1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет25/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

3.
 
1985-1991 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. 
Осылайша «қайта құрудың» алғашқы кезеңінің нәтижелері экономиканы 
және қоғамдық-саяси өмірді жоғарыдан жүзеге асырылған жеңіл-желпі 
шаралармен реформалау мүмкін еместігін айдан-анық көрсетті. 1988 жылдан 
бастап Коммунистік партия тарапына сындар айтылып, жаңа қоғамдық 
ұйымдар құрыла бастады. 1987 жылы тамызда тұңғыш тәуелсіз ұйым - 
әлеуметтік-экологиялық «Инициатива» бірлестігі құрылып, ол өзінің алдына 
соғысқа қарсы тұру, экологияны, бейбітшілікті қорғау, қоғамды 
демократияландыру мақсатын қойды. Жұмысшы қозғалысы да елеулі саяси 
күшке айналды. Оның қатарында Қарағанды көмір бассейнінің шахтерлары 
ерекше рөл атқарды. 1989 жылы Жаңаөзендегі оқиға әлеуметтік- 
экономикалық саладағы көкейтесті мәселелерді көтерді. 
Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында Бұқаралық 
хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан 
жағдайларды, өзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. 
Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар 
жөнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында халықтың азаматтық және 
ұлттық сана-сезімі едәуір өсті. Қоғамда орын алған жұмыссыздық, балалар 
өлімі, халықтың мәдени-тұрмыстық, үй-жай жөнінде әлеуметтік зерттеулер 
жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның өзі 
Бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге көмектесті. 


Қайта құру барысында қазақ халқы өзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана 
тілі, мемлекеттік егемендік алу жөнінде талаптарын қоя бастады, бұл 
мәселелер жаңа қырынан көрініс тапты. 
Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп 
өрістеуі кеңестердің қызметінен айқын көріне бастады. «Барлық өкімет 
Кеңестерге берілсін!» деген ұран жанданды. Бұл мәселені бастапқы кезде 
кеңестерге партия басшылығын күшейту арқылы шешу үшін күш салынды, 
бірақ одан ештеңе шықпады. Өйткені, компартияның қызметінде елеулі 
кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. Алайда, осыған қарамастан, 
1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге 
халық депутаттарын сайлау округтер бойынша көп мандатты негізде іске 
асырылды. Республиканың 19 ауданында көп мандатты округтік сайлау 
барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і 
депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 
ауылдық және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам 
резервке кіргізілді. Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы 
еңбеккерлері 
арасында 
КСРО 
Ғылым 
Академиясы 
әлеуметтану 
институтының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым көпшілігі бұл 
жаңа тәртіпті мақұлдады. Өйткені, көптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа 
кандидат етіп өздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал 
кандидаттар Бұқара халықпен кездесу барысында өздерінің бағдарламаларын 
анықтауға, онымен еңбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды. 
1988 жылғы шілде-тамыз айларында өткен Бүкілодақтық XIX партия 
конференциясында Кеңес қоғамының саяси жүйесіне реформа жүргізу 
қажеттігі атап көрсетілді. Онда ең басты мәселе - халық депутаттары 
Кеңестерінің толыққанды өкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына 
келтіру көзделді. Конференцияның шешімдеріне сәйкес қысқа уақыт ішінде 
ең жоғарғы мемлекет органдарын қайта құру жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 
желтоқсанда қабылданған «КСРО Конституциясына қосымша өзгерістер 
енгізу туралы» және «КСРО халық депутаттарын сайлау» жөніндегі заңдарда 
өзінің шынайы көрінісін тапты. 
Толғағы жеткен мәселелерді өзі шешуге республиканың құқылы болуы 
Қазақстанның өткен кезеңінде жіберілген ағаттықтарын түзетуге мүмкіндік 
туғызды. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 
қаулысымен 1930-1940-жылдары және 1950-жылдардың бас кезінде 
сотталған және жазаға ұшыраған халқымыздың даңқты өкілдерінің есімі 
халқына қайтарылды. Әсіресе Шәкәрім Құдайбердіұлының, Әлихан 
Бөкейханның, Ахмет Байтұрсыновтың, Мағжан Жұмабаевтың, Жүсіпбек 
Аймауытовтың, Міржақып Дулатовтың шығармашылық мұраларының 
ақталуы жұртшылық арасында зор қолдауға ие болды. Сөйтіп, Алаш 
көсемдері 1988 жылы ресми ақталды. 
«Қайта құрудың» екінші кезеңі 1989 ж. көктемдегі сайлауға байланысты 
басталды. Сайлау науқаны кезінде нарықтық экономикаға және меншікке 
көшу үшін, ұлттық республикалар мен аймақтардың құқығын кеңейту үшін 
белсенді күрес басталды. Демократиялық процестердің даму барысында 


