1-ші 19. Көркем туындылардағы уақыт тынысы концепциясының актуалдылығы


Тақырып пен сюжеттің бірлігін айқындау әдістері



бет7/8
Дата05.09.2020
өлшемі26,72 Kb.
#77081
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Назерке

20.Тақырып пен сюжеттің бірлігін айқындау әдістері.

Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. Тақырыптан идея, идеядан тақырып туады. Жазушыны өмірде болатын кез келген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз болатын да сол — суреткер қызыққан құбылыс. Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы жатады. Өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы туады. Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.



Сюжет – француз тілінде «зат» деген ұғымды білдіреді. Ол-эпикалық және драмалық, кейде лирикалық шығармаларда қозғалыс үстінде көрінетін оқиға барысы, әрекет дамуы. «Сюжет» терминін алғаш рет XVII ғасырда классицистер П.Корнель мен Н.Буало қолданды. Олар сюжет ұғымын Аристотель ізімен ежелгі дүние қаһармандарының өміріндегі оқиғалармен байланыстырды. Көбіне сюжет шығармадағы оқиғалар жүйесі ретінде көрінеді. Оның сыры сюжетті шығарманың басым бөлігі аса маңызды қоғамдық 36 конфликтілерді көркемдік тұрғыдан қарастырады және оларды қаламгер жасаған біртұтас өмір көрінісінің ішінде бейнелейді. «Сюжет» нақты бір заттық мәнге ие бола алады. Яғни сюжет – авторлық мақсат та, фабула-сол мақсатқа жетудің құралы. Егер фабуланы әңгімелеп беруге болатын болса, сюжеттің көркемдік мәнін шығармада көрінетін авторлық баяндау ерекшеліктері ғана жеткізе алады. Кейде жазушы пайдаланған даяр фабула сюжетке айналған кезде көркемдік өңдеуге ұшырайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет