1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С/ну – саяси құбылыстар, саяси процестер туралы, саясат туралы ғылым. С/ну, орыс тіліндегі «политология»


ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі



бет81/92
Дата08.12.2023
өлшемі0,55 Mb.
#195462
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92
Байланысты:
1. Саясат – қоғамдық өмірдің саласы. С ну – саяси құбылыстар, са-emirsa

68. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі. АҚШ астанасы Вашингтонда 2016 ж. 31 наурыз – 1 сәуірде өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит кезінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев халықаралық қоғамдастықты ядросыз әлем құруға, кез келген соғыс түрін болдырмай, оның алдын алуға шақырған өзінің «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін (мемлекет басшысының, жоғары мемлекеттік билік органының саяси оқиға, мәселе бойынша шақыруы, тұрғындарға үндеуі, акті) жария етті

Президенттің «Әлем. XXI ғасыр» манифесі – жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге республиканың қосқан елеулі үлесі.



Қазақстан Президенті өз сөзін ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт артқандығын, бірақ бүгінде әлемге жаһандық соғыс қаупінің төніп тұрғандығын айтудан бастады. ХХІ ғасырға қарай адам баласы ғылыми жаңалықтар ашып, жаңа технологияларды жасап жатыр, өз дамуының сапалы жаңа сатысына өтуде. Алайда соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда.

Ядролық қаруды таратпау туралы шарт өзінің міндеттерін орындай алмай отыр. Ядролық қару, оны дайындау технологиялары ірі державалардың қосарланған стандарттарының салдарынан бүкіл әлемге тарауда. Олардың терроршылардың қолына түсуі - уақыт өте келе әбден болуы мүмкін нәрсе.

Халықаралық терроризм күшеюде. Ол жекелеген елдердегі бірлі-жарым актілерден Еуропа, Азия, Африка мемлекеттеріне қарсы кең ауқымды террорлық агрессияға айналып үлгерді. Миллиондаған босқындар, қалалардың қирауы, құнды тарихи ескерткіштердің жойылуы - осының бәрі әдеттегі көрініске айналуда.
ХХ ғасырдың ІІ-жартысында ядролық қауіпсіздік жөніндегі келіссөздер нәтижесінде АҚШ пен Ресейдің ядролық арсеналдары айтарлықтай қысқарды. Планетаны жойып жіберу қатері едәуір азайды. Алайда миллиондаған адамды «жетекші державалар арасындағы қарама-қайшылықтар олардың арасындағы ұзақ мерзімді жаңа текетіреске ұласып кетпей ме?» деген сұрақтар толғандырады.
Мемлекеттер арасындағы талас-тартыстар соғыс арқылы шешілмейді және шешілмеуі тиіс. Бұл мәселе ХХІ ғасырда да аса өзекті күйде қалып отыр. Соғыстың тамырына балта шабу - адамзаттың ең күрделі өркениеттік міндеті.
ХХІ ғасырда адамзатқа өзін өзі демилитаризациялау жағына қарай батыл қадам жасау қажет. Сондықтан адамзатқа «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты кең ауқымды бағдарлама қажет. Бұл құжатта үш басты қағидатты қарау керек. 1) Қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі. 2) Жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар - ядролық, химиялық, биологиялық басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Бұл ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер, саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы түсінуі тиіс. 3) Мемлекеттер арасындағы талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет