1 сабақ Тақырыбы: Жүйке жүйесінің патофизиологиясы


Тақырыптың негізгі сұрақтары



бет19/31
Дата09.02.2023
өлшемі143,23 Kb.
#168127
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
1 саба Та ырыбы Ж йке ж йесіні патофизиологиясы

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Шумақ қызметінің бұзылыстары.

  2. Түтікшелік кері сіңірілудің бұзылуы.

  3. Нефритикалық және нефротикалық синдром.

  4. Балалардағы бүйрек функциясының бұзылуының даму ерекшеліктері.

5. Оқыту және оқыту әдістері:
● TBL.
● қашықтан оқыту кезінде – TBL, оf-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулінде көрсетілген тапсырмаларын орындау бойынша және оn-line режимінде Platonus АИС «Тапсырма» модулі мен «Оқу аудиториясы» бөлімінің чатында, сонымен бірге Zoom, Webex платформаларында және Wathsapp арқылы тақырыпты талқылау бойынша жеке және топтық жұмыс.
6. Бағалау әдістері (тестілеу, жағдайлық есептерді шешу, ауру тарихын толтыру және т.б.): Жеке және топтық тестілеу жауаптарынан, өзін және өзара бағалаудан тұратын бағалаудың жалпы формасы.
7. Әдебиет: № 1 қосымшаны қараңыз.
8. Бақылау (сұрақтар,тесттер,есептер және т. б.)):
Сұрақтар
1. Шумақтық фильтрацияның бұзылуы.
2. Түтікшелік кері сіңірілудің бұзылуы.
3. Тубулопатиялар.
4. Су-электролит алмасуы мен қышқыл-негіз күйінің бұзылуындағы бүйректің рөлі.
5. Бүйрек патологиясындағы реналды және экстрененальды бұзылулар.
6. Нефритті және нефротикалық синдромның этиологиясы және патогенезі.
7. Бүйрек функциясының бұзылуының алдын алу және емдеудің патофизиологиялық принциптері.
8. Балалардағы шумақтық фильтрацияның ерекшеліктері.
9. Балалардағы тубулопатиялар.
Тесттер
1. Балалардағы шумақтық зақымданудың ең көп таралған түрі:
A) минималды өзгерістермен нефропатия.
B) мембраналық пролиферативті гломерулонефрит.
C) мембраналық гломерулонефрит.
D) сегменттік гломерулонефрит.
E) созылмалы гломерулонефрит.
2. Гематурия – бұл зәрде ... пайда болуы.
А) эритроциттердiң
В) лейкоциттердiң
С) эпителий жасушаларының
Д) цилиндрлердiң
Е) белоктардың
3. Зәрдiң салыстырмалық тығыздығының төмендеуi ... аталады.
А) гипостенурия
В) цилиндрурия
С) никтурия
Д) гиперстенурия
Е) изостенурия
4. Соңғы зәрдiң изостенурия кезiндегi меншiктi тығыздығы – ... .
А) 1010-1011
В) 1016-1020
С) 1020-1030
Д) 1025-1035
Е) 1006-1012
5.Пререналды полиурия ... дамиды.
А) қуық асты безi аденомасында
В) антидиурездiк гормонның өндiрiлуi төмендегенде
С) организмнiң дегидратациясында
Д) жіті артериялық гипотензияда
Е) зәр шығаратын түтiктiң тарылуына
Жағдайлық есеп
Науқас 5 сағат бойы апаттан кейін (үй сынған) шығарылған, оның есі әлсіз, бел айналасында ауырсыну сезімі, ҚҚ 80/60 с.б., пульс 110 минутына.
Шеткері қанда: эритроциттер – 3,0х1012/л, гемоглобин – 100г/л, лейкоциттер – 9,2х109/л. Сарысуда: креатинин – 17,2 мг/л, мочевина – 8,6 мкмоль/л. Сағат сайын несепті (диурезді) тексеру: 1 сағаттан кейін түскені – 15 мл, ал 2 сағаттан кейін – 10 мл, ал 3 сағаттан кейін – 7 мл, 4 сағаттан кейін – 2 мл. Зәрде креатинин мөлшері 1 сағаттан кейін – 530 мг/л. Зәрде қантпен нәруыз жоқ.
Сұрақтар
1. Науқаста қандай бүйрек синдромы дамыды?
2. Бұл синдромның себептері қандай?
11 сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет