1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет9/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #11
Мен 14 жасымда намаз бастадым. Үйдегілердің бәрі намазхан 
болған соң ба, намазға жастайымнан қызығып қарап өстім. 
Орамалдың мәнін түсінбесем де бала кезімде айнаның алдында 
тұрып орана беретінмін, әкем оны көріп мәз болатын. Намаз 
бастаған соң орамал туралы көп ойлай бастадым. Балиғаттан 


асқалы өз-өзімді «Қашан? Қашан?» деп жеп жүрдім. Бір күні 
ешкімнен сұрап, ақылдаспай-ақ оранып шықтым. Үйдегі анам, 
әжем, ағам қарсы болғанда қатты таңдандым. Жүрегім қақ 
айрылғандай күй кештім. «Өздері намазхан, неге мұндай?» деп 
қынжылдым. Сөйтсем, олар мені әлі бала санайды екен. 
«Мектепте оқисың ғой», «9 оқып бүркенген несі?», «Әлі оранып 
үлгересің» деген неше түрлі сөз естідім. «Өз жақындарым бұлай 
айтса, ел не демейді?» деп шайтан да ой салып қояды. Сөйтіп 
орамалды бірде шешіп, бірде тағып жүруге мәжбүр болдым. 
Кейін 15-ке толдым. «Мен кімді алдап жүрмін? Раббым менің 
орамалды шешіп-тағып жүргенімді көрмей жүр ме екен?» деп 
өзімді жазғырып, «Болды, енді біржола шешпеймін!» дедім өзіме. 
Аллаға шүкір,қазір ағам мен анам мені қолдайды. Әкем әу бастан-
ақ орамалыма жақ ашпаған, әжем әлі күнге дейін қарсы. Ал маған 
оның пікіріне бәрібір. Әжем сыртқа шыққаным сайын 
орамалымнан қашыруға тырысады. Тіпті өзінің кеңес өкіметінің 
саясатымен өскен құрбы әжелерінің мен жайлы сөзін айтып 
қояды «Анау апа айтып жатыр, неге бүркендіріп қойғансыңдар 
жап-жас қып?» дейді. Осыдан 2 күн бұрын дәл солай айтқан бір 
әже қайтыс болыпты, СубханАллаһ. Ал менің басты мақсатым— 
Аллаһтың разылығы. 

Қазір біреу бірдеңе десе, «Ааа» деп, отыра беремін. Мектепте 
мұғалімдер де неше түрліні айтады. Ал мен әдейі жүздеріне қарап 
жымиямын. «Орамалды шеш» деп бәрі жегідей жеп кеткенде: «Не 
десеңіздер, о деңіздер, мен жаратылғандардың емес, 
Жаратқанның әмірін орындаймын! Босқа қиналып 
шаршамаңыздар, бәрібір орамалымды шешпеймін!» дедім. 
Түрлі 
сөздер жүрегіме тиді. «Кішкентайсың әлі», «Сенікі басқа дін 
сияқты» деп тіпті өз қатарластарым сөкті. Ешқайсын 
тыңдамадым. 


Альхамдулиллах, қазір бәрі мені түсінеді! Бала болған соң ба, 
білмеймін, бәрі мәнін түсінбей, «Жәй әншейін, өзінше сән көріп 
жүрген шығар» деп ойлайды. Менің жүрегімде «Аллаһ бәрін көріп 
тұр ғой» деген ой болды. «Қалағаныңды айт, қалағаныңды жаса, 
бірақ бәрінің жауабы бар» дейді ғой. 
Бір жағдайларды еске алсам, әлі күнге дейін күлемін. Бірде әжем: 
- Дала ыстық, шеш орамалыңды, басың биттеп кетеді,—деген. 
Мен болсам: 
- Ой, әже, орамал тағып басы биттеді деген ешкімді естімедім,—
десем, әжем де саспай: 
- Әй, олар саған биттегенін айтады ма?—дейді ғой! 
«Аай, бәрі өтті-кетті, жасым әлі 15-те, 2 жыл қалды, сосын кетемін 
ғой мектептен» деп сабыр қылып жүрмін орамалым үшін. Орамал 
таққысы келетін әпке-сіңілдеріме айтарым, тағыңыздар, 
қорықпаңыздар, сылтауларды мүлде айтпаңыздар. Аллаһтың 
разылығы деп басқаның ойын ысырып тастаңыздар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет