3-САБАҚ
МОРФОЛОГИЯ. СӨЗ ТҮРЛЕРІ
9-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, идеясын анықта. Мәтіннен ауыспалы мағыналы сөздерді теріп жаз.
Тағдырға тілек
Тағдыр-ау,
неге көрсетесің қаттылық,
Танытпап ем тепсінердей жат қылық.
Сайтандар кеп сандырағын сыбырлап,
Жаншып әбден өзегімді жатты үгіп.
Қысастыққа құрылмаған қылығым,
Жүрегімнің басып алды-ау жырын мұң.
Табынуды білмеуші едім адамға,
Лайлай бердің ғұмырымның тұнығын.
Батпағыңа батқаннан соң бүгілдім,
Салып берген сүрлеуіңде сүріндім.
Аққу көрсем сезіміне қызығып,
Ал тағдырын естігенде түңілдім.
Сен өксіктің құрсауына тоғыттың,
Кедергіге көлденеңнен жолықтым.
Жетер енді, сәтсіздіктен қажыдым,
Соңғы кезде көп жылайтын болыппын.
Б.Бөжен
Тапсырма: 1.Тыныс белгілерінің не мақсатта жұмсалғанын түсініп ал. Мәтіннен дисфемизм сөзді теріп жаз. 2. Мағынасы жойылған сөздерді ажырат. 3. Өзіңнің құрбы-құрдастарыңа, достарыңа арнап қандай тілек білдірер едің (өлең жолдары арқылы жеткізіп көр)?
10-жаттығу. Атауыш, көмекші, одағай сөздерді қатыстырып, көркем шығармадан мысал теріп жаз.
Төмендегі кестені толтыр:
Тапсырма түрі
|
Атауыш сөз
|
Көмекші сөз
|
Одағай сөз
|
Анықтамасы
|
...
|
...
|
...
|
Мысалы
|
...
|
...
|
...
|
4-САБАҚ
С
ӨЗ ТАПТАРЫ. ЗАТ ЕСІМ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
11-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Мәшһүр Жүсіп әкесі Көпейдің
42 жасында, шешесі Ұлбаланың 18 жасында,
Баянауылдың Қызылтау деген жерде, қыс
түнінде, қыстауда, 1858 жылында, қазақша
жыл аты «қой», арабша ай аты «ережеп» деген
айда, жұма күні, түс бесін уақытында дүниеге
келді. Туғанда азан шақырып койылған есімі - Адам Жүсіп. Кейіннен
9 жасында қисса - дастандарды айтып, ел көзіне түскен кезде жиынды шақырып отырған М.Шорманұлы Адам Жүсіпті ұнатып, тақиясына үкі таққызып: «Өз заманында халқына Мәшһүр болатын бала екен», - деп, лепес қылуымен Мәшһүр Жүсіп атанып кетеді.
1858 жылы қыста Көпей Сермұхаммедұлы керуеншілікте жинаған табысына мал алып, Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861 жылы Адам Жүсіп 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ сирақ» болып шығады. Сонда Көпей Сермұхаммедұлы: «Адамға мал жолдас болмас, ғылым жолдас», - деп, ұлы Адам Жүсіпті оқуға беріп, ол Баянауыл медресесінде Қамар (Хамариддин) хазыреттен білім алып, оқуын жалғастырып, 1872-1874 жылы Бұһарадағы «Көкілташ» медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін меңгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1835жж.) өз ауылында балаларды оқытып табыс табады. Тұрмысы түзелген Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1887, 1885, 1907 жылдары үш мәрте Түркістан, Ташкент, Бұхара, Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық білімін молайтады.
Тапсырма: 1.Бірінші абзацтан зат есімдерді теріп жаз. 2.Мәтіннен зат есімдерді құрамына, тұлғасына қарай талда. 3.Мұсылмандық білімнің ерекшелігі неде? (салыстырмалы түсінік бер)
12-жаттығу. Маралды жері туралы не білесің? Ол қайда орналасқан?
Маралды болысында (Солтүстік-Сібір жақтағы аймақ) Ұрық ауылында, түбі Қыпшақ-Сұңқар, Сұлтан деген белгілі адамдар болады. Оның Сұңқары болыс та, Сұлтаны би болып, сол елде беделділердің қатарында болады. Сұлтанның Хұсни, Хорлан деген екі қызы болады. Естайдың жиырма жас шамасында шыққан «Хорлан» әні осы екі қызбен байланыста болады.
«...Асылға толулы екен саусақ біткен,
Бір жүзік, бір сақина салған жұптан.
Кигізді бір жүзігін «ат жоқ» қолға,
Қыз өзі Естайына көп үмітпен», - деген өлең
жолдары арқылы арманына жетпей кеткен Естайға жүзігін сыйға беріп, мәңгілік хош айтысады Хорлан қыз.
Қай ғашық қарғыс айтпас сұм жалғанға,
Осы бір жолығысу тартты арманға.
«Келерсің әдейі іздеп» деп тұрғандай,
Мөлдір көз ұрлай қарап аттанғанда, - деп Естай үміт
оты өшпей, өмір бойы Хорланын аңсап өтеді.
Тапсырма: 1.Жалқы есімдерді теріп жаз. 2.Зат есімнен туындаған сөздерді ажырат. 3. «Естай-Хорлан» шығармасын ауыз әдебиеті үлгілеріндегі лиро-эпостық жырымен салыстыр. 4. Картадан Маралды жерін көрсет.
13-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, автордың айтпақ ойын анықта.
Есеп
Не бердім, елге өлместей атым жаңғырып,
Мәнді сөз айтып, тамыры тарар мәңгілік.
Пенделік ғұмыр жасатпай тұрмас шикілік,
Ол дүниеде қалмасам болад мәңгіріп.
Кеудеде кеулеп, көрікті ойлар тасыған,
Сәттерім болды қуанған әрі жасыған.
Тас жармаса да, бас жаратын өнерге,
Атанбай келем, атанбай өтем, масыл жан.
Не бердім елге жыр қылып айтар ұрпағы,
Соқпағын табар, сөзімді түйіп сырттаны.
Ассалау айтсаң, арқадан қағып ақсақал,
Тасадан қарап, тас тығып тұрад қырттары.
Өлеңмен екшеп, өмірдің тауып жауһарын,
Еліме берем, кеткенше бойдан қауқарым.
Ұлықтар ұрпақ, ұлағат айту бас парыз,
Тірлігің өтіп, таусылғанынша талқаның.
Б. Бөжен
Тапсырма: 1. Дисфемизм сөздің астын сыз. 2. Туынды зат есімдерді ажыратып, тұлғалық талдау жаса. 3.Күрделі зат есімдерді теріп жаз. 4.Өлеңнен жақсы қасиеттерді көрсететін жолдарды тауып, дәлелмен түсінік бер.
5-САБАҚ
СӨЗ ТАПТАРЫ. ЗАТ ЕСІМ, ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
14-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Дос қой деп ішкі сырын түгел айтып,
Опық жеп жүрген жан көп аңдамастан.
Бір өрттен қалмайтұғын қалың қаудай,
Баянсыз бақ-дәулетке болма мастан.
Нәпсінің кім құтылар хайласынан,
Залалы асып кетер пайдасынан.
«Білімді, зерек адам болам!» - десең,
Қара өзіңді басқаның айнасынан!
Егер де ісі жақсы, болса ұнамды,
Талап қып зор жаһатпен бас қадамды!
Айна қыл өзіңді-өзің түзетуге –
Бұл жүрген жақсы-жаман көп адамды.
Ғибрат ал – атқан таң мен батқан күннен,
Шықпассын, адам болсаң, айтқан жөннен.
Басыңа қайғы келсе, қапа болма,
Тарылып, назаланып шықпа діннен!
М. Ж.Көпейұлы
Тапсырма: 1.Автордың айтпақ ойын дәлелде. Түсініксіз сөздерді түсіндірме сөздіктен қара. 2. Дерексіз зат есімдерді анықта. 3.Күрделі зат есімдерге талдау жаса. 4.Мәтінге сүйене отырып, ойтолғау жаз. М.Ж.Көпейұлының өзіңе ұнаған басқа да өлеңін жаттап ал.
15-жаттығу. Мәтінді оқып шығып, түсінгеніңді баянда.
Сәбит Дөнентаев (1894-1933) – қазақ ақын.
Сәбит кемеңгер Абайдан көп үйренген
ақындардың бірі.
«Абайға» деген өлеңінде былай деп жазады:
«Қараңғыда туып ең,
Қара бетті жуып ең.
Таба қылмай дұшпанға,
Қолға ұстаған туымыз,
Қанат-құйрық, бойымыз.
Қонғанда да ұшқанда.
Құрмет етіп затыңды,
Бетке ұстаймыз атыңды...»
Тұтастай алғанда бұл өлеңнен Сәбиттің Абай поэзиясының идеялық бағытын, әлеуметтік сырын дұрыс бағдарлағанын көреміз. Сонымен бірге Сәбиттің Абайдан тікелей үйренгендігінің де айғағы, яғни бұл елең Абайдың «Сегіз аяғының» үлгісінде, соның өлшемін, ұйқас түрін сақтап жазылғандығы даусыз. Тек бұл емес, «Атылғандарға», «Жүрекке», «Ескі болыстың тәубасы», «Темірге», «Ерікті Айша», «Кемшілікте», «Бір жыл етті» тәрізді және басқа да көптеген өлеңдерін Сәбит Абай поэзиясындағы әр алуан формаларды пайдалана отырып жазған. Мысалы, «Кемшілікте» деген өлеңінің ұйқасы мынадай:
«Тағдырда жазған соң алла,
Мен түстім мынадай халға...
Етерлік жәрдемің бар ма,
Жақындап, жанассаң нетер?
Талай күн жүріп ек бірге,
Талай бір кіріп ек түрге,
Тұрғанда мен мұндай күйде,
Қайырылып қарасаң нетер?..»
Мұнда әр шумақтың алғашқы үш жолы қатарынан ұйқасып, сол шумақтардың соңғы, төртінші жолдары бірыңғай үйлеседі. Бұл - «Білімдіден шыққан сөз...» деп басталатын өлеңінің негізгі шумақтарында Абай қолданған ұйқастың үлгісі. Сәбит осындай ұйқасты 11 буынды қара өлеңге де пайдаланған («Балалық» т. б.). Абай бірсыпыра өлеңдерінде («Қансонарда бүркітші шығады аңға...», «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым...» т. б.) белгілі бір ұйқас жүйесін өлеңнің ұзына бойына дерлік сақтап отырады. Осындай тәсілді «Ұлтшылға», «Қазақтарға қарап» атты өлеңдерінде Сәбит те бекем ұсынады.
Дөнентаев поэзиясының өзіндік бір ерекшелігі – юморлық бағытына, сатиралық өткірлігіне байланысты. Ол Абай мен Сұлтанмахмұттан кейінгі ірі сатирик ақын болып табылады.
Тапсырма: 1. Өлең құрылысы жайында әңгімеле. 2. Зат есімдерге сатылай кешенді талдау жаса (5 сөзге). 3. С.Дөнентаевтың сатираға, юморға құрылған туындыларын жинастыр. 4. Юморға құрылған шыған әңгіме жаз.
16-жаттығу
Достарыңызбен бөлісу: |