1-сабақ СӨзжасам. ТҮбір мен қосымша 1-жаттығу


-САБАҚ СӨЗЖАСАМ. ТҮБІР МЕН ҚОСЫМША



бет2/56
Дата06.02.2022
өлшемі1,48 Mb.
#37132
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
1-САБАҚ
СӨЗЖАСАМ. ТҮБІР МЕН ҚОСЫМША
1-жаттығу. 1. Мәтінді оқып шығып, мазмұнда.
Павлодар облысы - 1938 жылғы қаңтар айында құрылған. Облыс орталығы – Павлодар қаласы, ол Қазақстанның аса ірі өзені болып табылатын Ертіс жағасында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстікте – Ресей Федерациясының Омбы, солтүстік-шығыста – Новосібір облыстарымен, шығыста – Алтай өлкесімен, оңтүстікте – Қазақстан Республикасының Шығыс-Қазақстан және Қарағанды облыстарымен, батыста – Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарымен шектесіп жатыр.
Археологиялық зерттеулер Ертіс өңірінде тарихқа дейінгі кезде адамдар саны көп тайпалар өмір сүргенін көрсетеді. Ежелгі адамдардың тұрақтау іздері Баянауыл ауданында, Ертіс өзенінің жиегінде табылды. Тастан жасалған қарулар, жебелер мен найзалардың кремнийден жасалған ұштары табылды. Мыңжылдықтар өз кезегімен өтіп жатты, Ертіс өңірінде тұрып жатқан түрлі тайпалардың мәдениеті өзгеріп отырды. Бұнда қимақтар, үйсіндер, қаңлылар, наймандар көшіп жүрді.


Тапсырма: 2. Мәтінді көшіріп алып, түбір сөздердің астын сыз. 3. Қай сөз табына жататынын сұрақ қою арқылы ажырат. 4. Жұрнақ пен жалғауды қалай айырасың, бір-бірінен ерекшелігі неде? Мәтіннен мысал арқылы дәлелде. 5. Өз ауылыңның (аудан, қала) тарихи атауына байланысты мағлұмат жина.

2-жаттығу. 1. Баянауыл өңірінен шыққан қандай атақты адамдарды білесің? Олар неліктен танымал? Мәтінді мәнерлеп оқы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет