Баянауыл жері – көптеген ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлердің Отаны. Бұл даңқты Бұқар жыраудың, Шоң бидің, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы және жиырмасыншы ғасырдың басындағы композитор Жаяу Мұса Байжановтың, алғашқы қазақтан шыққан тарихшы, ағартушылардың бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтың және қазақ әдебиетінің классигі, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, тағы басқа зиялылардың Отаны.
Баянауылдан 30-дан аса ғылым докторы және 200 ғылым кандидаты шыққан. Олардың арасында геолог ҚазССР ғылым академиясының тұңғыш президенті, Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың орны ерекше.
Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқан академиктер – Ш.Шокин, А.Х.Марғұлан, ғылым докторлары – Әбікен Бектұров, Ермұхан Бекмаханұлы, С.Бейсенбаевтар, т.б. баянауылдық ақын-жазушылар Ж.Аймауытов, Д.Әбілев, З.Шашкин, З.Ақышев, Қ.Исабай, хылық артистері Ш.Айманов, К.Кенжетаев, алғашқы қазақ режиссері Ж.Шанин, т.б. кеңінен танымал.
Тапсырма: 2. Баянауыл тұлғаларына кімдер жатады? Олар жайлы естуің бар ма? 3. Мәтінде асты сызылған сөздердің себебін түсіндір. Асты сызылған сөздердің құрамын ажырат. 4. Белгілі бір ақынның ұнатқан өлеңін жатқа айт. 5. Өзіңнің туып-өскен жеріңде қандай атақты адамдарды білесің? Ол несімен атақты? Болашақта кім болуды армандайтының жайлы ой бөліс.
Достарыңызбен бөлісу: |