бастаймын деп шештім. Алхамдулиллах бастадым! Солай жүріп
намаз
уақытында оранып, басқа кезде әуретім ашық екенін
ойласам, жылағым келетін еді. Сөйттім де, «Сыртқа шықсам, тек
орамалмен шығамын» деп, 3 күн бойы сыртқа шықпадым, ал 4-ші
мамырдан бастап орамал тақтым.
Бастапқыда түк
киімім жоқ, қыстық толстовамкам мен қалың
қара юбкам бар еді (қыста бастаймын деп юбка сатып алғанмын,
ол кезде анам «Намаз бастасаң, өлемін» деген еді, содан кейін
бастаймын деп жүргем). Әжем қайтыс
болғанда оның шарфы мен
орамалын маған берген еді. Әжемнің ақ орамалын бони қылып
кидім, ал шарфымның түсі жасыл еді. Нағашыларыма да
орамал
киетінімді айтпаған едім. Алдарына киіп шыққанымда:
- Жәй ма? - деді, мен:
- Енді осылай жүремін,- дедім. Ешкім басында артық әңгіме
айтпады. Бір күні атам сырттан келіп:
- Намазыңды оқысаң оқы, ананы шеш. Сені көршілер вахабист деп
жатыр, милицияға беріп жібереді,- дейді. Мен үндемей отыра
бердім. Екінші күні ол тағы
солай айтты, ол кезде де сөз
қайтармадым. Атам да:
- Сені одан артық ренжітпейін, тек абайлап жүр, - деді.
⠀
Негізінде бәрін көркем түрде жеткізу керек екен. Адамдар
көркем түрде жеткізгенді түсінбейді деп ойлаушы едім,
алайда
қыздар, сабырлық керек екен, түсіндіруге болады екен! Анам
орануым жайлы жақында ғана білді, оған сестрам айттыпты.
Анам «Бастап қойыпты, енді несіне ұрсамын?» депті.
⠀
Мамыр айының өзінде қыстық киімдер киіп жүрсем де мен
сондай бақытты едім, Алхамдулиллах! Қыздар, «Киімім жоқ, ата-
анам қарсы» деген - жай ғана сылтау! «Оқу бітсін, тұрмысқа
шыққан соң тағамын» деген де сылтау, солай жүргенде өліп
кетуіміз де мүмкін. Мүмкін жақындарыңыздың намаз бастауына
мүмкін сіз себепкер боларсыз!
(жеңшем Намаз бастады бірінші Алла, себепші мен де болған
шығармын)
Бастысы ниеттеріңіз болды ма, амал етіңіздер, Алла бәрін реттеп
береді екен!
Достарыңызбен бөлісу: