Орамалды арудың оқиғасы #29
«Расында амалдар ниетке байланысты» деп бекер айтылмаған.
Қалай ниет етсең, солай барлығы беріледі. Былайынша,
әрекетке—берекет. 2020-шы жылы орамалға келу негізі
мүлдем ойымда болмады. Намазды наурыздан бастап оқып
жүрдім, сосын күзде расында орамал әйел адамға парыз екенігдін
түсіндім (парыз—яғни Жаратушының бұйрығы). Өзіме сұрақ
қойдым: «Бұйрықты орындамайтындай мен кіммін?». Тіпті
кішкентай кезде ата-ананың айтқанын жасамасақ бізді
жазалайтын еді ғой, тура сондай ой келіп: «Бұл үшін де жауап
беремін ғой» деп алғаш анама ойымды айттым. Әрине барлық
аналардың айтатыны бір сөз:
- Ой қойшы, онымен жұмысқа тұрмайсың ғой, қайтесің, кейін де
тағасың ғой, - деп ұрсып берді. Анама:
- Мейлі, - дедім де қойдым. Сосын анам әкеме осы әңгімені айтып
беріп:
- Ана қыз орамал тағамын дейді, мен оған ұрсып бердім, - десе,
әкем:
- Нең бар, қайта әурет жерін жапса, бөтен көзден қорғанса, сол
хайырлы ғой, тіпті ол парыз, - деп анамның өзіне ұрсып беріпті.
Негізі мен әкем деп отырған жан шын мәнісінде өгей болып
келеді, бірақ сол кісіден осындай қолдау күтемін деп
ойламаппын. Сонымен гардеробты түгелдей өзгерттім де, алғаш
23 қазан 2020 жылы орамалымды тағып, Алланың әмірін
орындадым!
Міне, осылай көп дұға мен көп білім алудың көмегімен
орамалдың құндығылы мен маңыздығын да ұқтым, Аллаға
шүкір!
Орамалды арудың оқиғасы #30
Мен Монғолиядан боламын, 16-17 жасыма дейін орамалдың бізге
парыз екендігін білетінмін, бірақ амал етпедім, Алла кешірсін..
Орамалды әпкелеріме, сіңілдеріме қатты қызығатынмын.
Қасымнан өтсе, сол кісілер өтіп кеткенше қарап тұратынмын.
Біздің елде мектепті 12 сыныппен аяқтаймыз. Мен де солай
мектеп бітіріп, дәрігер мамандығын таңдап, қалаға бардым. 1
жыл үздік оқып, бірінші курсымды тәмамдадым. Екінші курста
оқып жүргенімде оқуда жүріп өзімнен өзім талып қалыппын.
Неден екендігін, не болғанын да білмеймін. Бұрын-соңды еш
ауырмағам бала кезімнен, Әлхамдулиллә. Сол күні шок
болғаныммен, ертесіне мән бермей оқуға барғанымда тағы құлап,
3 күн бойы осылай жалғасты, қалай құлағанымды өзім де білмей
қалғам.
«Не де болса, дәрігерге көрінейін» деп алғаш рет дәрігерге
көріндім. Дәрігер маған ештеңе айтпай, жанымдағы әпкеме
бірнәрсе айтып, мені шығарып жіберді. Ол кісі ата-анама
хабарласып айтқан екен, бірақ мен білмедім. Мені жәй емделу
үшін деп ауруханаға жатқызды.
Бір ұйықтап тұрсам, анам мен әкем қалаға келіпті. Маған «Жәй
қыдыруға келдік» деді. 7 күн өткен соң мені басқа жерге
жатқызды. Солай жүргенде үлкен операциядан бір-ақ шықтым,
басыма операция жасалды. Одан сабағымды қойып, үйге келдім.
Әлхамдулиллә бәрі жақсы болды. Үйге келген соң басыма тюрбан
тағы, ұзын киімдер киіп жүрдім. Сосын бір қызығы, арасында
жығылып құлап қала беретін болдым. Есімнен танып қалсам
дәрігерлер емес, имамдар дұға оқып оятады екен.
Содан бір күні орамал тағып, айнаға қарап тұрып, «Мен
оранамын!» деп шештім. Алайда барлығы шешіміме қарсы еді.
Содан ең бірінші ата-анама хат жазып, рұқсаттарын алдым,
Әлхамдулилләh. Сондағы түсінгенім - барлығы Алла Тағаланың
қалауы екен.
Маған ең бірінші намаз нәсіп болды, сосын орамалым да, Аллаға
шүкір! Бұл дүние жалған екен, оған да ауырғанымда көз жетті.
Ауырғанымда жанымда достарымның ешбірі болмады, тек қана
жайнамазым мен ата-анам ғана болды. Аллах Тағала мені 3
жағдай арқылы сынап, дүниенің фәнилігін көрсетті, олар:
1) Төсек тартып жатып қалуым;
2) Көзім көрмей қалды, көргенім—қап-қара түнек болды;
3) Үздіксіз дәрілермен екпелерді қабылдауым;
Бірақ әлхамдулилләh, қазір менде бәрі жақсы. Өз оқиғам жайлы
сіздерге де дүниенің жалғандығын, Алланың парызының
маңыздылығын білдіргім келді. Әрі Алла сүйген құлдарын
сынайтындығын ұқтым. Сондықтан қандай қиындық келсе де
берілмеңіздер! Назар салып оқығандарыңыз үшін Алла разы
болғай!
Достарыңызбен бөлісу: |