1-сабақ СӨзжасам. ТҮбір мен қосымша 1-жаттығу



бет2/8
Дата28.01.2018
өлшемі1,48 Mb.
#34134
1   2   3   4   5   6   7   8

Баянауыл тұлғалары


Баянауыл жері – көптеген ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлердің Отаны. Бұл даңқты Бұқар жыраудың, Шоң бидің, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы және жиырмасыншы ғасырдың басындағы композитор Жаяу Мұса Байжановтың, алғашқы қазақтан шыққан тарихшы, ағартушылардың бірі – Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтың және қазақ әдебиетінің классигі, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, тағы басқа зиялылардың Отаны.

Баянауылдан 30-дан аса ғылым докторы және 200 ғылым кандидаты шыққан. Олардың арасында геолог ҚазССР ғылым академиясының тұңғыш президенті, Лениндік және мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың орны ерекше.

Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқан академиктер – Ш.Шокин, А.Х.Марғұлан, ғылым докторлары – Әбікен Бектұров, Ермұхан Бекмаханұлы, С.Бейсенбаевтар, т.б. баянауылдық ақын-жазушылар Ж.Аймауытов, Д.Әбілев, З.Шашкин, З.Ақышев, Қ.Исабай, хылық артистері Ш.Айманов, К.Кенжетаев, алғашқы қазақ режиссері Ж.Шанин, т.б. кеңінен танымал.
Тапсырма: 2. Баянауыл тұлғаларына кімдер жатады? Олар жайлы естуің бар ма? 3. Мәтінде асты сызылған сөздердің себебін түсіндір. Асты сызылған сөздердің құрамын ажырат. 4. Белгілі бір ақынның ұнатқан өлеңін жатқа айт. 5. Өзіңнің туып-өскен жеріңде қандай атақты адамдарды білесің? Ол несімен атақты? Болашақта кім болуды армандайтының жайлы ой бөліс.
3-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, идеясын анықта.

Ұран

Қазағым, қақтықпа, қамалма!

Ел болар қамайды амалда!
Кетті түн, ағып таң, шығып күн
Сал малды, сал жанды аянба!
Мал баққан, жай жатқан ел едік,
Бейнетті көп тартқан ер едік,
Қаны жат, тілі жат, діні жат
Жат елден таяқты жеп едік.
Жатқа жем бай едік, кең едік,
Бағын жоқ биліктен кім едік,
Партия сұрқия, қым-қиғаш,
«Басы аман» көп надан сен едің.
Зарыққан, талыққан шағына
Тап болды бостандық бағына!
Ұйымдас, ұрандас, жағалас!
Сен де мін бабаңның тағына!
Құның жоқ, қорлықта өшіп ең,
Терезең төремен болды тең.
Намыстан, кайраттан қатарға еніп
Басқадан кем болған сенің нең?

Ұраным, қорғаным, сен Алаш!

Жолына кұрмалдық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ат.

Аллалап алға бас, ал Алаш!!!



Ж.Аймауытов

Тапсырма: 1. Туынды сөздерді теріп жаз. 2. «бай», «жай», «ой», «би», «тәрбие» сөздеріне қосымша жалғап, туынды сөз жаса. 3«Алаш» дегенді қалай түсінесің? 4. Өміріңдегі ұстанымың жайылы ойпікір жаз.



4-жаттығу. 1.Өлеңді оқып, түсінгеніңді баянда. И.Байзақовтың айтпақ ойы қандай?

Бүгін

Күн бүгін күндегіден неге нұрлы,


Сөз бүгін неге әдемі, неге сырлы.
Сипаттап ел тұрмысын құйылды сөз,
Түйінді шешпек болып неше түрлі.

Бұл нұрлы сәулеленген баспа күні,


Әлемге ұран сальш шыққан үні.
Баспасөз жұртшылықтың жаққан шамы,
Ескеріп еңбекшілер ұқсын мұны.

Құлдықта жаны езілген жалшы-жарлы,


Қараңғы неше мың жыл болған зарлы,
Сендерге ақыл айтып, білім берер,
Үлгі алу баспасөзден өнер алды.

Тексеріп салт-сананы жөн сермейтін,


Қаламгер тілшілері өзгермейтін,
Білім мен мәдениет өркендеуге,
Шырағын партияның сөндірмейтін.

Баспасөз желдей ессін, судай тассын,


Әлемге жарық күндей нұрын шашсын,
Болғандай дос сүйінер, жау күйінер,
Көркейіп көп жасасын, алға бассын!

И.Байзақов

2. Негізгі түбірлі сөздерді бір бағанға, туынды түбірлі сөздерді екінші бағанға бөліп жаз. 3. «Нұр» сөзінен туындайтын түбірлес сөздер жаса. 4. Өлеңнің түйінді сөзін, қорытындысын ойтүйін түрінде жаз.

2-САБАҚ

ДАРА СӨЗДЕР МЕН КҮРДЕЛІ СӨЗДЕР

5-жаттығу. Мәнерлеп оқып, автордың айтпақ ойын дәлелде.



ОҚУ

Бүгіндегі жастарға оқу міндет,

Тек қана оқуменен өнер білмек,

Өнер-білім, адалдық, ар-намысты

Жоятын надандық қой емсіз індет.
Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек,

Оқыса басқа елдердей қатарға енбек.

Білімге ел боп аңсап құмарланса,

Жетілмек аз-ақ жылда жоғары өрлеп.


Көрші елдер өнерсізді қорлап күлмек,

Оқу мен бірлік болса, көзіне ілмек.

Қараңғы Қарынбайдай надан болсаң,

Байлығыңа иелік бермес күндеп...


Өнерге сай боп келсін бірлік, ерлік,

Сонда ғана аларсың сен де теңдік.

Надандықтан екенін білесіз бе,

Көрінгенге болғаның семіз жемдік.


Наданды әркім жейді нандай илеп,

Жыртқыш ілген үйректей тірі жүндеп.

Өгей бала секілді тесік өкпе

Жалғанда теңдік көрмей жаны күймек.


Ел үшін еңбек етсең, халқың сүймек,

«Біз үшін отқа, суға түсіп жүр» деп.

Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес,

Неше мың жыл өтсе де тарих білмек!


С.Торайғыров
Тапсырма: 1. Кестені толтыр

Тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Негізгі

Туынды

Дара

күрделі

...

...

...

...

2. «Оқу» сөзінен түбірлес сөздер жаса. 3. Оқу, білім туралы қандай мақал-мәтел білесің? Оқу, білім туралы шағын мәтін құра.
6-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, түсінгеніңді мазмұнда.




Еркін Мундуинов



Ата заңым



Ата заңым – абыройым, ардағым,

Сеніменен орындалар арманым,

Сеніменен өсіп-өнді ұрпағым,

Сеніменен шешек атты аймағым.


Ата заңым – капитаны кеменің,

Кеме – бейне байтақ елім дер едім.

Сол елімнің өмірісің, Күнісің,

Сол елімнен табылып ед керегім.


Ата заңым – тау шыңындай айбарым,

Сеніменен сәби тойын тойладым.

Сеніменен елдің шетін қорғадым,

Сеніменен дос тағдырын ойладым.


Ата заңым – елдігімнің белгісі,

Орындалған мақсат тұтқан әр ісі.

Ата заңым – халықтардың Достығы,

Қазақстан – оның құтты қонысы.


Е.Мундуинов
Тапсырма: 1. Мәтіннен күрделі сөздерді теріп жаз. 2. «Капитан» сөзіне фонетикалық талдау жаса. 3. Конституция жайында не білесің? Ол қай жылы қабылданды? Заңгерлік мамандықтың сыры неде деп ойлайсың? Ой өрбітіп, пікірталас ұйымдастырыңдар.
7-жаттығу. Төмендегі мәтінді түсініп ал. Дәптеріңе көшіріп жазып, күрделі сөдердің астын сыз. Күрделі сөздердің түрін ажырат. Фольклор дегеніміз не? Жиренше шешен туралы не білесің?

Ел аузындағы “Жиренше ше­шен” аңызын қолжазбасына түсірген Мәшһүр Жүсіп, ол турасында өзінің көзқарасын да білдіріп кеткен. Онда: “Міне, жігіттер, бір ауызды сөздің түбін, төр­кінін білемін деп іздегендіктен қа­лыңсыз бір ханның қызын алды. Өз ха­нының сатусыз, пұлсыз уәзірлігін алды. “Жігіттікте жаннан кеш те, іс қыласың, өлесің, өлмесең, кісі бола­сың!”– деп бұрынғының айтқаны осы!” – делінген ақын тамсануы да бар. Ал “Шоң биге” қатысты жинаған әңгіме­сі­нің бірінде Мәшһүр Жүсіп, құны жүз бие болатын сәукелені екі ауыз сөзбен-ақ Сақау ақынның ақысыз, пұлсыз алғандығын ескертіп өтеді. Осыдан көріп отырғаны­мыздай, Мәшһүр Жүсіп сөз өнерін, т.б. дәріптеуге арналған фоль­клор үлгі­лерін көбінесе тарихи адам­дар есім­дерімен ұштастырған. Фоль­клор үл­гілерін жиыстырғанда Мәшһүр Жүсіптің билер сөзінің де ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі, ай­насы екендігіне көңіл бөлгені бай­қалады.






Естай Беркімбаев
8-жаттығу. Е.Беркімбаев туралы не білесіңдер? Оның қандай әндері бар?

Естай Беркімбаев (1874 жылы бұрынғы

Павлодар облысы, қазіргі Ақтоғай ауданы,

Ақкөл ауылында туған, 1946 жылы қайтыс бол-

ды) – қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері. Ол

кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық

ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым

белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастан-

дар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген.

16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға. 20 жасында Ертіс атырабына белгілі әнші болды. Осы өнердің арқасында көп жерлерді (Қараөткел, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу) аралайды. Сұлу Көкше мен Баянға барады. Бұл сапарында Біржанмен кездесіп, оның өнерінен тәлім алды. Әнші-сазгерлер Біржан, Ақан сері мен Жарылғапбердінің өнер-өнегесінен сусындаған Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерін ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген әндер ("Бір мысқал", "Майда қоңыр". "Ашу-пышақ", "Шоқ қара ағаш") шығарды, Естайдың әнші-ақындық, сазгерлік талантын бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен әні - "Қорлан". Осы шығармасымен классик сазгерлердің қатарынан орын алды. "Қорлан" – Естай шығармаларының шыңы, жүрегі. Жаңа өмір жайында "Туды күнім", "Өмір" атты әндер шығарды. 1939 жылы Алматыға келіп, көп әндерін нотаға түсіртті. Әншілік-ақындық сайыстарға қатысып, Жамбылмен неше рет кездесті. 1945 жылы Абайдың туғанына 100 жыл толу мерекесіне қатысты. Мұнда Нартай, Нұрлыбек т.б. ақындармен айтысқа түсті. Оған арнап М. Әлімбаев "Естай-Қорлан" поэмасын (1968) жазды. “Аңыздар” тарауында Естайдың Қорлан атты қызға ғашық болған махаббат тарихы баяндалады.

Тапсырма: 1. Жоғарыдағы мәтінді оқып шық. 2. Асты сызылған сөздерге құрамдық, тұлғалық талдау жаса. 3. Естайға мінездеме бер. 4. Естай тұсындағы музыка өнері мен қазіргі заманғы музыка өнерін салыстырып, венн диаграммасына түсір.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет