


2.сонорный м, н , ң

жаз «пиши»

сен «верь»

көн «повинуйся»


жазба «не пиши»

сенбе «не верь»

көнбе «не повинуйся»



2-тапсырма. Үлгі: төзу «терпеть» - төз «терпи» - төзбе «не терпи». Үлгі бойынша тапсырманы орындаңыз.
Жану «гореть», озу «обогнать», жеңу «победить», созу «тянуть», сөну «гаснуть», сезу «чувствовать», таңу «завязывать», тоңу «мерзнуть».

Основа оканчивается на



Отрицательная форма повелительного наклонения

1. глухие согласные

-па/-пе


2.звонкие б, в, г, д

айт «скажи»

аш «открой»

көш «переезжай»


айтпа «не говори»

ашпа «не открывай»

көшпе «не переезжай»


3-тапсырма. Үлгі: ашу «открывать» - аш «открой» -ашпа «не открывай».
Кесу «резать», кету «уходить», қашу «убегать», жату «лежать», жету «достигнуть», басу «давить», төгу «выливать», қосу «прибавить», көшу «переезжать».
4- тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз, мазмұнын айтып беріңіз.
Қарағанды мемлекеттік

индусриялық университеті

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті профилді инженерлік кадрлар дайындайтын Қазақстандағы ірі оқу орындарының бірі, 1963 жылы ашылған. Бүгінгі күнге дейін ҚМИУ 16 мыңнан астам жоғары кәсіби білімі бар бакалаврларды дайындап шығарды.

ҚМИУ 16 кафедрадан тұратын жоғары оқу орны. Оларды 5 ғылым докторлары, профессорлар, ғылым кандидаттары мен доценттер басқарады.

ҚМИУ -3700 студент оқиды. Осы 3700 студенттің ішінде 700-ге жуығы мемлекеттік білім грантымен оқиды.

ҚМИУ әлемдік және мемлекеттік стандарттарға сәйкес қазіргі заман құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті ректоры – профессор, техника ғылымдарының докторы, Халықаралық және Ұлттық инженерлік Академиялардың корреспондент - мүшесі Найзабеков Абдрахман Батырбекұлы.

ҚМИУ қарамағында 4 факультет /металлургиялық, машина жасау және автоматтандыру, экономика және құрылыс, сырттай оқу .

Университетте қазіргі заман талабына сай кітапхана жұмыс істейді, оның қорына 281 мыңнан астам оқулық , оқу- әдістемелік құрал, қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі ғылыми әдебиеттер кіреді.

Университет 16 мамандық бойынша жоғары кәсіби білімді бакалаврлар дайындайды. ҚМИУ мамандықтары:


  • Экономика

  • Менеджмент

  • Есеп және аудит

  • Автоматтандыру және басқару жүйелері.

  • Тау-кен ісі

  • Металлургия

  • Материалтану және жаңа материалдар технологиясы

  • Машина жасау

  • Көлік, көлік техникасы және технологиясы

  • Жылу энергетикасы

  • Электроэнергетика

  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы.

  • Технологиялық машиналар және құралдар

  • Құрылыс

  • Өмір сүрудің қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау.

  • Стандарттау, метрология және сертификаттау.


5-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.ҚМИУ-де қанша кафедра бар?

2. ҚМИУ-де қанша студент оқиды?

3.Университетте қанша факультет бар?

4.Университет қандай мамандар даярлайды?
6-тапсырма. Төмендегі сөздерді сөз құрамына қарай талдаңыз.
Экономикалық, ұлттық, мемлекеттік, әлемдік, кандидаттық.

7-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
8-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.


  1. ҚМИУ- ........кафедрадан тұратын оқу орны.

  2. ҚМИУ-.........студент оқиды.

  3. ҚМИУ-қарамағында ....... факультет бар.

  4. Университетте қазіргі заман талабына сай ....... жұмыс істейді, оның қорында .......... мыңнан астам оқулық, оқу әдістемелік, қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі әдебиеттер кіреді.


9-тапсырма. Төмендегі сөздерді тәуелдеңіз.

Оқулық, мамандық.



10-тапсырма. Кестені толықтырыңыз.
Экономика

Менеджмент

ҚМИУ Есеп және аудит

мамандықтары Автоматтандыру және басқару

жүйесі
1-тапсырма'>11-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, қай түрінде тұрғанын анықтаңыз.

Үлгі: 1963 жылы – реттік сан есім.



7-сабақ
Етістіктің осы шағы

(настоящее время глагола)


В казахском языке имеются 2 формы настоящего времени: 1)собственно-настоящее или очевидное настоящее время; 2)переходное настоящее время. О нем мы поговорим по - позже.

Собствнно-настоящее время имеет 2 формы: простую и сложную. Простая форма образуется только от четырех глаголов: отыру «сидеть», жату «лежать», тұру «стоять», жүру «идти, ходить».


1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Астана
1822 жылы Александр I Сібір қырғыздары туралы жарғы қабылдайды. Осылайша әкімшіл патшалық реформамен қазіргі Қазақстанның тарихы басталды. Ақмола аймағында көшіп-қонып жүрген орта жүз жаңадан құрылған Омбы облысы құрамына енгізіліп, әкімшілік аймақтарға,  болыс, ауылдарға бөлінді. 1829 жылы Орта жүздің билеушісі Семеке ханның шөбересі Қоңырқұлжаев Құдайменді орыс басшысына қарамағындағы ауылдарды қарақшылардың шабуылынан құтқарып, Қарпық және Қуандық болыстарын құру туралы өтініш жасайды. Көп ұзамай-ақ Ақмола бекінісін салу туралы шешім қабылданды. 1830 жылдың 28-мамырында құрылысқа Петропавлдан құрамында екі жүз адамы бар Ф.К.Шубиннің тобы шықты. Ол жазда Қоңырқұлжаев Құдайменді сұлтан ауылымен Қараөткел маңайында көшіп жүрген болатын. Ф.К.Шубиннің тобы осы төңірекке келіп, Нияз бидің кесенесінің айналасына бірінші болып шатыр тікті.

Ақмола халқы біртіндеп өсе бастады. 1869 жылдың өзінде бұл жерде 5122 адам өмір сүрді.  Ал 1910 жылы түрлі ұлт өкілдерінен тұратын қала тұрғындары 13000-ға жетті.

Кешегі күнге дейін Матвей Кубриннің сауда үйі сақталып келді. Қазір ол жерде «Астана» дүкені орналасқан, Қазақстандағы  Украина елшілігі орналасқан.

Қала жүз отыз жыл бойы Ақмола боп аталып келді. Бұл – ежелгі қала да, үлкен қала да емес. Бүгінде көне көз қарттардың Ақмола, Целиноград, Астана қалаларын салыстыру мүмкіндіктері бар. Бәрін де сандармен  суреттеуге болады. 1890 жыл – 5 640 адам, қала бюджеті – 16 000 рубль; 1912 жыл – 14 765 адам, қала бюджеті – 56 242 рубль; 1939 жыл – 32 000 адам; 1960 жыл – қала бюджеті 37 миллион 227 мың рубльді құрады. Он тоғызыншы ғасырдың аяғында Ақмолада жиырма бес орындық бір ғана стационар болса, ал 1964 жылы Целиноградта 350 дәрігер жұмыс істеді. Шағын ғана қалаға су құбыры мен бу жылу жүйесі кештеу келді. Су қала тұрғындары үшін зәру болатын, әрбір адамға тиесілі тәуліктік норманың 12 пайызы ғана тиетін. Вокзалдың жанындағы кішкентай барактар қыстың күні балалардың қуанышына айналатын. Тура шатырынан шанамен сырғанауға болатын. Бүгінде ол жерде «Дәулет» дүкені орналасқан. 

Ақмола тарихының келесі бір кезеңі – тың жерлерді игеру жылдары. Бүкіл одақтың жастары Никита Сергеевич Хрущевтің орасан күрделі ойын іске асыру үшін, жолға шықты. 1954 жылдың екінші наурыз дұрыс екен еріктілердің бірінші эшалоны Алматыдан, ал бесінші наурызда Мәскеуден келді. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, 1953-1958 жылдар аралығында Ақмола облысына 270 мың адам келген. Олардың біразы осы аймақта мәңгілік қалып қойды да. Бұл жылдары Ақмола облысы елдің ең маңызды аймағына, ауылшаруашылық машина құрылысы орталығына  айналды. 1953-56 жылдары облыс бойынша 3,5 миллион га тың жер игерілді. Бұл қаланың дамуына үлкен әсер етті. 1960 жылдың  26-желтоқсанында тың игеру өлкесін құру туралы жарлық шықты. 1961 жылы аты Целиноград болып өзгертілді.

1994 жылдың алтыншы шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қаулы шығарды. Бұған қаланың геосаяси жағдайы, көлік және телекоммуникация құрылымы, астана өркендеуі үшін жеткілікті бос жердің болуы себеп болды. Қазақстанның 319 мың тұрғыны бар қаласы елдің елордасына айналды. 1997 жылы қаланың ауданы 258 шаршы шақырым болса, бүгінде Астана 710,2 шаршы шақырым жерді алып жатыр.

 1998 жылдың алтыншы мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға медаль және «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді. Бүгінде Астана – саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін Еуразия кеңістігінің орталығы болып саналады.
4-тапсырма. Мәтінді оқып орыс тіліне аударыңыз.
Алматы
Алматы туралы көне жазба деректердің бірі XVI ғасырда түркі тілінде жазылған «Бабыр наме» атты шығармада кездеседі. Бұл шығарманың авторы – Захирадин Мухамед Бабыр. Ол қазіргі Өзбекстанның Әндіжан қаласында туып өскен. Кейін Кабул аймағын билеп, Үндістанда Ұлы моғол империясының негізін қалаған. Бабыр әулеті Үндістанда ағылшынар жаулап алғанға дейін 300 жылдай билік құрды.

Бабырдың жоғарыда аталып өткен еңбегінде Алматы қаласының ертеректе Алмату деп аталғандығы және ол қаланың монғол шапқыншылығы кезінде қирап қалғандығы айтылды. Сол сияқты Алмату жөнінде қазақ тарихшысы Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты шығармасында да деректер келтірілген. Бір қызығы Бабыр мен Мұхамед Хайдардың аналары апалы-сіңілісі болған.

Алмату немесе Алматы атауы «алма өсетін тау» деген мағынаны білдіреді. Е.Қойшыбаев деген ғалымның пікірінше «ту» лексемасы көне түркі тілінде «тау» деген мағынаны білдірген. Кейін ол ұсақ трансформацияның әсерінен «ты» формасында қолданылады.

1979, 1990 жылдары Алматыдағы шекарашылар учелищесінің аумағында күміс теңгелер табылған. Ғалымдар оны зерттеп, Жетісу өңірінде XIII ғасырда теңге сарайы болған деген болжам айтты. Теңгелерде теңге сарайының аты Алмату деп көрсетілген. 1854 жылы көне Алмату қаласының орнына Верный бекінісі салынды. 1921 жылы Верный қаласы Алма-Ата деп аталды. Ал 1993 жылы ҚР-ның Конституциясына сәйкес қала өзінің тарихи атымен Алматы деп аталды.


5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Захирадин Мухамед Бабыр кім?

Бабырдың еңбегінде көне Алматы туралы қандай дерек келтірілген?

Мұхамед Хайдар Дулати деген кім?

Алматы қаласының атауы туралы Е.Қойшыбаев қандай пікір айтқан?

Қазіргі Алматының аумағында қандай көне заттар табылған?

Верный бекінісі қашан және қайда салынған?

Бұл бекіністің аты кейін қалай өзгерген?

Алматы өзінің тарихи атауына қашан ие болды?


6-тапсырма. Аударыңыз. 10-15 сөйлем құрастырыңыз.
Жазба дерек, түркі тілінде жазылған шығарма, «Бабыр нама» атты шығарма, қазіргі, аймақы билек, билік құру, негізін қалау, Бабыр әулеті, жаулап алу, жаулап алғанға дейін, жоғарыда аталып өткен, шапқыншылық кезінде, бір қызығы, апалы-сіңілі болу, әсерінен, Жетісу өңірі, ....деген болжам айту, заңды түрде бекітілу.
7-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, көрсетілген мерзім ішінде Алматы қаласының тарихында қандай оқиғалар орын алғанын жазыңыз.
1979, 1990 жылдары ________________________________________________

XIII ғасырда ______________________________________________________

1854 жылы ________________________________________________________

1867 жылы ________________________________________________________

1921 жылы ________________________________________________________

1993 жылы ________________________________________________________


8-тапсырма. Жоспар құрып, мәтіннің мазмұнын айтып беріңіз.


9- тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
Теміртау
Менің қалам Теміртау. Бұл әсем және таза қала. Ол Орталық Қазақстанның, Қарағанды облысында Нұра өзенінің бойында орналасқан.

Теміртау бүкіл Қазақстанға, ТМД елдеріне өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі, өйткені Теміртау – республикамыздың ірі индустриялды орталығы, еңбеккер даңққа бөленген қала. Теміртаудағы «Миттал Стил» зауыды шойын, болат, агломерат және т. б. өндіреді. Бұл өнімдер Қазақстандағы бүкіл өндірістерді, өнеркәсіптерді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, өзінің өнімдерін 60-тан астам елдерге экспортққа шығарады.

Теміртауда еліміздің елбасы Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев еңбек етті, өндіріске мол үлесін қосты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университетінің қабырғасында білім алды. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров та осы қаладан шыққан.

Теміртауда ҚМИУ, ТПК және т. б. оқу орындары бар. Мұнда нарықтық экономикаға, осы заманға сай, өндірісте қажетті болатын 40-тан астам мамандық түрі бар. Универститет түлектері республикамыздың ірі өндірістерінде мекемелерінде тәжірибе жинап, еңбек сіңіреді. Олар еліміздің экономикасының өркендеуіне, дамуына мол үлесін қосуда.

Теміртау 60 жылға толды. Осы ұзақ мерзім аралығында қалада көптеген өзгерістер болды. 90-шы жылдары егемендігін алған Қазақстан экономикасын көтерген қаланың бірі – Теміртау болды.

Қазір Теміртауда жаңа зәулім үйлер, арнайы спорт кешендері, діни мекемелер салынуда. Теміртау ендігі жылдары көркейеді, өркендейді деп сенемін. Бүкіл теміртаулықтар сүйікті қаласын биік белестерден көруді армандайды.


10- тапсырма. Жоғарыдағы мәтіндерге 5 сұраулы сөйлем құрастырыңыз.
11- тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді теріп жазып, қай шақта тұрғанын анықтаңыз.
12- тапсырма. Мәтіндегі септік жалғауында тұрған сөздерді талдау жасаңыз.
13 -тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимін табыңыз.

1) әсем – _________;

2) ел – _________;
3) қала – _________;

4) көркеледі – _________;
5) мерзім – _________;

6) тұңғыш – _________;

7) бұл – _________.

8)Теміртау қаласы туралы әңгімені толықтырыңыз.

8-сабақ
Нақ осы шақтың күрделі түрі

(сложная форма настоящего времени)
Глаголы отыр, тұр, жүр, жатыр употребляется не только для образования простой формы настоящего времени, но и еще как вспомогательные глаголы, которые указывают на лицо, число и время: Например: Мен жазып отырмын «Я пишу» (I лицо, ед.ч., наст.вр). Олар жазып отыр «Они пишут» (III лицо, мн.ч,наст.вр).

Сложная форма настоящего времени образуется при помощи неизменяемой формы деепричастия смысловых глаголов и вспомогательных глаголов отыр, тұр, жүр настоящего времени.

Деепричастие образуется путем прибавления к корню глагола суффиксов –ып/-іп/-п. (Если корень оканчивается на согласный –ып/-іп; на гласный -п). Например: жаз-у – жаз –ып, кел-у – кел –іп, сөйле-у –сөйлеп.

1- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сен не оқып отырсың? 2.Балалар бөлмеде ойнап отыр ма? 3.Олар не көріп отыр? 4.Сіздер сөйлеп отырсыздар ма? 5.Сен маған не беріп отырсың?
2- тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Мұғалім келе жатыр ма? 2. Самат не әкеле жатыр? 3. Сіздер не апара жатырсыздар? 4. Мен дәптер әкеле жатырмын ба? 5. Студенттер бара жатыр ма?
Пікірсайыс. Рольдік ойындар.

Дәрігерде

А: - Кіруге рұқсат па?

Д: - Әрине, рұқсат. Кіріңіз.

А: - Сәлеметсіз бе?

Д: - Сәлеметсіз бе? Мен сізді тыңдап отырмын. Қай жеріңіз ауырады?

А: - Менің асқазаным немесе бауырым ауыратын сияқты. Тамаққа тәбетім жоқ, жүрегім айниды.

Д: - Ой, жігітім, бұл жарамайды. Асқазанмен ойнауға болмайды. Тамақты уақытында ішесіз бе?

А: - Мен әдетте сабақтан соң тамақтанамын. Асханада тамақ кейде ыстық, кейде суық болады.

Д: - Бұл, әрине, дұрыс емес. Қане, шешініңіз, бауырыңызды қарайын.

А: - Қазір, көйлегімді ғана шешемін бе ?

Д: - Иә. Меніңше, сіздің бауырыңыз үлкейген сияқты. Мына жеріңіз ауыра ма?

А: - Ой, бұл жер қатты ауырады. әсіресе, тамақтан соң ауырады.

Д: - Сізге жақсылап тексерілу керек. Алдымен анализдер тапсыру керек. Сонан соң мен сізге УЗИ-ге талон беремін. Ол жерде асқазан, бауырыңызды тексереді. Маған анализдер мен УЗИ-дің қорытындысын әкелесіз. Содан кейін сізді емдейміз. Ал қазірше мына дәрілерді іше тұрыңыз.

А: - Жақсы, онда мен қазір дәріханаға барамын, дәрілерді алайын. Ал ертең таңертең анализдерді тапсырып, УЗИ-ге барамын. Сізге рахмет, сау болыңыз.

Д: - Сау болыңыз.


Жаңа сөздер

Тексерілу – обследоваться

Тапсыру – сдавать (экзамен, анализ)

Тәбет – аппетит

Тексеру – обследовать, проверить

Қорытынды – результат


Ситуативтік тапсырма
Сіз бір аптадан бері түнде нашар ұйықтайсыз. Тамаққа тәбетіңіз де нашар. Басыңыз айналады, деніңіздің қызуы 36-37 градус, ол түспейді. Сіз бүгін дәрігерге келдіңіз. Дәрігерге ауруыңыз туралы айтасыз. Ол кісімен әңгімелесесіз. Сіз дәрігерге осыны қысқаша қалай жеткізесіз ? Дәрігерге қандай сұрақтар қоясыз?

9-сабақ
Ауыспалы осы шақ



(настояще-будущее (переходноое) время)
В казахском языке имеются 2 формы настоящего времени: 1)собственно-настоящее время (о чем мы уже говорили) и 2переходное (настоящее-будущее) время.

Переходное настоящее-будущее время в зависимости от контекста может обозначить и настоящее, и будущее время. Например: Құстар ұшады «Птицы летают». Ол ертең ұшады «Он завтра улетает».

В русском языке встречаются примеры, когда настоящее время употребляется в значении будущего, когда говорящий высказывает уверенность в том, что действие обязательно произойдет. Ср.рус. Завтра он летит в Москву. Я завтра выступаю на собрании.
1.Настояще-будущее (переходное) время в казахском языке образуется путем прибавления к корню глагола суффиксов деепричастия –



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет