1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #12
Мен орамалға 17 жасымда келдім. Отбасымызда тек анам ғана 
намаз оқитын еді, ол кісі мұғалім болғандықтан, хиджаб киюге 
рұқсат бермейді. 10-шы сыныптан кейін рамазан айы біткен соң 
менің аяқ астынан намаз оқуға деген құлшынысым артып, 
анаммен сөйлестім. Ол кісі қуанып, карсы болмайтынын айтқан. 
Анамнын үйреткенімен және youtube-тан сүрелерді жаттап, сол 
күні бесіннен бастап оқығанмын. Намаздағы алғаш рет 
маңдайымды сәждеге қойған сәтті айтып жеткізе алмаймын.. Мен 
намаз оқып жатқан уақытта үйдегілер (әсіресе анам) «Тыныш, 
қызым намаз оқып жатыр!»деген сөзіне мәәәз болатынмын. Әкем 
де намазыма қарсы болмады. 
Сөйтіп 11-ші сыныпта ҰБТ-дан Аллаһтың қалауымен жақсы 


балл жинап, медицина университетіне түстім. Медицинада 
орамалға рұқсат бермейтін шығар деп орамалсыз жүрдім... Өзім 
кішкене тұйықпын, адамдармен жақсы тіл табысамын, бірақ көп 
үндемейтінмін, әсіресе ер балалармен артық күлкі-әңгіме мүлде 
айтпаймын. Кейін карантин басталғанда (сәуірде) анаммен 
ақылдасып, осы онлайн кезден бастап оранатынымды айттым. 
Сөйтіп "zoom” бағдардамасында кураторлық сағатта оранып 
отырдым. Бірде куратор апай: 
—Видеозвоноктарыңды қосыңдар,— дегенде, (мен де іштей 
қоркынышта, қобалжуда болдым). Бәрі орамалымды көріп 
кішкене үндемей қалды, куратор да үндемей қалды. Кейін жеке 
хабарласып: 
—Сен неге жығылып кеттің, ондай емес едің ғой, жатақханада 
біреу уағыздаған ба?— деп сала берді. Мен бұрыннан бері намаз 
оқитынымды, әуретімді ашып жүре алмайтынымды айттым. 
Сөйтіп, дистанционный оқуда орамалмен 1 курсты бітірдім.

Туыстардан, араласатын адамдардан кішкене қарсылық сөздері 
болды, бірақ анашым қолдаушым болды. Әрине, бірінші—Аллаһ! 
Орамал—парыз, Қияметте Жәннәтпен сүйіншілейтіні жүрегіме 
жылулық ұялатады. Қазір ешкімнің “выражениесіне” де 
қарамаймын, күліп қана сабыр қылуға тырысамын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет