8.Ұйымдастыру кезеңі: 6 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру : 26 мин (30%)
Жоспар:
- Жады және назар
- Ойлау.Тіл.Интеллект
Ойлау-құпиясы мол дүниені әр қырынан тануға, мәселені тереңнен түсінуге мүмкіндік беретін аса күрделі жан қуаты.Сөйлеумен тығыз байланысқан ойлау да ми қызметінің нәтижесі. Ойлау-сұраққа жауап қайтарудан,мәселені шешуден.оның мәнісіне түсіне білуден жақсы байқалады. Ойлану-түрлі тәсіл, амал-операциялардан тұрады.Олар анализ, синтез, жалпылау,нақтылау, абстракциялау, жүйелеу. Ойдың бастапқы формасы-ұғым. Бұл-заттар мен құбылыстардың елеулі белгілері туралы ой. Ойлаудың күрделі формасы-ой қорытындылары. Бұларда бірнеше пікірлерден жаңадан бір пікір туындайды. Ой қорытындылары дедукция, индукция, аналогия болып үшке бөлінеді. Ойлау қашанда белгілі қажетке байланысты адамға белгісіз жәйтті іздестіруден тұрады.
Ойлау қоршаған ортаны ми арқылы бейнелеудің жоғарғы түрі,тек қана адамға тән ерекше күрделі танымдық психикалық үрдіс.ойлау бұл ерекше дәл,терең,толық жалпы және жанама түрде шындықты бейнелеуге,негізінен біздің түйсінуіміз бен қабылдауымызға мүмкін болмайтын заттар мен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастарды бейнелеуге бағытталған сананың қызметі.Біз қабылдауымыз бен түйсіктеріміз арқылы танып білуге болмайтын заттар мен құбылыстардың ішкі мәні мен заңдылықтарын тек қана ойлау арқылы танып білуге болады.Ойлау барлық жерде де қажет,онда қорытынды жасау арқылы біз жасырын,қабылдауға мүмкін болмайтын заттардың қасиеттері мен арақатынасын табамыз.Сонымен,ойлаудеп қоршаған дүниедегі заттар менқұбылыстарды жанама және жалпы сөздік түрде бейнелеу үрдісін айтамыз.
Адамның жан қуаттарының ішінде зейін мен ес ерекше орын алады. Зейін – адам санасының көптеген обьектілерінің ішінен біреуін бөліп алып, сананың бір бөлігін арнайы бағытталуы мен шоғырландыруы. Адам ерік жігері мен зейін салып жұмыс істеген жағдайда да оның ойы бөлініп, басқа обьектілерге де бөлініп отырады. Зейіннің бірде әлсіздене, бірде күшейіп тұруын оның толқуы дейді. Зейінін дұрыстап ұйымдастыра алмайтын, назары әр нәрсеге тез ауып кете беретін адамдар да кездеседі. Зейінділіктің бірінші белгісі адамның іске кең түрде қызығушылығы. Ештеңеге қызықпайтын адамның зейіні нашар болады. Зейіндегі кемістіктерді жою үшін адам тиісті жаттығу жұмыстарын жүргізбесе болмайды. Адам өзінің есте сақтау қабілетіндегі мүмкіндіктерінің 10 пайызын ғана пайдаланады. Есте қалдырудың сапасы дұрыс қайталай алуға да байланысты.
Ойдың бастапқы формасы – ұғым. Ойлау қашанда белгілі қажетке байланысты адамға белгісіз жайтты іздестіруден туындайды. Адамның ойлау мәдениеті бірден жетілмейді. Ойлау, ой, ойлану ұғымдары - әрқайсымыз жиі айтатын ақыл деген сөздің синонимі.Адамның білімі неғұрлым жоғары болса, оның интеллект деңгейі де соғұрлым биік болады. Терең пайымдау, қорытынды жасау, кемел ес, нәзік талдау мен шебер жинақтау арқылы адам өз интеллектісін жоғары дәрежеде көрсете алады. Интеллектінің қарқынды дамуы балалық және жастық шақтан басталады. Интеллект пен ойлау тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |