1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


Қазақстан Республикасы президенттік билігінің сипаттамасы



бет16/92
Дата08.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#195462
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

13. Қазақстан Республикасы президенттік билігінің сипаттамасы. Басқарудың республикалық формасында мемлекет басшысы Президент болып табылады, ол сайлау арқылы билікке келеді. Конституцияның 2-бабы бойынша ҚР президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет болып табылады. ҚР-нда Президент қызметі 1990 ж. енгізілген. Президент институтының заңдылығы 1991 ж. 1 желтоқсандағы бүкілхалықтық президент сайлауы кезінде жүзеге асты. Қазақ КСР-і атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Н.Ә.Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті. Президенттік басқару формасы жоғары тиімділік, нәтижелік деңгейін көрсетіп, елді 1990-жылдардағы ауыр дағдарыстан шығаруға ықпал етті.

Конституция ҚР Президенті – бұл Ел басшысы, мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындайтын, елдің ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан сөйлейтін мемлекеттің жоғары лауазымды, қызметтік тұлғасы.
Қазақстан Республикасының Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының символы және кепілі, ҚР Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы болып табылады. ҚР Президентінің қызметін қамтамасыз ететін негізгі құжат 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР Президенті туралы» Конституциялық заң. Ол бойынша Президентке кең өкілеттілік берілген, оның ішінде атқарушы билік саласында, алайда ол атқарушы биліктің басшысы болып табылмайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (40-бап). Өз құзіретіндегі мәселелер бойынша Президент жарлықтар мен қаулылар шығарады.
Президент болып сайлану үшін мемлекеттік тілді еркін меңгеруі, Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің 40 жасқа толған азаматы болуы тиіс. Президентті жабық дауыс беру жолымен 5 жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды, сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді.

2017 ж. 25 қаңтарда ҚР Президенті билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуін жариялады, ол 1 ай бойы халық арасында талқыланып, қоғам өз ұсыныстарын айтты, конституциялық реформа бойынша Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу өкілеттіктерінің бір бөлігін Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға берілді. Аталған салаға толық көлемінде Үкімет, министрліктер мен әкімдіктер жауап беруі тиіс. Парламенттің Үкімет жасақтаудағы рөлін күшейту, Министрлер Кабинетінің Парламент алдындағы жауапкершілігін арттыру. Ал мемлекет басшысы (президент) сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс қабілетіне күш-жігер жұмылдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет