2017 жылы хиджаб тағуға қатты бел будым. «Имам кісінің
келінімін, неге мен хиджаб тақпаймын?» деп өзіме
сұрақ
қоятынмын. Сол жылы ораза айында намаздан соң үйдегілердің
көзін үйрету үшін хиджабымды шешпей жүрдім. Маған ұрысатын,
ал мен оны шешуге ұмытып кеткен кетіп танытатынмын.
Үйдегілерге бұл ұнамады. Енем:
- Әдейі жұмыс жасамау үшін осылай киініп жүрсің, шеш бұны,
бұндай киіммен сені ешкім жұмысқа алмайды! - деп қатты
сөйлейтін, мен:
- Шешпеймін, Алланың алдында ертең мен үшін сіздер
жауап
бермейсіздер. Имамның келіні болған соң осылай киінемін,- деп
ашуға булығып байқаусызда айқайлап жібердім.
- Атам имам болып басқаларды орануға шақырады,
алайда
үйімізде ешкім оранбаса, атам онда несіне имам болып жүр?- деп,
қатты сөйледім. (Енем намаз оқымайтын,
әрі орамал тақпайтын
кісі еді).
Осы сөздер ата-енеме қатты батты ма, сол жерде
орамалымды шештірді. Бірақ жалаңбас болып жүрмедім,
орамалды артқа байлап жүруіме тура келді. Бұл жағдай
туысқандарыма, төркініме де жетіп, барлығы маған қарсы
шықты. Мен қатты жылап, Алладан жалынып-жалбарынып көмек
сұрайтынмын. «Неге елге насихат айтпастан бұрын олар өз
үйлерін тәрбиелеп бастамайды, неге бұлай жасайды?» деп
ренжитінмін. Алладан «Орамал орайыншы, діни білім алып,
медреседе оқиыншы, иманды, салихалы перзент сүйейінші!» деп
тоқтамай дұға ететінмін.
2019 жылы ақпанда ата-енем курортқа кетті. Олар кеткеннен
мен орамал орап жүрдім, күйеуіме де ата-анасына түсіндіруін
айтатынмын. Алайда күйеуімнің діни білімі болмағандықтан,
ештеңе демейтін. Оған «Орамал орап кетейінші, егер ата-енем
қарсылық танытса, сіз оларға түсіндіріңізші. Менің бір тал
шашым көрінсе, ертең Алланың алдында сіз де жауап бересіз ғой.
Сіз мені аманат етіп алдыңыз ғой!» деп ақыретті есіне
түсіретінмін. Көптеп уағыздар тыңдататынмын.
Содан ата-енем курорттан келді, менің орамалыма тағы сөйлей
бастады. Алайда үндемей жеңуге болады екендігін осында ұқтым.
Содан кейін оларды тек үндемей жеңетін болдым. Аллаға шүкір,
осыдан кейін орамалымды шешпедім. Әлі күнге дейін кейбір
туысқаным қарсылық танытса, үндемей ғана жеңемін.
Сондықтан қыздарға, орамалға ниетті аруларға, бауырларыма
айтарым, мен сияқты ашуға берілмей, сабырмен, үйдемей-ақ
жеңіңіздер. Аллаға көп дұға етіңіздер, көбірек уағыз-насихат
тыңдаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: