1-ші 19. Көркем туындылардағы уақыт тынысы концепциясының актуалдылығы


-ші 19. Поэтикалық тілге тән өзіндік айшықтар



бет4/8
Дата05.09.2020
өлшемі26,72 Kb.
#77081
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Назерке

2-ші

19. Поэтикалық тілге тән өзіндік айшықтар.

Көркем әдебиет стиліне тән сөз қоры (ресурстары) поэзияға да ортақ. Солай бола тұра, поэзия тілінде жиі қолданылатын сыр­ты сұлу, іші алтын сөздер болады. Оларды поэтикалық сөздер деп танимыз. Олар әдеби тілдің сөздік қорынан оқшау тұрған “сиқырлы” сөздер емес, –  кісінің көңіл- күйін, сана-сезімін білдіретін, эмоциялық -экспрессивті күші бар, көріктеу, көркемдеуге негізгі арқау болатың сөздер. Мысалы: жан, жүрек, отан, жалынтолқын, күш, қайрат, білек, наз, қылық, көріккөркем, әсем, сұлу, нөсер, тасқын, күн, ай, жұлдыз, дарқан, маржан, алтын. Осындай сөздерден жанымның жарық жұлдызы, жүрек оты, Отанымның жүрегі, жалынды жыр, жыр нөсері, нөсерлі жыр, толқында туғандар, дарқан дала, қуаныш құсы, ақ маржан, ақ алтын сияқты кестелі тіркестер жасалады, осы айшықты сөздер жансызға жан бітіреді, еңбек ерін, отан ардагерлерін, еліміздің табысын, социалистік құрылыстың даңқты өндіріс орындарын қолпаштайды. Солардың бәрінде жоғарыдағыдай поэтикалық тіркестер, теңеу, әсірелеу, метафора, синекдоха сияқты көріктеу тәсілдерін, мақал-мәтелді, фразалық тұрақты тіркестерді орынды қолдана білгеннен ақын-жазушының туындылары жанға қуат, өмірге азық бола алады. Кейде солардың бірі жоқ жайдақ ұйқастардан құралған өлеңдер де кездеседі.Абайдың, оның ізімен әдебиетші-сыншылардың айтуына қарағанда, өлеңді ақын оймен ғана емес, “жүрекпен ойлап” ұғыну керек. Өйткені, “ақын эмоциясы сөздің бетінде емес, ішкі астарында, тереңде жатады” . Темірхан Медетбековтің бұл ойы Абайдың:

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпас, сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар, –

деген тұжырымына негізделген сияқты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет