1 саясаттану ғылымы және оның маңызы



бет3/5
Дата14.09.2022
өлшемі32,96 Kb.
#149497
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция 1
Реферат ӘН студенттерге, ТІЛ ЖӘНЕ СӨЗ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ, ТІЛ ЖӘНЕ СӨЗ ӨНЕРІ ТУРАЛЫ, Бжб №2. «Астрономия негіздері» б лімі бойынша жиынты ба алау 1 , Get Started with WPS Office for Android, Трансляция
5. Бихевиористік әдіс. Бұл әдіс саяси шынайылықты жеке индивидтердің саяси мінез-құлықтары негізінде зерттейді. Бихевиоризм жеке адамды саяси өмірдің ажырамас бөлшегі ретінде қарастырады. Оның қылықтары, әр түрлі саяси реакциялары өзінің түсінуі немесе түсінбеуіне қарамастан түрткілікті тұлғалық психологиялық негізге ие.
Батыстық саясаттанушылардың көзқарасы бойынша, саяси оқиғаларды мінез-құлық арқылы зерттеу тәсілі арқылы саяси өмірдің кез келген күрделі құбылысының бастамасы болып табылатын индивидтердің мінез-құлықтық реакциясын жалпылауға, жіктеуге, санмен өлшеуге, олардың қарқындылық, шиеленісу дәрежесін анықтауға болады. Бихевиористік әдісті саяси болжамдарда, қоғамдық көзқарастарды байқап білуде кең пайдалануға болады.
Саяси шынайылықты бағалаудың негізгі әдістері:
1. Радикалдық, рационалды-сыни тәсіл. Бұл тәсіл революциялық қайта құру мен қоғамдық өмірді түбегейлі өзгерту идеологиясымен байланысты.
Радикализм барлық кезде қоғамның саяси өмірінде елеулі орында болды. Радикализм айтарлықтай дәрежеде таптық өшпенділік пен ұлттық қайшылықпен байланысты қоғамдық өмірді таптық, нәсілдік, этникалық араздық идеяларымен улап, азаматтық соғыс пен жаппай геноцидке дейін апаратын нағыз табанды, шешуші әрекеттерді талап етеді. Өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылысты ірге тасына дейін қиратуға ұмтылу, қоғамдық организмді тұтастай талқандауға идеологиялық және саяси мақсаттау радикализмның саяси идеясының өзегін құрайды. Саяси ғылымдар бұл жағдайда таптық, партиялық идеологияға қатаң түрде бағынуға, революциялық мақсаттылық, мессия (таптар, ұлттар, тұлғалар және т.б.) диктатурасының орнауы мен нығаюының қажеттілігі принциптерін жетекшілікке алуға міндеттенеді. Радикализм саяси мәдениетті қоса алғандағы барлық рухани мәдениетті қайта бағалауға, қайта түсінуге алып келеді.
Қарастырылып отырған тәсіл әлеуметтанулық әдісті кең пайдаланады, саяси процестердің негіздерін біржақты ашуға, олардың шығу көздерін қоғамның әлеуметтік-таптық, нәсілдік, этникалық жіктелуінен, саяси қатынастар субъектілерінің мүдделерінің қарама-қайшылығы мен күресінен табуға ұмтылады.
2. Либералдық-сыни, эволюциялық тәсіл. Бұл тәсіл адамзаттың дамуын сатылы эволюциялық процесс ретінде түсінумен байланысты. Эволюциялық процесс қоғамдағы өзгерістерді, ірі әлеуметтік реформаларды қамтиды, бірақ олар қоғамдық келісім, консенсус аясында іске асуы керек. Саяси қатынастар субъектілерінің мүдделері әр түрлі болғанымен, олар үшін ең басты нәрсе қоғам тұтастығы мен мәдениеттің, өркениеттің сақталуы болып табылады. Бұл тәсілді қолдаушылар әлеуметтік мәселелерді адамзатқа қарсы күрес, араздық, өшпенділік жолымен емес, мүдделерді өзара түйістіру арқылы шешуге болады деп есептейді.
Бұл тәсілге әрдайым саяси ізденіс, әлеуметтік қайшылықтар мен толғағы жеткен проблемаларды шешудің тиімді жолдарын табуға ұмтылыс тән.
Либералды-сыни тәсіл саяси зерттеулерде әр түрлі әдістерді пайдаланады, өйткені мұнда компромистік саяси шешімдерді қабылдау өте маңызды мәселе. Саяси қатынастардың ситуативтілігі, субъективтілігі, әлеуметтік-саяси шынайылықтың аспаптық сипаты ескеріледі, өйткені мұндағы басты құндылық қоғамдық өмірдегі түпкілікті, революциялық өзгерістер емес, керісінше оның прогресс жолындағы үздіксіз эволюциясы болып табылады. Сондықтан, саясаттанудың міндеті – осы прогреске қажетті саяси мәдениеттің қалыптасуына көмектесу.
3. Консервативтік тәсіл өмір сүріп жатқан саяси жүйенің белгілі бір дәрежеде өзгермеген күйінде сақталуына бағытталған. Сондықтан да саяси ғылымға ерекше шарттар қойылады. Ол апологенттендірілген, идеологияландырылған, онда өзгермейтін догматтық нұсқау басым. Өмір сүріп отырған саяси жүйенің құндылықтарын дәстүрлік және функционалдық тұрғыдан ақтау үшін консервативтік тәсіл негізінен тарихи және функционалдық әдістерді пайдаланады.
Саясаттанудың мазмұны мен әдістеріне ықпалын тигізетін ұсынылып отырған тәсілдердің классификациясының салыстырмалы сипатта екендігін ескерген жөн. Сондай-ақ бұл тәсілдер өз ішінде құрылымдық жіктелінуі де мүмкін. Бұл тәсілдердің әрұайсысының болса да өз ұстанушыларымен қатар, оларға идеологиялық және саяси жағынан жақын зерттеушілер мен саясаткерлер де бар. Мұның бәрі саяси ағымдардың кең спектрін тудырып, саяси өмірге алуан түрлілік береді. Яғни, мұнда әрқилы принципті және принципсіз комбинацияларға мүмкіндіктер туады, ал олар саяси білімдерді байыта отырып, оларға елеулі түрде ықпалын тигізеді.
Саясаттанудың ғылым ретіндегі функциялары саяси шынайылықтың қоғам өміріндегі алатын орнымен және маңызымен, саяси білімдер жүйесінің рационалды табиғатымен және қоғамның практикалық қажеттіліктерімен анықталады. Осыдан келіп, саясаттанудың келесі функцияларын бөліп көрсетуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет