1-ші бөлім 50 қыздың Алланың әмірін орындап, хиджабқа келу оқиғалары Орамалды арудың оқиғасы #1



Pdf көрінісі
бет16/38
Дата24.12.2023
өлшемі0,91 Mb.
#198953
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38
Байланысты:
Орамалым қорғаным кітабы 1 ші бөлім

Орамалды арудың оқиғасы #18
Отбасым намазда болғандықтан, діни білім алып өстім. 
«Намазсыз өліп кетсем қабір мен тозақ азабына қалаи
шыдаи мын?» деген қорқыныш болатын, солаи ша 14 жаста 
намазға келдім. Алаи да орамал тағуға даи ын болмаған едім. Әкем 
болса орамалға келгенімді қатты қалап, маған сан мәрте ескертті, 
бірақ мен «Мектепте тақтырмаи ды» деген сылтаумен орамалға 
келмедім, тек жабық киініп, шашымды жинап жүре беретінмін. 


9-шы сыныптан бастап ата-анаммен сыртқа шыққанда оранып 
жүруді әдетке аи налдырдым. Орамал тағып аи наға қарағанда өз-
өзіме сүи сінетінмін. Дегенмен орамалдың қадір-қасиетін жете 
ұғына алмадым. Солаи ои ланып жүргенімде 10-шы сыныпта 
физматқа оқуға түстім. Интернатымызда орамал тақпақ түгілі 
намаз оқуға қатаң тыи ым салынған тұғын. Апаи лар бөлмені жиі 
тексеріп тұратын. Бірақ ештеңеге қарамастан намазыма берік 
болдым. Талаи мәрте апаи ымнан сөз естісем де намазды 
тастамадым, ұржттың да сөзіне мән бермедім. Сол кезде орамал 
тақпаи намаз оқып жүрудің қандаи қиын екенін түсіндім. 
Намазда болсам да, сырт көзге өзгелерден еш аи ырмашылығым 
жоқ еді. «Бұл сонда қалаи ? Кімді алдап жүрмін? Тесік дорбаға 
сауап жинап жүрмін бе?» деген сұрақтар мені жиі мазалаи берді. 
11-ші сыныпта бар ои ым ҰБТ-да болды. Алаи да «Осылаи
жүргенім үшін бір күні қатты ұялатын боламын» деген ои
келетін, сондықтан сыныптастарыммен суретке көп 
түспеи тінмін. Орамалға келуге қатты ниеттеніп, тезірек мектеп 
бітіруді қаладым. 
Бір күні әкеме «Мектеп бітірген соң хиджаб киетін боламын» деп 
нық сеніммен аи ттым. Әкем қуанып, ризашылығын білдірді. 
Анам да қуанды, бірақ апам екеуі «Әуелі оқуға түсіп ал, сосын 
орамалға келгенің дұрыс болар» деді. Бірақ мен ол сөздерге аса 
назар аудармадым. Себебі орамал тағуды қатты қаладым.
Осылаи ша мектепті бітіріп, ҰБТ тапсырдым, ал 1-2 апта өткен соң 
бірден оранып алдым. Бои ымда бір өзгеше бақыт сезімі болды, 
алғашында өзіме де бәрі қызық болған еді. Таныстарым, 
достарым, тіпті туыстарым таңдана қарап, «Хиджаб киіп алыпсың 
ғой» деумен болды.
Анам қатты уайымдап, «Оқуға түсе алмай қалсаң қайтесің, 
универде таққызбай қойса ше?» деп алаңдап жүрді (анам да 


хиджабта болатын). Оның бұл уайымын мен жақсы түсіндім. Өзім 
де іштей қобалжып, мазасызданып жүрдім, көбірек дұға жасадым. 
«Алланың парызы бәрінен артық, бұдан әрі парызды орындамай, 
жүрегімді қатайтып жүре бергім келмейді» дедім. 
Расында Алла маған жәрдем беріп, Асфендияров атындағы Қазақ 
Ұлттық Медицина Университетіне грантқа түстім. Универде бәрі 
маған ерекше сыйластықпен қарайтын. Ұлдар да құрметпен 
қарап, артық сөз айтпайтын. Жалпы айтқанда, адамдар 
арасындағы сый-құрметім арта түсті, әрі иманым да күшейді, 
мінезім де тұрақтала түсті. Өмірім қуаныш пен бақытқа толды. 
Өзімді нағыз бақытты мүмин сезіне бастадым. Өткен күндерім 
үшін тәубе еттім. Бұл менің намазға келгенде сезінген бақытты 
қайта сезінуім еді! 
Міне, биыл басымдағы алтын тәжді түсірмей тағып жүргеніме 1 
жылдан асты. Альхамдулиллях, шынайы бақыттымын. Өзімді 
нағыз ханшайымдай сезінемін. Бұрынғы күндерімді еске алсам, 
өзіме ашуым келеді. Хиджабқа ерте келмегенім үшін қатты 
өкінемін. Осы қателігімді басқалардың қайталап, мен сияқты 
өкінгенін қаламаймын. Сондықтан қыздар қауымына айтарым, 
Алланың парызына амал етіңіздер, Алла өзі көмектесіп, 
жеңілдігін береді. Бұл дүниенің ыстығын тозақтың ыстығымен 
салыстыруға келмейді. Ар-ұяттарыңызды қорғап, өздеріңізді 
арам көз бен бөгде сөзден сақтаңыздар!Орамалдағы сұлуларым, 
сіздер әрбір басқан қадамдарыңыз үшін сауап жинаудасыздар ин 
шәә Алла, орамалдарыңызға берік болыңыздар. Бұл дүниенің 
уақытша сынақтары еңселеріңізді түсірмесін. Орамалдың қадірін 
кетірмей, шариғат нормасына сай әрі қарапайым киініңіздер. 
Бастарыңыздағы алтын тәж Жәннатқа кірулеріңізге себепші 
болады ин шәә Алла! Барлық қыз-келіншектерге Алла орамалды 
нәсіп етсін. Иманды, салихалы қыздарымыз көп болсын! 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет