Реферат пәні: Қазақ әдебиетінің тарихы Тақырыбы: Қазақ балалар әдебиеті, дамуы, көркемдігі


Қазақ балалар әдебиетінің 70- жылдан кейінгі зерттелуі



бет4/6
Дата18.01.2023
өлшемі33,8 Kb.
#165858
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Балалар әд
Емтихан сұрақтары Мектеп жасына дейінгі МШБ оқыту және тәрбиелеу 2021 кыскы сессия для 4 курсов дефектологии
3. Қазақ балалар әдебиетінің 70- жылдан кейінгі зерттелуі
Қазақ балалар әдебиетінің ең қаулап дамыған кезі - 1970-1980 жылдар. Бұл жылдарда балаларға және жастарға арналған шығармаларды жариялайтын "Жалын" баспасы ашылып, баспаның жанынан республикалық жабық әдеби конкурс өткізіліп, балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне айрықша әсер етті. Осы жылдары жазылған М. Әлімбаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, т.б. өлеңдері нақтылығымен, оқиғалығымен, танымдық мәліметтердің молдылығымен балалар үшін бағалы базарлық болды.

Қазақ балалар әдебиеті - өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.


Көркем әдебиеттердегі баланың, яғни кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар.

Балалар әдебиеті қамтитын тақырыбы, айтар ойы, сюжет желісі мен сөз қолданысы, көркем бейнені көрсетуі жағынан өзіндік стильге ие. Әрбір адамның сәби шағы, бала кезі – оның бүкіл саналы ғұмырындағы азаматтық тұлғасын қалыптастыруда қандай маңызды роль атқарса, бүлдіршін балғындардың ой-санасы мен таным түсінігін дамытып, оған әлеуметтік өмір мен рухани әлемді таныстырып, танытатын – балалар әдебиеті. Сондай-ақ бала түсінігі, оның күнделікті өсу, даму кезеңдері үшін қажетті тағылым көзі, жеке тұлға ретіндегі ертеңгі рухани адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін қалыптастыратын өмірдің бір түрі қызметінде де мәнді.

«Қазақ балалар әдебиетінің хал-жағдайы қандай?», « Балалар әдебиетіне қаншалықты мән береміз?» деген сұрақтар мазалайды. Бұрынғы заман заманымен, қазіргі таңда да балалар әдебиеті кеш дамып, мардымсыз адымдап, кенжелеп өсіп келе жатқан салалардың бірі екендігі ақиқат. Дегенмен қозғалыс бар, өзіндік дауысы шығатын балалар әдебиетіне көптеген ғалымдарымыздың да барынша ат салысып жатқандығын айтуымызға да болады. Солардың бірі Қадыр Мырза-Әлі.

Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Қадыр шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Қадыр Мырзалиевтың поэзиясы сан қырлы. Олар адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, соғыс қаупінен бастап, туған табиғатқа деген немқұрайлыққа дейінгі барлық әлеуметтік келеңсіздіктерге ашынады.

Ол лирика, поэма, драма, эссе, афоризмдер, ғибратты мөлтек әңгімелер,әдеби сын, аудармалар және балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты.

«Қазақ поэзиясында осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса - бірі, біреу болса өзі -Қадыр Мырзалиев...Қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музыкасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері бар: Қадыр лирасының сыңғыры бөлек, сыры терең»,-деп баға береді академик Зейнолла Қабдолов

Өзінің ақындық ғұмырында көптеген жыр кітаптары мен тамаша аудармаларды оқырман қауымға ұсынып, қазақ балалар поэзиясын өркендетуге үлкен үлес қосқан көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлі сонау жас кезінен бастап кез келген көркем шығарманы сыдыртып оқып шығуды қаламапты. Өйткені талғамы биік болашақ ақын көркем шығармалардың ішінен өзінің «тісі бататындарын» ғана іріктеп оқып, одан өзіне қажетті ой түюге бейімделіпті.

Қазіргі «Ұлан» (бұрынғы «Қазақстан пионері») газеті мен қазіргі «Ақ желкен» (бұрынғы «Пионер») журналынан бастау алған балаларға арналған кішігірім он шақты кітап шығарған. Ең алғашқы «Ой орманым» шыққанша балалар әдебиетімен айналысқан ақын балалар әдебиетінің өркендеуіне айтарлықтай үлес қосты.Қадыр Мырза Әлінің өз сөзіне назар аударсақ: «балалар әдебиетінен екі нәрсе таптым, біріншіден, өзімнің әдеби өрісімді таптым. Екіншіден, балалар арқылы өзімді өзім таптым» деген екен. Орыстың ұлы жазушысы Максим Горькийдің: «Ең қиыны - балаларға арнап жазу» дейтіні бар. Балаларға арнап жаза алсаң, кез келген жанрда жаза аласың.


Баланың тілін тапсаң, дүниенің тілін табасың дегендей. Қадыр ақынның балалар әдебиетімен айналысуы, алдымен, мұқтаждықтан туған. Екіншіден, «балалар әдебиеті» деген ұғым ол заманда қазақта шынымен де жоқ еді.Жаңа тақырып, жаңа ізденіс.

Қадыр ақынның балаларға арналған «Жаңғалақтар», «Кішкене Қожанасырлар», «Данышпан», «Ноян қоян», «Алуан палуан», «Сабақ» сынды кітіптары бар. Барлығы да ақындық жолының бастауы, негізі деуге болады.

Балалар әдебиетіне зор үлес қосу, балалар тілін сезіну, бала санасына кіру, «бір мезеттік бала болу» әркімнің қолынан келер шаруа емес. Орақ тілді, от жүректі Қадыр ақынның шығармашылығында балаларға базарлықтар өте көп. Күнделікті оқиғалар, қызықты жайттарды, қарапайым жағдарлардың барлығығын балғын тілдік нормага негіздеп, үлкен шеберлік танытқан. Мәселен:

Көзім түсті апамның


Көзіндегі жасына.
«Белгісі ме қапаның?»
Деп келдім мен қасына
Сұрамақпын,білмекпін
Жанына не батқанын.
Байқамаппын, көрмекпін,
Пияз турап жатқанын.

Өлең түсінікті жеңіл орамдармен, балаларға қызықты тілмен жеткізілген. Қара өлең негізінде жазылған, көркемдеуіш құрал жоқ, жеңіл оқылып, тез сіңіріледі. Өлең бастамасы ой қалдыру, сұрақ туындату мәселесінен басталып, оқушыны бірден ойға қалдырары хақ. Артынша, сол түйіннің шешімін тез, жеңіл шешіп тастаған.


Қарап тұрсақ, күнделікті, қарапайым тілмен жазылған, жеңіл сіңімді туындылар. Балаға таныс оъектілерді, ой орамына салып, жұмбақтар туындатқан. Жалпы Қадыр ақынның ақындық тұлғасының дәрежесінің сомдалуына, терең сырлы, сан қырлы болып қалыптасуында балалар әдебиетінің үлесі зор. Соның ішінде ой иірімдерін, сөз қиысуына аса зор мән берілетін жұмбақтардың ролі ерекше.
Қадыр атамыз көптеген мысалдар жазған, әр мысалдың күрделі астары,терең сырыбар, түп тамырында үлкен философиялық ой жатырған ірі туындылар десемде қателеспеспін.
Қадыр ақын пайым деңгейі жоғары, тілі қанық, жатық, өзіндік бояу реңкі, яғни стилі бар дарынды ақын. Афоризмге айналған әрбір сөзі көкірегіңе жылы тиіп, ақындық ерекшелігін сезіндіріп отырады. Ақынның зертеуді қажет ететін әдебиеттің бір саласы балалар әдебиетіне қосқан үлесі зор. Бір сатыға жоғарлатып, бір деңгейге көтергені анық. Бұл ақынның тек бір ғана қыры.
«Менiң ұққаным, Қадыр Мырза Әли — өлеңдегi ой орманы.
Менiң ұққаным, Қадыр Мырза Әли — ұлттың ұлы ақыны».
Балалар әдебиеті жайында балалар ақыны Қ.Баянбай былай дейді: “Балалар әдебиеті барша әдебиеттің бастауы болуы керек. Балалар әдебиетіне қатынаспаған жазушылар жақсы дүниелер тудыруы мүмкін. Бірақ балалар әдебиетін парақтамаған жазушының бір кемшілігі сезіліп тұрады. Горькийдің балалар жазушысы өзге жазушылардан да сапалы жазуы керек дейтін сөзі бар. Шынында әдебиеттің қайнар бастауы, әрі балаларды әдебиетке әкелетін шығармалардың сапасыз болуға хақысы жоқ” [5]. “Балалар әдебиеті меніңше, барлық әдеби, мәдени ой-санамыздың қалыптасуына тұңғыш ықпал ететін бастау дер едім. Әдебиеттің бастауы фольклор десек, осы фольклордың негізі бесік жырынан басталады. Тақпақ, санамақ, өтірік өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш мұның бәрі үлкен әдебиетке жол салатын балалар әдебиетіне жатады.”



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет