орамал тағып шығайыншы деп сұрадым. Біріншіде келісті, бірақ
одан кейін ойнынан айнып қалып:
- Жұрт не дейді сосын? - деп тақтырмай қойды. Мен де қырсығып:
- Онда
ешқайда бармаймын, - дедім. Ашуланып, қатты айтып
қойдым-ау деймін, анам бірден ұрыса жөнелді. Мен одан сайын
қырсығып, бөлмеден шықпай, есікті құлттап алдым. Анам
ашуланып, одан да қатты айқайлап, бірдеңелерді лақтырып,
әбден ұрды.
Ақыры көшеге орамалымды шештіріп, «Шығасың!»
деп шығарып
жіберді. Одан кейін өзім үйде де, көшеде де орамалсыз жүретін
болдым.
Инстаграмда «Блогер боламын!» деп неше түрлі суреттерге,
видеоларға түсіп сала беретінмін. Артынша Алланың қалауымен
тәубеме келдім. «Не істеп жүрмін мен өзі? Осыдан кейін анам
қалай орамалға рұқсат берсін?» деп өзімді жей бердім. Барлығын
өшіріп, сүрелер жаттап, уақытымды босқа
кетіруді қойғандай
болдым. Сол кезде бір әпкенің қыздарға арналған чатына
қосылып, марафондарға қатысып жүргенмін. Бір қыздың «Намаз,
оқып орамал тақпау— сауапты түбі тесік шелекпен жинағандай»
деген сияқты сөзін көрдім. Одан кейін анамнан тағы да орамал
тағуға сұранған едім.
Анам:
- Тақпайсың! - деп кесіп айтты. Әр намазда,
жаңбыр жауған
сайын, Арапа күні ауыз бекітіп, ауызашарда Алладан анама
орамал тағуыма рұқсат беруін сұрадым.
Бірнеше күннен соң мен апамның үйіне баратын болдым. Келесі
күні мектепке кітап алу үшін баруым керек еді, «Мектепке
орамалмен барсам екен» деп жүрдім, кешке қарай анама «Орамал
тағайыншы» деп жазып жібердім. Көрді, жауап жазбады.
Жалынып сұрасам да, «Кім үшін, не үшін тағасың?
Мектепті
бітіріп ал» деп қатты ұрысты. Ақыры құптанның уақыты кіріп,
бар жан-тәніммен құптан намазын оқыдым, артынша Алладан
жылап тұрып орамалға келуім үшін дұға еттім. Намазды оқып
болған соң анамнан сұранғанымда:
- Бопты, орамал тағасың, хиджаб кимейсің, - деді.
- Қалай, артқа тағып па? - деп сұрағанымда:
- Тақсаң, тақшы айтқаныңнан қайтпа, - деді. Негізі ренжігендей
болдым, бірақ қуаныштан жүрегім жарылып кете жаздады.
Ендігі мәселем киім болды. «Не киіп барамын?»
деп ойланып,
апамның бір орамалын алып, намазға киіп жүрген көйлегімді
киіп мектепке бардым. Әлхамдулилләһ! Достарым қатты қуанып,
барлығы мені қолданған еді. Тек мұғалімім «Не мынауың?» деп
кішкене ғана тиісіп қалды.
Ал үйге келгенімде анам орамал мен двойка алып келіпті. Сонда
да ұзын киім кигеннеен көрі шалбар кигенімді қалайды. Алла
қаласа ұзын киімге де көзі үйреніп, рұқсатын берер. Қазір ойлап
отырсам, «Мұсылманның қаруы—дұға» деген рас екен, тек шын
жүрекпен дұға ету керек, қалғанын Алла өзі реттеп қояды!
Достарыңызбен бөлісу: