1 сабақ Тақырыбы: Қазақтың тұңғыш дәрігерлері



бет3/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,54 Mb.
#28895
1   2   3

1. Тақырыбы: Жұқпалы аурулар. Сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері. Аралас құрмалас сөйлем.

2. Мақсаты:

- тақырып бойынша еркін тақырып алмасуға үйрету;

- сабақтас кұрмалас сөйлемнің түрлері туралы түсінік беру;

- аралас құрмалас сөйлем туралы түсінік беру.


3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік корын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Жұқпалы аурулар жөнінде презентация әзірлеу

2. Тақырыпқа катысты негізгі ұғымдарды түсіндіріңіз

3. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

4. Сабақтас құрмалас сөйлемнің байланысу тәсілдері кандай?
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:шағын топтар

Шағын топпен жұмыс – студенттер өзара екі топқа бөлінеді. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, тапсырманың мақсаты айқындалады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ қарсылас топтың орындаған жұмыс нәтижесіне өз бағасын береді. Тексеру барысын оқытушы қадағалайды.



І топтың тапсырмасы: Жүйке жүйесі туралы мәлімет жасаңыз.

ІІ топтың тапсырмасы:Жүйке жүйесіне қатысты терминдерді теріп жазыңыздар.
6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: жазбаша сұрау

Тапсырма:

Өз ойларыңнан жай сөйлем құрастырып, оны құрмалас сөйлемге айналдырыңдар.

14 сабақ

1. Тақырыбы: Қызылша, күл, тұмау. Төл сөз және төлеу сөз. Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі.
2. Мақсаты:

- Қызылша, күл, тұмау ауруларына жан-жақты сипаттама беріп, негізгі белгілерімен таныстыру, ол жайында еркін сөйлеуге үйрету;

- Төл сөз, төлеу сөз және автор сөздері туралы түсінік беру.
3. Оқыту мақсаты: Студенттердің тілдік қорын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тұмау ауруы туралы әңгімелеңіз

2. Қызылша мен күл ауруларына сипаттама беріңіз.

3. Төл сөз дегеніміз не?

4. Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру.

5. төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібі.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: шағын топтар

Шағын топпен жұмыс – студенттер өзара екі топқа бөлінеді. Әр топқа жеке тапсырма беріліп, тапсырманың мақсаты айқындалады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ қарсылас топтың орындаған жұмыс нәтижесіне өз бағасын береді. Тексеру барысын оқытушы қадағалайды.

І топтың тапсырмасы: Зәр шығару жүйесі туралы мәлімдеме жасау.

ІІ топтың тапсырмасы: Зәр шығару жүйесінің емделу жолдарын көрсету.


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Қазақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: тестілеу

Тест бойынша жауап беріңіз:

1. «Кеже балам еді, өзі өте қорқақ, тым ұрса бермейсіз» сөйлемі - ...

А. көп құрамды салалас

В. ыңғайлас салалас

С. түсіндірмелі салалас

Д. себеп-салдар салалас

Е. кезектес салалас

2. ... – сабақтас құрмалас сөйлем

А. Бала шаба жөнелді, мен де артынан ілестім.

В. Жұрттың өкпесі көтерілді, танауы желбіреді

С. Мектепке келу керек

Д. Көп істеп шала бітіргенше, аз істеп бабына келтір.

Е. Мерзімді азырақ бұздым.

3. «Төстік ауылдан ұзап шыққан соң, Шалқұйрық атқа тіл бітеді» - деген сөйлемнің баяндауышы... арқылы жасалған.

А. шартты рай

В. есімше

С. көсемше

Д. қалау рай

Е. бұйрық рай

4. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бастауышпен қалай байланысқан?

Кімге арқа сүйесең, соны таяныш етесің.

А. қабысу

В. қиысу


С. матасу

Д.жанасу


Е. меңгеру

5. ... – қарсылықты бағыныңқылы сөйлем.

А. Шіркін, күріш ексең, қандай тұнып шығар еді.

В. Жұрт қайда болса, мен де сонда болам.

С. Патша жер жүзінде жасауылдарын таратып қанша іздесе де, мұңсыз адам табылмайды.

Д. Күн көтеріліп шықты

Е. Мен келдім, сен жоқсың.

6. «..., халық қолы жеткен көк атаулының бәрін орып алды.»

А. Жаз бойы жаңбыр көп жауғандықтан

В. Өткен жаз жерге шөп шықпағандықтан

С. Қысқа жіп күрмеуге келмейді

Д. Аталған жолмен

Е. Малдары көптіктен

7. «Ұлжан ауылына..., барлық үйлер тігіліп болды».

А. айтып

В. жүккенмен

С. келгенше

Д. жүргенмен

Е сөйлеп

8. ... – қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас.

А. Қалжыңы, күлкісі араласып, шай өте көңілді ішілді.

В. Ержан киініп далаға шықса, ешкім жоқ.

С. Селоға кіре бергенде, мені көрді.

Д. Бейсен шұбатылып шанадан түскенше, еті қызған ат жүріп кетті.

Е. Раушан сол орында отыра берем десе де, болмай столдың басына шақырды.

9. «Біз Екібастұздан танысып үлгермей, күн райы бұзыла бастады»- деген сөйлемнің басыңқы сыңары - ... .

А. Біз Екібастұзбен танысып үлгермей

В. Бұзыла бастады

С. Күн райы бұзыла бастады

Д. Райы біз

Е. Біз үлгермей

10. ... – мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

А. Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады

В. Жанар тауда шаңғы тебеді

С. Бүгін бірер керек кітабын алып шықпақ болып, өзі жалғыз кіріп еді.

Д. Абай тамақ іше алмады, ауырды.

Е. Мен келсем, оқытушы жоқ екен.

11. ... – құрмалас сөйлем

А. Асқар белгілі мерзімде тұрды

В. Ауылдарыңнан не хабар бар?

С. Ертең күн жылы болады.

Д. ЕрболТоғжанды апарып тастады да, өзі шауып кетті.

Е. Ертең күн суық болады.

12. ... – себеп – салдар салалас құрмалас сөйлем.

А. Тегі бұл шоқу көзді ағызудың ғана тәсілі болмау керек, себебі көзі аққан жылан бетімен лағыды.

В. Қорыққаны шындыққа айналайын деді: оң көзінің астыңғы қабағы бүлкілдей бастады.

С. Бұл жерде я сентұрасың, я мен тұрамын.

Д. Сізден сұрайтыным – бізге қамқоршы болыңыз.

Е. Біз ол кезде жайлауда тұрамыз.

13. ... – шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем

А. Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.

В. Сын түзелмей, мін түзелмейді.

С. Мен ұнатқанмен, ол ұнатпайды.

Д. Ерлан түс ауа шеберханаға келсе, мен күтіп алар едім.

Е. Бұл атыраптың күні ыстық болғанмен, түні салқын.

14. ... – себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.

А. Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін оқуға кірісті.

В. Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер көз әлі көз алдымда тұрады.

С. Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.

Д. Уайым ойламаса да, Абай тамақ іше алмады.

Е. Кең далада ұйықтап жатыр.

15. ... – жалғаулықты себеп салдар салалас

А. Еңбек қыылмай тапқан мал дәулет бомас, қардың суы секіілді тез суалар.

В. Жүрген жерін білетін шығар, өйткені ол да жақында Жайықтан келді.

С. Олар асыққанмен, тез бітіре алады.

Д. Ашуланғаны сонша – көзінде ызаның ұшқындары шашырап тұр.

Е. Қар еріп, күн жылынды.

15 сабақ


1. Такырыбы: Тері аурулары. Теміреткі. Іс қағаздары және оның түрлері. Мәтін және стиль. Стиль түрлері.
2. Мақсаты:

- мамандыққа қажетті сөздік минимумдармен қамтамасыз етіп студенттерді тақырып бойынша әңгімелеп беруге үйрету;

- іс қағаздары туралы түсінік беру.

- мәтін және стиль туралы түсінік беру.

- тіл мәдениетін қалыптастыру.
3. Оқыту мақсаты:Студенттердің тілдік корын молайту. Тақырыпқа кажетті сөйлесім үлгілерімен, сөздік минимумдарымен қамтамасыз ету. Мәтінмен, жаттығу жұмыстарымен жұмыс істеу барысында тілдік білімін тереңдете түсу.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Тері аурулары туралы әңгімелесу,

2. Теміреткі дегеніміз не?

3. Тақырып бойынша диалог кұрастыру

4. Мәтін дегеніміз не?

5. Стиль туралы түсінік беріңіз.

6. Ғылыми – публистикалық стильдер

7. Іс қағаздары қандай стильге жатады, түрлері?


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: рөлдік ойындар

Рөлдік ойын ол – іс-әрекет, ол – таным, ол- оқып және үйрену құралы. Белгілі бір тапсырма, қағидалар бағытындағы мақсаттар мен міндеттерді орындау әрекеті.Мұнда студенттер жұптық ойындарды орындайды. 7-8 адамнан тұратын шағын топтардың орталарынан жетекші сайланады. Ойынға қатысушылар мәселелік ақпаратты жартылай түсінеді, ал мәселені толық шешу үшін әрекет жасайды. Олардың мақсаты – ақпаратты толық түсіну үшін бірлікте болып жұмыс істеу.

Тапсырма:

Тері ауруларына байланысты сақтық шараларын ұйымдастырыңыздар. Рөлдік ойын түрінде көрсетіңіздер.


6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Аяпбергенова К. Казақ тілі для медицинских институтов и училищ. А., 1995

2. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б. «Практикалық қазақ тілі» А, 1993

3. Сәлім Е. Қ Практикалық қазақ тілінен әдістемелік нұсқаулар жинағы Шымкент 2007 ж.

4. Түймебаев Ж Қазақ тілі Грамматикалық анықтағыш А, 1996

Қосымша:

1.Беріков Н. Қазақ тілі сабақтары. А., 1994

2. Ж. Доспанова, С. Сәрсенбекова, F. Шахарман. Практикалық қазақ тілі А, 2002

3. Бектұров Ш.Қ. Қазақ тілі. А., 2002

Сөздіктер:

1. Момынов Т.А. Медициналық сөздік (орысша-қазақша). А., 2003 ж.

2. Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша - орысша-қазақша сөздік. Шымкент, 2003 ж.
7. Бақылау: тестілеу

Тест бойынша жауап беріңіз:

1. Анықтама қай стильге жатады?

А. ресми


В. Ауызекі стиль

С. Публицистика

Д. Іс-қағаздар

Е. Көркем әдебиет

2. Қазақ тілінде неше стиль бар?

А. 3


В. 4

С. 2


Д. 5

Е. 6


3. Тіл біліміне қатысты терминдер:

А. Материя, дүние бөлігі

В. Ғарыш, ғарышкер

С. Ассонанс, аллитерация

Д. Жариялық, делдал

Е. Сұраным, күнтізбе

4. Сөздің соңындағы қосарлы дыбыстарға қосымшаның дұрыс жалғанған түрін көрсетіңіз.

А. Публицистке

В. Публицистіге

С. Публициске

Д.Публицискіге

Е. Публицтке

5. «Рецензия» сөзінің анықтамасын табыңыз.

А. Ой түйіні

В. Сынау

С. Мазмұндау

Д. Шолу

Е. Бағалау



6. Стиль түрін ажыратыңыз.

Тіл-тіліп түсер наркескен, сөз - өткір жебе тау тескен.

А. Ресми

В. Публицистикалық

С. Көркем әдебиет

Д. Ауызекі

Е. Ғылыми

7. Пікір алысу үшін ең алдымен не керек екенін көрсетіңіз.

А. Сөйлесу

В. Дерек


С. Ойлау

Д. Хабар


Е Тіл

8. «Рецензия»- қай елдің сөзі екенін анықтаңыз.

А. Араб

В. Қазақ


С. Латын

Д. Иран


Е. Парсы

9. Өмірбаян қай стильге жатады?

А. Көркем әдебиет

В. Публицистика

С. Іс-қағаздар

Д. Ғылыми

Е. Ауызекі стиль

10. Публицистикалық сттильдің ауызша түріне лайық жауапты табыңыз.

А. Ертегілер

В. Жаңылтпаш

С. Мақал-мәтел

Д. Проза


Е. Шешендік сөздер

11. Азот, оттегі, масса, лексикология терминдері қай стильде кездеседі?

А. Іс-қағаздар

В. Ғылыми

С. Публистика

Д. Көркем әдебиет

Е. Ауызекі

12. Барлық стильдер элементі кездесетін стиль түрін белгілеңіз.

А. Іс-қағаздар

В. Ауызекі

С. Публистика

Д. Ғылыми

Е. Көркем әдебиет

13. География ғылымының терминдері

А. Бейнелеуіш, етіс

В. квадрат

С. құрлық, түбек

Д. үдеу, символ

Е. бөлшектің алымы, теңдеу

14. Стиль түрін ажыратыңыз:

Тіл-тіліп түсер наркескен, сөз-өткір жебе тау кескен.

А. Публистикалық

В. Көркем әдебиет

С. Ауызекі

Д. Ресми

Е. Ғылыми

15. Техникалық әдебиет тілін қай қатарға жатқызамыз?

А. Ауызекі тіл

В. Публистика тілі

С. Көркем әдебиет тілі

Д. Ғылыми тіл

Е. Ресми тіл







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет