3 сабақ. БӨЖ Паразитарлық аурулардың таралуы. Бейімделу - сыртқы ортаның құбылмалы жағдайларына организмнің икемделуі. Ол жасушалық, ағзалық, жүйелік және организмдік деңгейлерде өтеді,сөйтіп туа болған немесе жүре болатын икемделу әрекетінің барлық түрін көрсетеді.
Адаптация- жануарлар организмдерінің, олардың мүшелер жүйелерінің құрылысы мен қызметі жағынан белгілі бір тіршілікортасына бейімделу процесі; бір биологиялық түрдің морфофизиологиялық мінез-құлық - популяциялық т.б. оған ыңғайлы табиғи ортада өзіне тән өмір сүруіне мүмкіндік беретін ерекшіліктері. Бейімделу әрбір түрдің барлық даму сатысында даму арқасында қалыптасады. Бейімделу жиынтығы ағзалардың құрлысы мен тіршілігінің табиғи қажеттілігін қалыптастырады.
Паразиттік өмір салтына көшу организмнің белгілі бір жағдайларында олардың өмір сүруін, дамуын және көбеюін жеңілдететін бірқатар бейімделулердің болуымен қатар жүреді.
Паразиттердің иесіне бейімделуі келесі формаларда жүреді:еркін тіршілік ететін немесе қозғалмалы балаң сатыларының болуы,паразиттердің аралық және қоржинағыш иелеріне енуі. қолайсыз жағдайларда тыныш сатыларының дамуы ,паразиттер мен иелерінің синхронизациясы.
Морфофизиологиялық бейімделулер:Прогрессивтік адаптациялар, - кейбір эктопаразиттердің дене кескінінің өзгеруі (биттер, қандалалар) – иесінің денесіне жақын және тығыз жанасуына, оған сенімдірек бекінуіне, жүні мен шаштары арасында еркін орын ауыстыруына мүмкіндік береді, аяқтарындағы жабысқақ ілгектері де сол мақсат үшін қызмет етеді,қансорғыш жәндіктерде жақсы дамыған тескіш–кескіш–сорғыш тұмсық пайда болуы және сілекей бездерінің қанның ұюына кедергі келтіретін антикоагулянт бөлуі. паразиттердің дене өлшемдері үлкенірек, себебі олар игеруге оңай және дайын қоректік заттарды пайдаланады.
Уақытша паразитизм паразитпен иесінің аса тығыз емес және уақытша ғана жанасуымен сипатталады. Уақытша паразиттер иесін қоректену үшін ғана пайдаланады (соналар, масалар, қандалалар және т.б.) қалған өмірінде иесінен тыс тіршілік етеді. Олар барлығы бірдей дерлік эктопаразиттерге , ал стационарлық (тұрақты) паразитизм деп паразиттердің иесінің организмінде ұзақ уақыт, кейде тіпті өмірбақи (ішінде не сыртында) мекендеп, оны қорек алу үшін пайдаланады, бұлардың көбі эндопаразиттерге жатады.
Паразиттер даму цикліне қажетті иелер санына қарай да бөлінеді:а) гомоксенділер (бір иелі) барлық даму сатылары бір ие организмінде өтетін паразиттер (боофилюс кенесінің тек ірі қара терісіндегі тіршілігі);б) гетероксенділер (көп иелі) даму циклінің сатылары екі немесе бірнеше түрлі ие организмінде өтетін паразиттер (шошқа таспа құрты ересек сатысында – адамның ішегінде, ал балаңқұрт сатысында – шошқаның бұлшық еттерінде).
Ие организміндегі мекендеу орнына байланысты:эндопаразиттер – иесінің табиғи қуыс-кеңістіктерінде, ішкі мүшелерінде, ұлпалары мен торшаларында мекендейді,эктопаразиттер – уақытша немесе ұдайы иесінің дене үстінде паразиттік тіршілік етеді. Үстемепаразитизм кейде өзі паразиттік тіршіліктегі организмде басқа паразиттер мекендейді. Мұндай құбылыс буынаяқтылар арасында жиі кездеседі. Аскаридалардың бактериялармен, мониезиялардың буностомамен залалдануы да кездеседі.
Паразитоценоз – әртүрлі зоологиялық таксондарға жататын (инвазия, бактерия, вирус, саңырауқұлақ тудырған) организмдердің бір уақытта жануар организмінде тоғышарлық күн кешуі.Осы паразитоценоз мүшелерінің тудырған ауруларын ассоциативтік немесе аралас инвазия деп атайды.Инфекция микроорганизм мен патогендік микробтардың әрекеттесуіндегі эволюциялық қалыптасқан биологиялық процестер комплексінің даму барысындағы қағыну күйі. Инфекция қоздырғышы микробтардың енуі өрбуі және тіршілік етуі микроорганизмдерінің қорғанысбейімделу реакцияларының тууын себепкер болады. Осы реакциялар комплексінің дамуын инфекциялық процесс деп атайды. Белгілі бір клиникалық көрінісі бар инфекциялық білінуінің ең ашық түрі инфекциялық (жұқпалы) ауру деп есептеледі. Малнемесе ада организмінде паразиттік тіршілі етуг эволюцияға бейімделгенмикроорганизмдердің қоздыруынан пайда болған барлық ауруларды инфекциялық деп айтайды екенбіз. Инфекциялық ауруларға ең тән қасиет спефицикалық тірі қоздырушы паразиттерінің бар болуы жанасуымен, белгілеуімен немесе жұқпалылығы (таралу қабілеттерінің салдарынан қоздырушының ауру малдан сау малға берілуі), инкубациялық (жасырын) кезеңінің бар болуы циклділік дамуы,қоздырушының әрекетіне организмнің спецификалық реакциясы, (антиденелердің құрылуы, аллергиялық жай күйі ж/е ауырып,айыққан малдардың иммунитеті болуы). Жұқпалы аурулардың пайда болуы мен дамуы тек қана спецификалық қоздырушының бір болуы мен оның ауруға бейімді мал организміне енуіне ғана байланысты емес, сонымен бірге микро және макро организмдерінің өзара қатынас сипатын белгілейтін ішкі және сыртқы ортаға байланысты.
Жұқпалы аурулар жұқтыру- бір топ потогенді қоздырғыштармен шақырылатын: жоғары жұғуымен, цикл түрінде өтуімен сипатталатын арнайы иммунитет құратын, кең таралған аурулар.
Жұқпалы аурулардың жіктелуі: бктериалды, вирусты,паразитарлы,саңырауқұлақтармен шақырылатын,риккетиозды.
Таралу ортасына байланысты:антропозооноздар,Зооноздар,Зооантропозооноздар, Сапроноздар.
Таралу механизімі бойынша:ішек аурулары,ауа-тамшы инфекциялары,қан инфекциялары,тері және шырышты қабат инфекциялары,туабіткен аурулар;
Зооноздар – әр түрлі жабайы және үй жануарларынан жұғатын, адамдар мен жануарлардың жұқпалы аурулары. Зооноздар қоздырғыштарының қатарына микроорганизмдердің көптеген түрлері бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, құрттар, паразиттік жәндіктер жатады. Зооноздар адамнан адамға сирек жағдайда жұғады (мысалы, оба ауруы кезінде), көбінесе, адамдарға жануарлардан жұғады.
Зооноздарды екі топқа бөледі, біріншісі -үй жануарларынан жұғатын зооноздар (сальмонеллез, сарып, аусыл, лептоспироз, маңқа, мелиоидоз, орнитоз, аспергиллез, микроспория, балантидиаз, екіншісі- жабайы жануарлардан жұғатын зооноздар (оба, туляремия, кене энцефалиті, риккетсиоз, трипаносомоз)
Табиғатта адамдарға да, жануарларға да бірдей қауіпті жұқпалы аурулардың бүкіл класы бар - антропозооноз - адамдар және жануарлар жұқпалы ауруға шалдыққан жұқпалы және инвазиялық аурулар тобы. жануарлар (сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, листериоз, лептоспироз, құтыру, туляремия және басқалар). Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша қазіргі уақытта 150-ден астам зооантропониялық ауру (оның ішінде инвазивті) бар.Антропозооноздардың адамнан адамға берілуі әртүрлі жолдармен жүреді. Кейбір антропозооноздар ауру жануарларды күту, тамақтандыру, пайдалану, коммерциялық аң аулау және медициналық көмек көрсетумен байланысты үйде тығыз байланыста болған кезде пайда болуы мүмкін; ауру малдардан немесе тірі кезінде микрокартерлерден алынған өнімдер (сүт, ірімшік, май, жұмыртқа, жүн) немесе мал союдан кейін пайдаланылатын өнімдер арқылы берілуі мүмкін.
Антропозооноздық аурулар: Сібір жарасы, Құтыру, Бруцеллез, Туляремия, немене пситтакоз, Токсоплазмоз, Фасциолез, Эхинококкоз, Дикроцелиоз, Трихннеллез.
Ең қауіпті 8 паразитті бөліп көрсетіпті. Олар мыналар:
1. Taenia solium.Бұл паразиттің ұзындығы 10 метрге дейін жетеді. Аталмыш құрт ең ұзын қауіпті құрттар тізіміне кіреді. Паразиттер адам ағзасына доңыздың шала піскен етімен бірге енеді. Ішекке түскен паразиттер таралып, адамның жүйке жүйесін зақымдайды. Мәселен, қояншық ауруы осындай паразиттердің кесірінен болған дерт.
2. Echinococcus granulosus, эхинококк цепені.Ұзындығы 3−7 мм болатын құрт эхинококкоз ауруын тудырады. Ол аңшылық иттердің, қойлардың, т.б. үй хайуандарының ағзасында тіршілік етеді. Тазалық сақтамаған адамға паразиттер үй хайуандары арқылы жұғуы мүмкін. Бұл паразиттің ерекшелігі құрттар төменгі температурада да өлмейді.
3. Echinococcus multilocularis.Бұл да эхинококктың бір түрі. Солтүстік Америка, Европаға кең тараған. Түлкі, кемірушілермен қатар ит, мысықтардың ағзасында тіршілік етеді. Бұл паразит адамға тағам арқылы жұқса альвеолярный эхинококкоз деген ауруға шалдығады. Нәтижесінде бауыры, миы және басқа да мүшелері зақымдалады. Тіпті бұл паразитті ағзасына қабылдаған жан өліп кетуі де мүмкін.
4. Toxoplasma gondii.Бір клеткалы паразит. Жылы қанды хайуанның кез-келгенінде тіршілік ету қабілетіне ие. Әртүрлі елдерде бұл паразиттің жұғуы 10-нан 80%-ға дейін барады. Toxoplasma gondii әсіресе жүкті әйелдерге қауіпті. Жүкті әйелдің ағзасына түссе, түсік тастауы мүмкін. Сондықтан жүкті әйелдерге үйдегі мысықтың қиын тазалауға болмайды.
5. Cryptosporidium spp.Лас су арқылы немес дұрыс жуылмаған жеміс-жидектер арқылы тарайды. Сондықтан жеміс-жидектерді жер алдында жақсылап жуған жөн.
6. Entamoeba histolytica - дизентериялық амеба.Ағзаға түскенде ішек құрылысын, бауыр жұмысын бұзатын паразит.
7. Trichinella spiralis.Трихинеллез деген өлімге әкеп соғатын жаман ауру тудыратын дөңгелек құрттардың түрі. Доңыз етінен немесе шұжық түрлерінен жұғуы мүмкін. Адамның көзі мен жүйке жүйесін қатты зақымдайды.
8. Opisthorchiidae.Жалпақ құрттың түрі. Оңтүстік Шығыс Азияға кең тараған. Шала қуырылған балық арқылы тарайды.
Е.Н.Павловскийдің трансимиссивтік аурулардың табиғи ошақтылықтары: олардың паразиттері адамның катынасынсыз табиғатта өз бетінше ұзақ уақыт айналып жүреді;олардың таратушылары болып жабайы жануарлар саналады;олар табиғатта кең таралмай белгілі бір шағын жерлерде — ошақтарда кездеседі.
Трансмиссивтік аурулар деп қоздырушылары әртүрлі буынаяқты-лардың көмегімен (кенелер, қан сорғыш жәндіктер) берілетін ауруларды атайды,облигатты-трансмиссивтік ауруларда – қоздырушылар тек қана арнайы тасымалдаушы буынаяқтылардың көмегімен таралады.Факультативті-трансмиссивтік аурулар – тасымалдаушылармен және азық, су, тікелей жанасқанда беріледі. Сондықтан, тасымал механикалық және арнайы болуы мүмкін.
Жануар (адам) табиғи ошақтылық ауруларға келесі жағдайларда шалдығады:жануар өлексесімен тікелей жанасқанда немесе кәсіпшілік ауру аңдардың (оба, туляремия, лейшманиоз, токсоплазмоз) терісін сыпырғанда, ластанған су, азық, тағам, жайылымда қалған сұйықтықтар (Ку-қызбасы) ішке түскенде,жабайы аңдардан үй малдары жұқтырып адам олармен жанасқанда,қан сорғыш буынаяқтылар арқылы (орман энцефалит, пироплазмидоздар, спирохетоз, боррелиоз) таралады.
Лейкарттың анықтамасына сүйенетін болсақ, паразиттің негізгі ерекшеленетін басты белгісі - оның қоректену тәсілінде, кез - келген организм екінші бір организмде тіршілік ете отырып, оны өлімге ұшыратпай сол организм есебінен қоректенеді. Паразит иесін (құрбанын) өлтірмей онымен бір тұтас тіршілік етеді, жыртқыш жануарлардан басты айырмашылығы осы белгісінде. Лейкарттың - анықтамасы бойынша паразиттердің кейбір түрлерінде ғана паразитизм шекарасы бұзылады, егер мысалы паразиттік тіршілік ететін сүліктер, қорек көзін өзінен ірі әрі күшті организмдерден алса, алайда өзінен кіші немесе әлсіз организмдермен тең келген жағдайда сүлік нағыз жыртқыш ретінде саналады. Паразиттер өз иесінен кіші әрі әлсіз болады.
Паразиттердің иелерін аралық, негізгі деп бөледі. Иесі дегеніміз – паразиттердің қорек және мекен ортасы ретінде пайдаланатын тірі ағзалар. Кейбір паразиттер өздерінің даму циклінде бір иесінен екіншісіне көшіп отырады, оны иесін алмастыру деп атаймыз.Аралық иесі деп паразиттің дернәсілдік сатысы кездесетін, не жыныссыз жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.Негізгі иесі деп паразиттің ересек сатысы болатын не жыныстық жолмен көбейетін ағзаны айтамыз.Паразит үзақ уақыт сақталатын ағзаларды резервуар деп атайды. Кейбір паразиттер үшін резервуар болып адамдар , кейбіреулері үшін жануарлар саналады. Жабайы жануарларды табиғи резервуарлар деп атайды. Мысалы, кемірушілер лейшмания, оба, туляремия ауруларының қоздырғыштарына табиғи резервуар болып саналады.
Көптеген паразиттердің таралауы үшін резервуарлардан басқа таратушылар да қажет. Таратушылар қызметін қан сорғыш буынаяқтылар атқарады. Таратушылардың белсенділігі нәтижесінде паразиттер табиғатта кең таралады. Оларды арнайы таратушылар, механикалық таратушылар деп боледі.
Арнайы таратушылар денесінде паразиттер өздерінің дамуының бір кезеңін өткізеді.Паразиттердің таратушылар денесінде сақталу мерзімінің созылуына олардың трансовариалдық жолмен берілуі маңызды рел атқарады. Паразиттердің трансовариалдық жолмен берілу дегеніміз таратушылардың жұмыртқа жасушалары (гамета) арқылы паразиттердің ұрпактан-ұрпақка беріліп өтырылуы болып табылады. Паразиттер таратушылардың әр түрлі ұлпаларымен мүшелеріне өтуі мүмкін, соның ішінде жыныс мүшелеріне — аналық безге, жұмыртқа жасушаларына. Осындай жұмыртқа жасушалары ұрықтанғанда ұрық калыпты дамиды, бірақ оның барлық сатыларында, ересек дараларында паразиттер болады және оны ұрпақтан-ұрпакка беріледі.