1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #17
Әкем маған кішкентай кезден бәрін үйретті. Жұмыстан келген 
сайын кітап, мультфильмдер (дискпен) әкеліп беретін. Ай сайын 
"Иман" деген журнал келетін, жазылып қойған ғой сол журналға. 
Мен де қасында отырып, сол журналды бірге оқитынбыз. Бұл 
өмірімнің ең керемет кездері еді.. 
Жылдар өтті.. Мен мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түстім. 
Әкем өзі оқу орныма алып келді. Маған хабарласқан сайын «Мен 
беріп жіберген кітаптарды оқып жүрсің бе?» деп сұрайтын. Әкем 
әрдайым «Ортаң жақсы болсын, намаз оқитын қыздармен дос 
бол» деп айтатын. 
Уақыт осылай өтіп жатты. Бір күні суық хабар келіп, әкемнен 
айырылып қалғанымды білдім… Маған енді өмір бір сәтте қызық 
болмай қалды. Мен ештеңені түсінбей қалдым, маған барлық 
нәрсе жалған болып кетті. Жүрек соғысым өзгеріп кетті, 
тыныштықты жоғалттым… 
Жүрек тыныштығын ғана іздей бастадым, одан артық ештеңе 
керек болмады маған. Осылайша Аллаға қарай жақындадым, 
Алланың мені тастамайтынын білдім. Алланың қалауы, әкемнің 
арманын орындап, намазға ниеттендім, көп уағыздар тыңдадым. 
Өз-өзімді солай ғана жұбаттым. Алланың қалауымен әкемнің жан 
жолдасының қызынан намазды үйреніп, намазға жығылдым. Мен 
сол сәтте түсіндім, бақыт -сәждеде! Намаздан тыныштық тауып, 
жүрегім тынышталып қалды. 


Енді Құран жаттау менің арманыма айналды. Ата-анама Нұрдан 
тәж кигізгім келеді ин шәә Алла! Намазға тым кеш келгеніме 
қатты өкінемін. «Неге ерте оқымадым екен, әкемнің артыңда 
бірге оқып тұрғанымда ғой шіркін!» деп әлі ойлаймын. 
Намаға қалай жығылдым, бірден орамалға келдім. Орамалға 
келуіме ешкім, ешнәрсе де кедергі болмады. Мен кеш түсінген 
екенмін барлығын. Қазір орамалдамын, Аллаға шүкір. Қазір 
өзімді ерекше сезінемін. Алланың мені қорғап қойғанын, 
барлығын жүрекпен сезінемін. 
Білесіздер ме, мен сыртта, не дүкендерде, үлкен қалаларда өзге 
орамалдағы қыздар менімен амандасып өткен кезде қатты таң 
қалған едім. Басқа әлемде жүргендей болатынмын. Ал олар 
менімен танымаса да, ерекше жылулықпен амандасады, мен 
оларды да көрген сайын қатты қуанамын! Орамал—біздің 
қорғанымыз. Бізді Алла сонымен ерекшелеп, қорғап қояды екен 
ғой шіркін. Аллаға шүкір! Бұл да осы өмірде қыз баласы үшін 
берілген үлкен, бағалы сыйлық екен ғой! Бауырлар, нағыз 
бақытты адам - намаз оқитын адам, Алланың разылығын іздеген 
адам. Ендеше барлығыңызға сол бақытты тілеймін! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет