Барлығы тарқап, үйге қайтқанымызда, атам мен әпкем шығып,
«Сен жынды болғансың ба, қара орамал тағып?» деп маған да,
анама да ұрысты. «Не мынау
жас қызды орап тастап, ертең басқа
дінге кіріп кетуге дайын тұр ғой мына қыз!» деді. Сөйтіп мен
орамалымды шешуге мәжбүр болдым, бұл бір Алланың сынағы
шығар дедім.
Бір күні анамның туған күні болып, оған әпкем мен әжем де келді.
Мен не істерімді білмей, қорқып жүрдім. Әжем кіргенде мен
амандаса
берген едім, ол «Басыңдағы хиджабың қайда?» деп
жаман көзбен атып, ішке кіріп кетті. Одан соң әжем анам
екеумізге «Екеуіңе әдемілеп тұрып бір күні жиналыс жасаймын»
деп қорықтып кетті. Мамадан жалынып сұранып:
- Маған ұрыспасыншы, қорқамын, - деп едім, анам:
- Ұрыспайды, сен дұрысын түсінсең болды, орамал енді тақпа, -
деп барлығын түсіндірді. Мен мінезі бар қыз едім, «Күндердің
күнінде бәрібір тағамын» деп жүрдім. Жақында туылған күнім
болып, барлығы құттықтау айтып жатты. Туған күніме
ата-әжем
сыйлықтарымен бірге келді, ал мен әлі қорқып жүрген
болатынмын. Бірақ шүкір, ештеңе деген жоқ. Ертеңіне
анаммен ұзақ әңгімелестім, алайда хиджаб туралы түсіндіре
алмадым, мені тыңдамады.
Орамал тағатын блогерлерден де сұрадым, сонда бір әпке «Саған
Алланың парызын орындау жолында ата-анаңды тыңдамауға
болады» деген жазуы бар фото жіберді. Яғни
ата-ана намазға,
орануға қарсы болса да, олардың рұқсатын алу міндетті емес.
«Тек ата-анаңа жылы сөйлеп, айтқан тілін алып, осыны оқуға
бер» деді. Мен қатты қуанып, мамаға түсіндіруге асықтым.
Ол күн де келіп жетті. Анам не істер екен деп орамалмен жүрдім.
Сонда анам «Қайта бастадың ба?» деп ұрыса бастап еді, күліп
қарап тұрдым да, «Мама менің бұл өзім үшін жасаған ең керемет
таңдауым, бұдан бас тартпаймын басымды кесіп алсаңыз да. Мен
орамалды шешпеймін» деп, жаңағы фотоны көрсеттім. Анам үн
қатпады, сонда «Ол көнгендей болды-ау деймін, үйреніп кетер»
деп ойлап қойдым. Міне, 1 күн өтті, орамалды ешқашан шешпеуге
бекіндім, «Барлық жағдайда да, қиындық келсе де, басымды кесіп
алса да шешпеймін!» деп уәде бердім өзіме. Осылайша
орамалға
келдім.
Аллаһ Тағала «Қатты жақсы көрген нәрсеңмен сынаймын» дегені
рас екен, ешқашан қиындыққа мойымай, алға қойған мақсаттарға
жету керек екенін түсіндім. Орамалға келе алмай жүрген құрбым,
барлығын Аллаһқа тапсырып, сабырлықпен әрекет жаса, менің
әдісімді қолданып көр!
Достарыңызбен бөлісу: