Атом құрылысы туралы бастапқы зерттеулер және теориялар ең алдымен сутек атомының құрылымын қарастырды. Нильс Бордың теориясы алғаш рет сутек атомының эмиссиялық спектрінің түзілуін түсіндірді. Бірақ Нильс Бордың теориясы тек сутек атомының, демек бір электрондық атомның құрылымын түсіндіреді. Кейін осы теорияны дамытып, көп электронды атомдардың құрылымын түсіндіру қажеттілігі туындады.
Қазіргі кезде көп электронды атомдардың 2-ші, 3-ші, 4-ші т.б. энергетикалық деңгейлерінің құрылымы өте күрделі екені белгілі болды. Бұл энергетикалық деңгейлерді электрондық қабаттар деген жөн.
Әрбір электрондық қабатқа тән бас квант саны n болады. Бірінші қабат үшін n = 1, екінші қабат үшін n = 2, үшінші қабат үшін n = 3, төртінші қабат үшін n = 4, тағы с.с. Бас квант саны артқан сайын квант қабатының энергиясы артады.
Квант қабаттарының электрондармен толтырылуы төменде келтірілген ережелерге сай жүргізіледі.