жақсы екен» деп қолдау көрсетеді. Достарым да, басқа жандар да
сыйлайды.
Бір жеңгем бар болатын жасы шамамен 50-лерде.
Сол кісі кейде
сөзбен тиісіп, «Ананы неменеге тағып алғансың?» дейтін. Ол кісі
орамалға қарсы болатын, мен кішкене қынжылып қалатынмын.
Бір күні анама:
- Жеңгем осылай маған тиісе береді, - деп едім, анам:
- Тыңдамай-ақ қой, бір жаңа нәрсе алсаң, бірдеңе бастасаң көре
алмай, сөзбен тисіп қалуы керек оның, - деп мені жұбатты. Аллаға
шүкір осындай отбасымның барына!
Басқа қыздарға айтарым, Алладан дұғада
тілеңіздер, барлығы
жақсы болады Ин шәә Алла!
Орамалды арудың оқиғасы #42
@zhannyn_sayasy_ парақшасынан «Орамалым-Қорғаным»
рубрикасын көріп менің де орамалға қатты келгім келетін,
алайда ата-анам хиджабқа түбегейлі қарсы болып жүрді. Мен
сонда да хиджаб киюді өте қатты қаладым. Намаз оқып жүріп
хиджаб жайлы уағыздар тындадым. Бір күні анама:
- Болды, мен хиджаб киемін! - деп едім, анам:
- Хиджаб кисең, үйге кіргізбеймін, - деді. Мен бәрібір де сол күні
хиджаб тағып шығып, анама:
- Егер де кімде-кім Алланың парызын орындауына қарсы болса,
Қиямет күні сол үшін жауап береді, - дедім. Анам:
- 9-шы сынып оқисың ғой әлі, қазір дистанционка болғаны да
ыңғайлы болды,— деді. Бірақ мен ойланып тұрып анама:
- Кімнің қашан демі
таусылатынын ешкім білмейді, - деп едім, ол
үндеген жоқ. Осылайша Альхамдулиллах, қазір мен де
хиджабтамын!
Достарыңызбен бөлісу: