1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет23/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #28
Вирустың әлемді шарлап, жанымызға жақын адамдардан 
ажыратқаны, әрине, менің де көңіліме кірбің ұялатады. Алланың 
бұйрығынан асып қайда барамыз, ол кісілердің де дәм-суы 


карантин уақытында таусылуы керек болып тұрған шығар. 
Алайда мен үшін бұл карантиннің пайдасы көп болғанын да 
жасырмаймын, себебі отбасыммен жақынырақ араласып, күйбең 
тіршіліктен бір уақыт босап, рухани дамуға уақытымыздың 
бірнеше есе көбейгенінен де болар. Бас-аяғы 4 айдың ішінде 
ойланып, желтоқсан айында үлкен мәртебе - орамалға ие 
болдым! Біреуге 4 ай көп, ал біреуге аз болар. Бірақ мен үшін бұл 
шынымен де күтпеген жай болды. 
Басында ниетім болса да, «Орамал тақсам жараспай қалатын 
шығар», «Әлі жаспын ғой», «Қатарымнан қалып қоймаймын ба?», 
«Таныстарым тұмшаланып алғаны несі, ағымға кіріп кетпеді ме 
деп айтса ше?» деген сияқты ойлар келді. Бұл ойлар тура жолдан 
тайдыру үшін барлығын жасаушылардан келген ойлар екені 
белгілі, сол себепті мен «Мейлі, уақыт көрсетер» дедім де, 
инстаграмнан мұсылман қыздардың парақшаларын, жабық 
киімдер сататын онлайн-дүкендерді іздестіріп, жазылып 
бастадым. Және барлық орамалсыз блогерлерден отписка жасап, 
«Бірнеше ай жүре тұрайыншы, ары қарай көрермін» дедім. 
Сенесіздер ме қыздар, мен бар-жоғы 4 айдың ішінде ойымды 
өзгерттім, себебі осы уақыт аралығында мен күнде инстаграмнан 
тек орамалды аруларды бақылап, көзімді үйреткенім сонша, 
миымда да «Орамал - әр арудың көркі ғой» деген установка пайда 
болды. Ол расымен де, ғылыммен дәлелденген нәрсе. Сен күнде 
нені қайталайсың, нені көресің, нені естисің, ойлайсың немесе 
айтасың, сол нәрселер сенің өміріңнің маңызды факторына 
айналады.
4 айдан соң мен бұдан әрі орамалсыз жүре алмаймын деп шештім. 
Аллаға шүкір, қазір орамалдамын! 
Сіздерге де берер кеңесім осы, қыздар. Көйлек алсаңыздар, 
ұзынын алып көріңіздер және әзірге бір ғана, мысалы ақ түсті 


орамал алыңыз. Үйде, оңашада тағып көріңіз. Және қазір бәріміз 
әлеуметтік желіде отырамыз ғой, түбегейлі өзгерт демеймін, тым 
болмаса бір-екі жақсы жабық киім сататын дүкендерге жазылып 
қойыңыздар. Ең бастысы, Алланың бұйрығын орындауға 
ұмтылыңыздар! Орамал - Алланың берген нығметі, сізді жеңіл 
ойлы жігіттерден сақтап, абыройыңызға нұқсан келтірмейтін 
қорғаныңыз болып табылады. 
Дінімізде әйелдерді ең бағалы деп санайды. Сол үшін де оны 
бөгде көздерден қорғау, қамқор болу міндет етілген. Әрбір әйел 
сұлу, қылықты, нәзік жаратылыс, мен оған еш күмән 
келтірмеймін. Ол сұлулықты дәлелдеп керегі де жоқ. Ендеше 
қыздар, ашық, «арзан» киімдермен біз де өз бағамызды 
түсірмейікші дегім келеді. Назар қойып, оқып шыққандарыңыз 
үшін рахмет! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет