Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы ,ұрыс кезіндегі ,әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы пихологиясымен шұғылданады.Әскери психологияның маңызды міндеті-әскери оқу мен тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады.
Патологиялық психология адамдардың нормальді психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі формаларын, нормальды психикалық қызметінің бұзылуының әр түрлі ауытқуларын зерттейді.Психологияның бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология/психикалық дамудың мидың туа біткен ақауларына байланысты патологиялық жағдайларын тексереді/,тифлопсихология /соқыр немесе нашар көретін адамдардың психологиясын зерттейді/,сурдопсихология/есту қабілетінің бұзылуымен байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді/бар.
Психологияның зерттеу әдістері
Психология ғылымында кейіннен негізгі әдістерге бақылау және эксперимент жатады. Сонымен қатар психологиялық жеке әдістер де қолданылады: әңгіме әдісі, анкеті әдісі, іс-әрекет нәтижесі мен үрдісін талдау, тест әдісі.
Бақылау әдісі
Бақылау әдісі – әр түрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Ескеретін мәселе, бақылау жүргізілген кезде сол қадағалау нысаны болып отырған адам бақылау жүргізіліп жатқанын білмеуі керек, егер сезген жағдайда шынайылық жоғалады. Психологиялық зерттеулердің табиғилығын сақтау-бақылауға қойылатын бірінші талап. Бақылау әдәсәне қойылатын екінші талап – бақылау үнемі мақсатты болуы қажет, яғни зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқын қойылуы керек. Бақылау әдісіне қойылатын үшінші талап – оның нәтижесін тіркеу. Негізінен әртүрлі техникалық құралдар (бейнекамера, фотокамера, т.б.) жазбалардың түрлері (стенограммалар, хаттамалар, бақылау күнделіктері т.б.). Психологияның негізгі әдістерінің бірі – эксперимент.
Достарыңызбен бөлісу: |