1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет30/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #38
Алланың қалауымен мектепте оқып жүргенімде бірінші рет 
намаз бастадым. 1-ші курс оқып жүргенімде хиджаб тақтым, бірақ 
қатты қорқыныш болып, үйге кіре алмай тұрған едім. Анам мен 
әкем мені көргенде айтқандары «Басқа дінге кіріп кеттің ба?» 
деген сөз болды ғой. Бірақ әкеме де, анама да еш жаман сөйлеген 
емеспін. Сөйтіп хиджаб пен намаздың жақсы жақтарын көрсетіп, 
өзімнің мінезімді керемет қылып өзгертемін деп өзіме уәде 
бердім. Менің орамалым үшін амандаспай, араласпай кеткен 
адамдар да болды. Өзімді өзгерте бастаған сәтте анам мен 
әкемнің «Орамалыңды таста» деген сөздері азая бастады. 
Әрқашан дұғада болдым, «Өмірімнің соңына дейін орамалымды 
тастамаймын!» деп өзіме күнде айтып жүрдім. Өзім студентпін, 
оқуға хиджабпен барғанымда ректор шақырып алып, сөзін 
бастады: 
- Заңды, білесіз, орамалмен болмайды, сіздің данныйларыңызды 
сұрап жатыр, тізімге енгізіп қояды, - деді. Мен: 
- Қарсылығым жоқ, бере беріңіз, - деген едім, ректор ағай 
ойланып тұрды да: 
- Қарындасым, айналайын, бұл нарсеге өз басым қарсы емеспін, 
ешнәрсе демеймін, жүре бер, - деп айтты. Ол кісіге Аллаh разы 
болсын! Ниетіміз түзу болса, сай болса, АллаҺтың өзі барлығын 


өз орнына қойып қояды екенғой. Аллаhқа сансыз шүкіршілік 
айтамын! 
Бір күні үйге туысқан әпшеміз келіп, маған ішіне жиналғанының 
барлығын айтып тастады, сол сөздері маған қатты тиген еді. 
Әкем мен анам келген соң барлығын оларға айтып, жылап та 
алдым. Сол сәтте ата-анамның көзқарастары өзгере бастады ғой! 
Аллаhтан дұға қылып жүрдім, қандай жағдайға тап болсам да, 
әрқашанда жауабы мен шешімі дайын болып тұратын. Аллаhтың 
құдіреттілігі шексіз, Алла Тағалаға деген махаббатым одан сайын 
арта түсті. Раббым сол күнді нәсіп етіп, ақыры ата-анам 
орамалымды мойындады ғой. Бірақ маған айтылған сөздер
дұрыс емес пікірлер кейде болады. 
Орамалыма байланысты сынақ менде жақында тағы болды. 
Сөйлесіп жүрген жігітім екеуміздің ( ниетіміз отбасы құру болып 
еді) «Тәтті шайға барамыз» деп дайындалып отырғанда 
арақатынасымыз толықтай бітті. Өйткені оның ата-анасы 
хиджабтағы қызды келін қыла алмайды екен. Маған бұл өте 
қатты қиын болды. Бірақ Алла Тағала бізге ненің хайырлы екенін 
білуші ғой. Шын ниет етсек, дұғада болсақ, Аллаh Тағалам береді 
екен ғой! 
Менің орамалға келуіме себепші болған адамға да көөп 
рахметімді айтамын, барлық нарсе АллаҺтың қалауымен. Назар 
салып оқығандарыңыз үшін рахмет, барлықтарыңызға Аллаhтың 
берекеті мен сәлемі болсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет