1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет27/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #33
Жасым 19-да, 3-ші курста оқимын. 1-ші курста оразаға бір ай 
қалғанда намаз оқып бастағам, бірақ ол кезде орамалдың парыз 
екенін білмедім. Үйімізде әкем мен ағам намаз оқитын, ағам 
екеуіміз тәтемнің үйінде тұратынбыз. Ағам намазыма 
үндемейтін. Содан жазда үйге қайтқанымда үйдегілерге 
білдіртпей намаз оқып жүруге тырыстым. Бірақ иманым әлсіз 
болды ма, намазды тастап қойдым.
Содан 2-ші курста қайта бастайын деп шештім. Орамалға да қалай 
келерімді біраз уақыт ойландым. «Группаластарым қалай 
қабылдар екен?» деген де ойлар келетін.
Басқа группада бір орамалды қыз болатын. Ол өте жақсы қыз еді, 
қатты қызығатынмын. Солай жүргенімізде карантин басталып, 
бәріміз үйге қайтатын болдық. Сол сәтті пайдаланып, 
стипендиямды алмай, анам салып жіберетін ақшаны жинап, қара 
түсті юбка, қара скафандра мен қоңыр түсті орамал алдым. Содан 
жолға дайындалып бастадық. Әпкеммен бірге баратын болып, 
киімімді кидім. Өзімді бір ерекше күйде сезіндім, бірақ бір 
жағынан тәтемнен, жездем, бөлем, ағамнан ыңғайсыздандым. 
Тәтем көріп: - Неге қап-қара киініп алғансың? - деді. Мен өзіме 
басқа түс жараспайтындығын айттым. 


Таксимен үйіме жетіп қалдық. Одан алдын анама: 
- Жабық киінемін, - деген болатынмын, анам: 
- Тек жаман жолға түсіп кетпеші, - деген еді. Содан үйге келдім, 
анам күтіп алды. Мені көріп, еш реакциясыз болды. «Мақтамаса 
да, қарсы болғанынан жақсы ғой» деп ойладым. Қалғандары 
ұйықтап жатыр екен. Үйге кіріп, орамалымды шешіп жүре бердім. 
Бір күні сыртқа шығуым керек болып қалды. Киініп алғанмын. 
Сыртта әкем жатқан еді, мен қалай өтерімді білмедім. Ол менің 
орамал кигеніме қарсы болмайтынын білдім, бірақ сонда да 
ыңғайсыздандым. Сол кезде Алла маған көмектесті. 
- Папа, мен жұмыс көруге кетіп бара жатырмын, - дедім. Әкем 
менің ыңғайсызданғанымды білгендей, маған қарамай: 
- Мақұл, - деді. Мен ішімнен «Шүкір!» дедім. Көшеге шығып, 
«Көршілер, сырттағылар, таныстар не дейді?» деп 
ыңғайсыздандым. Содан бір көрші әпке «Осындай ыстықта не 
киіп алғансың?» дегенінде үндей алмадым. 
Жұмысқа тұрдым. Үлкен апалар «Әлі жассың ғой, бұл 
қазақтардың киімі емес» деп қаншама рет айта берді, мен 
үндемедім. Бір күні туысқандардың үйіне бару керек болды. Мен: 
Бармай-ақ қояйыншы, - десем де, қоймай апарды. Апам "Намаз 
оқып жүрсің ба?" деді, ал жеңгелерім "Жарасып тұр екен" деді. Ең 
бірінші рет орамалыма комплимент айтқан сол жеңгелерім еді. 
Содан кейін маған басқалардың ойы мүлдем қызықсыз болып 
қалды. Не десе де мән бермейтін болдым. 
Арада бір жылдай өтті. Группаластарым әлі күнге дейін 
орамалым жайлы білмейді. Бір күні сабақта «Камераны 
қосыңдар» дегенде де алғашқыдай күй кештім. Бірақ сол кезде де 
Алланың маған деген қолдауын сездім. 


Қазір маған өзгнлердің пікіріне бәрібір. Сол үшін орамалға келгісі 
келіп жүрген қыздарға айтарым, басында қорқыныш сезімі 
болады, біреу атып кетердей сезінесіздер. «Адамдар не ойлайды 
екен?» деулеріңіз мүмкін. Олар бір күн сөйлейді, екі-үш күн 
сөйлеуі мүмкін, біраздан соң олардың сізде жұмысы да 
болмайтын болады. Намаз бастап, орамалға келсеңіздер 
қалғанының бәрін Аллаһ Тағаланың өзі жеңілдетіп береді! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет