- Әй, қызың неге орамал тағып алған? - десе, анам:
- Өзі біледі, мен оның таңдауын қолдаймын, енді айтушы
болмаңдар! - деп жауап береді, Аллаға шүкір!
Сөзімнің соңында
мынаны айтқым келеді - Аллаға тәуекел еткен адам ешқашан қор
болмайды!
Орамалды арудың оқиғасы #35
Намаз оқуды 8-ші
сыныптан бері білсем де, орамалға бірде-бір
қадам жасап көрмеппін. Нәпсі «Шіркін, әзірге жүре тұрсаңшы»
дегеніне көне беріппін..
Студент болдым. Ең алғаш тәтем намаз окып бастады, ата-анам
басында қарсылық көрсеткенімен, артынан оны кұптады. Одан
кейін мен де анама
таң намазын оқитынымды айттым, ол келісті.
Демалыс кезінде үйге қайтатын кез келді. Әкем бізді көрді де, «Ең
бастысы оранбасаңдар болды» деді, мен куанғандай болдым.
Карантин басталған кезде діни парақшалардың ішінде қатты
насихат айтып жатқан Фатима
ұстаздың жазбаларын көріп, «Мен
неге Аллаһтын әмірін толық орындамаймын?» дедім. Таң
намаздың орнына 5 уақытты түгелдедім. Үйде де әкемнің көзін
үйрету үшін орамал тағуды әдетке айналдырдым. Тюрбанға көзі
үйрене бастағанда әкеме бәрін түсіндіріп, «Әке, намаз
оқи тұра
оранбаған - тесік шелекке сауап жинағанмен тең» екенін
түсіндірдім. Аллаһтан да жылап сұрадым, күнделікті дұғам сол
болды. «Әкем ештеңе демесе екен» дейтінмін. Оларға қаншама
рет
жылап та, күліп те айттым, барынша тырыстым. Ертесіне
«Орамалдарды намазға аламын» деп көшеге тағып алдым, әкем
үндемеді.
Қуанып кеттім, мұсылман қаруы - дұға екендігіне көзім әбден
жетті!
Әкем қазір ештеңе демейді, бірақ сонда да
іштей қарсы екендігі
байқалады. Аллаға шүкір, қазір анам да орамалға келді, үйдегі
әжеміздің де намаз оқуға ниеті бар.
Әкемнен баскасынын бәрі
намазда, Альхамдулиллях. Барша қыз -келіншектерге де орамалға
келу бақытын тезірек бұйыртсын деймін!
Достарыңызбен бөлісу: