2-тапсырма. Мәтінді оқып, жаңа сөздермен жұмыс жасаңыз.
Қазақ тілі
Қазақ тілі туралы орыс зерттеуші - ғалымдары В.В.Радлов: "Қазақтардың тілі — жатық та шешен, әрі өткір"- десе, П.М.Мелиоранский: "Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бірауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі ең бай тіл деп куәландырып отыр", - деген.
Расында да, қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жататын бай да көркем, көне тілдердің бірі. Қазақ тілінен басқа түркі тілдерінің тобына: әзербайжан, қырғыз, өзбек, татар, түркімен, чуваш, қарақалпақ, түрік, башқүрт, якут (саха), тува, хакас, алтай, құмық, қарашай, балкар, гагауз, үйғыр тілдері жатады.
Түркі тілдерінің тобына көне қыпшақ-ноғайлы тобын: қазақ, ноғай, қарақалпақ, қарашай, балкар, қырғыз, татар, башқұрт, құмық тілдері жатады.
Түркі тілдерінің туыстығы олардың лексикалық мағыналарынан, дыбыстық жүйелерінен, грамматикалық құрылыстарынан байқалады. Сонымен қатар түркі тілдерінің өзіндік фонетикалық, лексикалық, грамматикалық өзгешеліктері де болады. Мәселен:
Басқа түркі тілдерінде сөз басында И дыбысы келетін жерде, қазақ тілінде Ж дыбысы айтылып жазылады. Мысалы: иол-жол, иаш-жас, йыл-жыл.
Басқа түркі тілдерінде сөз басында Ш дыбысы келетін жерде, қазақ тілінде С дыбысы айтылып жазылады. Мысалы: баш-бас, таш-тас.
Басқа түркі тілдерінде -ЛАР көптік жалғауы дыбыс үндестігіне байланысты өзгермейді, ал қазақ тілінде бұл жалғау -ЛАР, -ЛЕР, -ДАР, -ДЕР, -ТАР, -ТЕР болып өзгереді. Мысалы: атлар-аттар, иыллар-жылдар.
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Орыстың зерттеуші-ғалымдары қазақ тілі туралы қандай пікір айтқан?
Қандай тілдер Түркі тілдері деп аталады?
Түркі тілдерінің қыпшақ-ноғайлы тобына қандай тілдер жатады?
Түркі тілдерінің туыстастығын неден байқауға болады?
Қазақ тілінің өзге түркі тілдерінен қандай айырмашылығы бар?
Достарыңызбен бөлісу: |