1-Сабақ Көптік жалғаулар 6


-тапсырма. Төмендегі сөздерді сөз құрамына қарай талдаңыз. Экономикалық, ұлттық, мемлекеттік, әлемдік, кандидаттық. 7-тапсырма



бет15/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

6-тапсырма. Төмендегі сөздерді сөз құрамына қарай талдаңыз.

Экономикалық, ұлттық, мемлекеттік, әлемдік, кандидаттық.


7-тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, қай шақта тұрғанын анықтаңыз.


8-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз.



  1. ҚМИУ- ........кафедрадан тұратын оқу орны.

  2. ҚМИУ-.........студент оқиды.

  3. ҚМИУ-қарамағында ....... факультет бар.

  4. Университетте қазіргі заман талабына сай ....... жұмыс істейді, оның қорында .......... мыңнан астам оқулық, оқу әдістемелік, қазақ, орыс және шетел тілдеріндегі әдебиеттер кіреді.



9-тапсырма. Төмендегі сөздерді тәуелдеңіз.
Оқулық, мамандық.
10-тапсырма. Кестені толықтырыңыз.


Экономика
Менеджмент
ҚМИУ Есеп және аудит
мамандықтары Автоматтандыру және басқару
жүйесі


11-тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді теріп жазып, қай түрінде тұрғанын анықтаңыз.
Үлгі: 1963 жылы – реттік сан есім.
7-сабақ

Етістіктің осы шағы


(настоящее время глагола)

В казахском языке имеются 2 формы настоящего времени: 1)собственно-настоящее или очевидное настоящее время; 2)переходное настоящее время. О нем мы поговорим по - позже.


Собствнно-настоящее время имеет 2 формы: простую и сложную. Простая форма образуется только от четырех глаголов: отыру «сидеть», жату «лежать», тұру «стоять», жүру «идти, ходить».


1-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.


Астана

1822 жылы Александр I Сібір қырғыздары туралы жарғы қабылдайды. Осылайша әкімшіл патшалық реформамен қазіргі Қазақстанның тарихы басталды. Ақмола аймағында көшіп-қонып жүрген орта жүз жаңадан құрылған Омбы облысы құрамына енгізіліп, әкімшілік аймақтарға, болыс, ауылдарға бөлінді. 1829 жылы Орта жүздің билеушісі Семеке ханның шөбересі Қоңырқұлжаев Құдайменді орыс басшысына қарамағындағы ауылдарды қарақшылардың шабуылынан құтқарып, Қарпық және Қуандық болыстарын құру туралы өтініш жасайды. Көп ұзамай-ақ Ақмола бекінісін салу туралы шешім қабылданды. 1830 жылдың 28-мамырында құрылысқа Петропавлдан құрамында екі жүз адамы бар Ф.К.Шубиннің тобы шықты. Ол жазда Қоңырқұлжаев Құдайменді сұлтан ауылымен Қараөткел маңайында көшіп жүрген болатын. Ф.К.Шубиннің тобы осы төңірекке келіп, Нияз бидің кесенесінің айналасына бірінші болып шатыр тікті.


Ақмола халқы біртіндеп өсе бастады. 1869 жылдың өзінде бұл жерде 5122 адам өмір сүрді. Ал 1910 жылы түрлі ұлт өкілдерінен тұратын қала тұрғындары 13000-ға жетті.
Кешегі күнге дейін Матвей Кубриннің сауда үйі сақталып келді. Қазір ол жерде «Астана» дүкені орналасқан, Қазақстандағы Украина елшілігі орналасқан.
Қала жүз отыз жыл бойы Ақмола боп аталып келді. Бұл – ежелгі қала да, үлкен қала да емес. Бүгінде көне көз қарттардың Ақмола, Целиноград, Астана қалаларын салыстыру мүмкіндіктері бар. Бәрін де сандармен суреттеуге болады. 1890 жыл – 5 640 адам, қала бюджеті – 16 000 рубль; 1912 жыл – 14 765 адам, қала бюджеті – 56 242 рубль; 1939 жыл – 32 000 адам; 1960 жыл – қала бюджеті 37 миллион 227 мың рубльді құрады. Он тоғызыншы ғасырдың аяғында Ақмолада жиырма бес орындық бір ғана стационар болса, ал 1964 жылы Целиноградта 350 дәрігер жұмыс істеді. Шағын ғана қалаға су құбыры мен бу жылу жүйесі кештеу келді. Су қала тұрғындары үшін зәру болатын, әрбір адамға тиесілі тәуліктік норманың 12 пайызы ғана тиетін. Вокзалдың жанындағы кішкентай барактар қыстың күні балалардың қуанышына айналатын. Тура шатырынан шанамен сырғанауға болатын. Бүгінде ол жерде «Дәулет» дүкені орналасқан. 
Ақмола тарихының келесі бір кезеңі – тың жерлерді игеру жылдары. Бүкіл одақтың жастары Никита Сергеевич Хрущевтің орасан күрделі ойын іске асыру үшін, жолға шықты. 1954 жылдың екінші наурыз дұрыс екен еріктілердің бірінші эшалоны Алматыдан, ал бесінші наурызда Мәскеуден келді. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, 1953-1958 жылдар аралығында Ақмола облысына 270 мың адам келген. Олардың біразы осы аймақта мәңгілік қалып қойды да. Бұл жылдары Ақмола облысы елдің ең маңызды аймағына, ауылшаруашылық машина құрылысы орталығына айналды. 1953-56 жылдары облыс бойынша 3,5 миллион га тың жер игерілді. Бұл қаланың дамуына үлкен әсер етті. 1960 жылдың 26-желтоқсанында тың игеру өлкесін құру туралы жарлық шықты. 1961 жылы аты Целиноград болып өзгертілді.
1994 жылдың алтыншы шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы Қаулы шығарды. Бұған қаланың геосаяси жағдайы, көлік және телекоммуникация құрылымы, астана өркендеуі үшін жеткілікті бос жердің болуы себеп болды. Қазақстанның 319 мың тұрғыны бар қаласы елдің елордасына айналды. 1997 жылы қаланың ауданы 258 шаршы шақырым болса, бүгінде Астана 710,2 шаршы шақырым жерді алып жатыр.
1998 жылдың алтыншы мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің Қаулысы бойынша Ақмола атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астанаға медаль және «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді. Бүгінде Астана – саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша түрлі кездесулер өтетін Еуразия кеңістігінің орталығы болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет