1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #26
Мен намаз оқитын тәтемнің үйінде қонып жүрген едім. Бес 
апамның екеуі намаз оқып, хиджаб киетін. Сөйтіп үйге қонаққа 
намаз оқитын тәтем қызымен бірге келді. Тәтәмнің қызы, яғни 
сіңілім екеуіміздің арамыз 5 жас еді. Шай ішіп отырғанымызда ол 
намаз оқып бастағанын айтты. Сол күні менің намаз оқуға ниетім 
пайда болып, қызыға бастадым. Оған сол сіңілім себепші болды 
деген ойдамын. Мүмкін сол сәтте мен «Менен кішкентай сіңілім 
намаз оқып жатқанда мен әлі жүрмін» деп ойлаған болатынмын. 
Сол кезде намаз жасқа қарамайтындығын түсініп, мен де намаз 
бастадым. Ол кезде қателеспесем Рамазан айының сонғы күндері, 
айдың аяғы, жаз мезгілі еді. Анама намаз бастадым деп айттым, 
тіпті рұқсатын сұрамадым. Осылайша бір күннің ішінде 
қажеттінің бәрін жаттап алып, бір күннің ішінде таң намазынан 
бастадым, Альхамдулиллаһ. Сөйтіп жүріп 2020 жылы мектепті де 
аяқтадым. 


Хиджаб кию керектігін, оның парыз екенін әу бастан-ақ 
білетінмін. Апаларым да «Саған осылай жүре беруге болмайды, 
орамал кию керексің» деп айтатын. Мектеп кезінде «Мектеп 
рұқсат бермейді» дедік, енді кию керек екендігін біліп, ниеттеніп 
жүрдім. Ашық-шашық жүрген өзіме ұнамайтын, өзімді еркін 
сезіне алмай, қорғансыз секілді сезінетінмін. Анама жәймендеп 
киетінімді айтып жүрдім, бірақ ол қарсы болды. 
- Онда оқуға апармаймын, байға тиіп кет, оқып не істейсің? 
дейтін. Анама қайта-қайта киетінімді айта бердім, ол да қарсы 
болуын жалғастыра беретін. Анам: 
- 1-2 курс бітірген соң көрерсің, - деді. Оның алдында да қанша 
нәрселер болды, оның бәрін ашып айтпай-ақ қояйын. Солайша 
ҰБТ тапсырып, грантқа түстім. Өзім қалаған қалама оқуға келдім. 
Ол қалада менің апам тұратын, мен соның үйінде болатын 
болдым. Ол апам да намаз оқымаса да бәрін білетін. Сөйтіп оған 
бар ойымдағыны айттым. Анам кетіп қалған соң көйлектер сатып 
алып, бірден оранып алдым. 2 аптадан соң анама да айттым. Ол 
қарсы болды, ұрысты, сөкті. Бірақ кейін үйренісіп кетті Негізі бәрі 
басылады екен ғой. Сөйтіп қазір Альхамдулиллаһ, орамалдамын. 
Орамалым - менің тәжім! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет