Реферат пәні: Қазақ әдебиетінің тарихы Тақырыбы: Қазақ балалар әдебиеті, дамуы, көркемдігі



бет1/6
Дата18.01.2023
өлшемі33,8 Kb.
#165858
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Балалар әд
Емтихан сұрақтары Мектеп жасына дейінгі МШБ оқыту және тәрбиелеу 2021 кыскы сессия для 4 курсов дефектологии

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

РЕФЕРАТ

Пәні: Қазақ әдебиетінің тарихы
Тақырыбы: Қазақ балалар әдебиеті, дамуы, көркемдігі

Орындағандар:Сапарбек Ұлжан


Жүнісбек Айым
Қалдыкөз Гүлсамал
Нысанбаева Мөлдір
Тобы:1701-29
Қабылдаған:Сапарбаева Қарлығаш
Шымкент – 2022

Жоспар:
I.Кіріспе бөлім
II.Негізгі бөлім
1.Қазақ балалар әдебиетінің 30 – жылдары зерттелуі
2.Қазақ балалар әдебиетінің 50-60 – жылдары зерттелуі
3. Қазақ балалар әдебиетінің 70- жылдан кейінгі зерттелуі
4. Қазақ балалар әдебиетінің тәуелсіздік жылдарындағы зерттелуі
III.Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе
Әдебиеттегі кез келген саланың өзіндік ерекшеліктері бар.Соның ішінде қазақ әдебиетінде балалар әдебиетінің өзіне тән ерекшелігі, тілі, бағыты бар.Балалар әдебиетін жазу барысында басты мақсат ретінде педагогикалық мақсат қойылады.Осы мақсатқа сәйкес ерекшеліктері қалыптасады.Балалар әдебиетінің негізгі ерекшелігі – бала тіліне лайықтап жазылуында, екінші ерекшелігі – тәрбиелік мәнінде, үшінші ерекшелігі – қызықты тақырыбында, төртінші ерекшелігі- балалардың жасына сай юмордың болуы, бесінші ерекшелік- шығарманың қысқа-нұсқа болуы басты ерекшеліктер қатарына жатады.Шығарма балаға қызықты болуы керек.Ол үшін шығарма бала тілінде жазылып, логикаға сай жазылуы тиіс.Бала өміріндегі кішкентай бірақ маңызды тақырыптар жайында өлеңдердің жазылуы тиіс.Әдебиет тәрбие құралы болғандықтан жоғарыда айтып кеткен ерекшеліктерге баса назар аударуымыз қажет.Балалар әдебиетіне кез келген ақын-жазушы бара бермейді.Себебі, күрделі жанр.Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы.Кез келген сұрағына жауабы болуы тиіс.Қолды қалай жуудан бастап, ата-анасын сыйлауға дейін жазылатын әдебиеттің энциклопедия саласы.Бұл салада баланың ойлау деңгейі, жасы басты назарға алынады.Жалпы әдебиеттің 1917 мен тәуелсіздік жылдарындағы әдебиет қазақ балалар әдебиетінің дамуына едәуір ықпал етіп, көптеген әртүрлі шығармалар жазылды.Адам әртүрлі болғасын, ақын-жазушылардың шығармалары сан түрлі болды.Бұл салада қалам тартқан ақын-жазушылардың өзіне тән ерекшелігі тақырыппен, жанрмен, көлемімен, идеясымен ерекшеленді.Бөліп қарастырған әрбір кезеңнің өзіне тән ерекшелігі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет