Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
1-тапсырма:
Көнекөз қариялардың әңгімелерін тыңдап, отбасылық тарихи жәдігерлер туралы естелік әңгіме дайындаңдар.
|
Дескриптор:
-Әңгіме дайындайды
Жалпы – 5 балл
|
Оқулық
|
Жұптық жұмыс.
|
Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді.
|
2-тапсырма:
Мәтінді оқыңдар. Тарихи жәдігерлер туралы таныстырылым дайындап, сыныпта талқылаңдар.
|
Дескриптор:
- Мәтінді оқиды
-Талқылайды
Жалпы- 5 балл
|
Оқулық
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
|