Осылайша мен бұл тақырыпты 1-2 күнге жапа тұрдым. Бірақ ол
кісілер қарсы болса да мен орамалға келдім, Аллаға шүкір! Анама
келіп:
- Мен енді орамал тағамын, енді ешкімнің сөзі де, өзі де әсер
етпейді - дедім. Анама айту қиынға соқпады, себебі анаммен
құрбылар сияқты шүйіркелесетінбіз, оның үстіне үйдің үлкенімін.
Сөзімнен қайтпайтынымды білгендіктен анам қатты қарсы да
болмады. Енді мені шамалы қорқытатын нәрсе - әкем қалай
қабылдайды екен? Себебі ол мені әлі орамалмен көрмеді..
Мен үйде өз киіміммен жүремін. Тек сыртта ғана орамалмен
шығамын. Ал сыртқа көп шығуды ұнатпағандықтан, әкем де
байқамаған тұғын. Бірақ қатты да уайымдамаймын. Себебі
әкемның де қарсы болмайтынына сенімім мол. Ин шәә Алла
қарсы болмайды!
Барлық орамалға келуді армандап жүрген аруларымызға
жұғысты болғай!
Достарыңызбен бөлісу: