1-ші 19. Көркем туындылардағы уақыт тынысы концепциясының актуалдылығы


М.Әуезовтің прозалық шығармаларының астарлы мазмұндық сырлары



бет3/8
Дата05.09.2020
өлшемі26,72 Kb.
#77081
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Назерке

21. М.Әуезовтің прозалық шығармаларының астарлы мазмұндық сырлары.

М.Әуезов алғашқы прозасында өзінің құпия ойын жарыққа шығарудың тәсілі ретінде парадокс, алогизм сияқты астарлы мағына беретін тәсілдерді қолданады.Аталмыш кезең қаламгерлері шығармаларында соқыр наным,психоәлеуметтік әсер, символикалық ишара феноменін түсіндіруге әрекет жасайды.Ж.Аймауытовтың Әнші әңгімесінің астарынан урбанизмге фобиялық қарсылық айқын көрінеді. Қаламгердің өнер тұжырымдамасының жаңашылдығы ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық өнерге, көне рухани және эстетикалық көзқарастарға, көне түсініктерге, ескі ұғымдарға сүйенуінен көрінеді. Қала мен дала бейнесін саластыра отырып, Ж.Аймауытов қаладан өнер-білім тапқанмен, халықтық жақсы дәстүрлерден ажырап бара жатқандықты, ішімдікке құмарлықты, жүгенсіздікті сынау арқылы жаңа өмірге қарсылығын көрсеткен.Күнікейдің жазығы повесінде көшпелі қазақ ауылының қоғамда болып жатқан өзгерістер салдарынан рухани тозып бара жатқанын суреттеуінен жазушының ұстанған бағыты анық көрінеді. Оның үстіне жазық ұғымының астарлы мағынасын, сол қоғам үшін маңызын меңзеген. М.Жұмабаев, М.Әуезов, Ж.Аймауытов шығармаларының басты идеясы,ондағы авторлық ұстаным құпия түрде бейнеленген күнә, жазық, кінә сияқты астарлы, ассоциативтік ұғымдарға сүйенген. М.Әуезов қазақ әңгімесін дағдылы сипаттау сарыны мен әңгімелеу әдісінен тың арнаға бұрды. М.Әуезов Кінәмшіл бойжеткенде, Ж.Аймауытов Күнікейдің жазығында М.Жұмабаев Шолпанның күнәсінде әрекетшіл әйелдер бейнесін жасаған.Сонымен бірге әйелдің іс-әрекеті, мақсат-мүддесіндегі жеңіл ойлауға жол берген, түпсанада тұншығып жатқан әзәзіл ойлардың дамуына жағдай жасаған әлеуметтік ортаны, әлеуметтік институттарды, дәрменсіз дәстүрлерді, осал< >отбасылық тәрбиені, дімкәр дүниетанымды, қоғамдық көзжұмбайлықты айыптайтын астарлы идея бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет