Биліктің заңдылығы (жариялылығы) – бұл биліктің заңдарға, құқықтық нормаларға сәйкес келуі. Мысалы, президенттің билігі заңды (жария), себебі ол заңды түрде сайланып, өз өкілеттілігін орындауда заңға сүйенеді, монарх билігі заңды, себебі тақты мұрагерлік жолмен иелену тәртібі бұзылған жоқ. Билік әрі жария, әрі легитимді болмаса, онда бұл билік тұрақсыз, мысалы, заңды түрде сайланған билік өзінің уәделерін орындамай, оның жүргізген сәтсіз экономикалық бағыты халықтың тұрмысының төмендеуіне әкелсе, мұндай билік қоғам тарапынан қолдауынан айырылуы мүмкін. Сонымен бірге жария емес билік (заңсыз түрде билікке келген) ақталып, халықтың қодауына ие болуы мүмкін, мысалы буржуазиялық революциялар барысындағы монархияның құлатылуы, Ресейдегі 1917 жылғы революция. Бұларда бұрынғы заңды тәртіптерді бұзған жаңа билік, ақырында өзінің легитимдігіне қол жеткізді. Кез келген билік жария да, легитимді (заңды) да болуға ұмтылады, сол кезде ол тұрақты болады.
5. Саяси режим: түсінігі және мазмұны. Саяси режим саяси биліктің, саяси жүйенің қызметінің маңызды сипаттамасы. Саяси режим деп саяси билікті жүргізуде, қоғамды басқаруда мемлекеттің қолданатын әдіс-тәсілдерінің, құралдарының жиынтығын, тұлғаның қоғамдағы саяси еркіндігі мен құқықтық жағдайының дәрежесін айтады. Саяси режим белгілі бір қоғамның нақты тарихи кезеңдегі саяси жүйесінің жағдайын бейнелейді.
Саяси режимді анықтайтын негізгі өлшемдер: 1) қоғамдағы тұлғаның жағдайы, тұлғаның, азамат-дың құқ-ры, бостандық-ының нақты көлемі қандай, олар өз мүдделерін іске асыра алама, жоқ па? 2) азаматтардың саясатқа араласуының деңгейі мен сипаты, азаматтардың өз таңдауын ерікті түрде жасауға кепілді мүмкіндіктер берілген бе, жоқ па, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметіне ерікті түрде қатыса ала ма, жоқ па; саяси партияларға, қоғ-қ ұйымға т.б. біріге ала ма, жоқ па; саяси шешімдерді қабылдауға қатыстырыла ма, жоқ па; 3) саяси институттардың даму деңгейі, заң шығарушы, атқарушы, сот биліктері, жергілікті басқару мен өзін-өзі басқару органдары, көппартиялық, қоғамдық бірлестіктердің болу, болмауы, олардың құқықтары мен қалыптасуын, қызметін реттейтін заңнаманың сипаты қандай; 4) мемл-к билікті жүзеге асыруда қолд-н әдістердің сипаты, бұл мемл-к орган-дың қызметіндегі сендіру мен мәжбүрлеу, күштеу шараларының ара қатынасынан көрінеді.
Саяси режимнің түрлерінанықтағанда оның диктатура (шексіз билік) және демократия (халық билігі) деген 2 түрін көрсетеді. Диктатураға авторитаризм, тоталитаризм, ал демократияға президенттік, парламенттік режимдер жатады. Қазіргі заманғы саяси режимдердің мынадай үш түрін көрсетуге болады: демократиялық, тоталитарлық, авторитарлық.
Демократиялық саяси тәртіп деп халықтың биліктің қайнар көзі екендігіне, адамның құқықтары мен бостандықтары, қоғамның барлық мүшелерінің тең құқықтылығы, оның ішінде оған билікті жүзеге асыруға құқықтың берілуіне негізделген режимді айтады. Демократиялық саяси тәртіп деп халықтың биліктің қайнар көзі болатын, еркіндік, адам құқықтарының теңдігі, бостандық, әділеттілік, заңдылық сияқты құндылықтарға негізделген тәртіпті айтады.