көрнекті рөл атқарған 1989 жылы наурыз айында өткен КСРО халық 
депутаттарының I съезі болды. Осы съезде Г.В. Колбин одақтық халық 
бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалып, Мәскеуге кетті. Оның 
орнына осы жылғы 1989 жылы шілдеде Н.Ә. Назарбаев сайланды. 
Саяси өмірде болған өзгерістер ұлттық сананың оянуын туғызды. Мұның 
айқын көріністерінің бірі ядролық қаруға қарсы халықтық қозғалыс болды. 
1989 жылы ақпанда республика жұртшылығының жиынында тұңғыш 
«Невада-Семей» қозғалысының бастамасы салынды. Оны белгілі қоғам 
қайраткері, ақын О.Сүлейменов басқарды. Бұл қозғалыс бүкіл Қазақстан 
халқы тарапынан қолдау тауып, осы жылдың 1989 жылдың 6 тамызында 
Семей облысы Қарауыл ауылында өткен жиында КСРО мен АҚШ-тың 
халықтары мен Президенттеріне ядролық сынауға бірлесіп мораторий 
жариялау қажеттігі жөнінде үндеу қабылдады. Одақтық үкімет Семей 
полигонындағы жарылысты азайтуға мәжбүр болып, 1989 ж. полигонда 
жоспарланған 
18 
жарылыстың 
11-ін 
тоқтатты. 
«Невада-Семей» 
қозғалысының бастамасы бойынша 1990 жылы мамырда Алматыда әлемдегі 
барлық антиядролық қозғалыстардың барлық ядролық державаларда қаруды 
сынауды толық тоқтату жолындағы күш-жігерін біріктіру мақсатында 
«Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы» деген халықаралық 
конгресс өтті. 
Елдегі жүріп жатқан саяси реформаның екінші кезеңі - республикаларды, 
өлкелерді, облыстарды, қалаларды, аудандар мен округтерді басқарудың 
жаңа жүйесін құру еді. Ондағы негізгі мақсат - Бұқара халық өкілдері 
органдарының рөлін тек орталықта ғана емес, сондай-ақ жергілікті жерлерде 
де көтеру болатын. Оны тәжірибе жүзінде іске асыру үшін партия 
комитеттерінің 
бірінші 
хатшылары 
халық 
депутаттары 
Кеңесінің 
төрағаларына ұсынылды. Бірақ мұндай өзгеріс барлық жерлерде бірдей 
міндетті еместігі айтылды. Міне, осының нәтижесінде 1990 жылғы жергілікті 
кеңестер сайлауының қорытындысы бойынша Қазақстанда 9 қалалық және 
аудандық Кеңестерге кандидаттар бөлек-бөлек сайланды. 
Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы 
Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен өтті. Онда Қазақстан Компартиясы 
Орталық Комитетінің 1-хатшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы 
Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Осыдан көп кешікпей-ақ орталықтағы 
сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет енгізілді. Сөйтіп, 
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә. Назарбаевты 
республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады. Н.Ә. Назарбаевтың 
президент болып сайлануы республикада саяси-экономикалық мәселелерді 
шешуде жаңа идеялардың өрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен 
Қазақстанда елді басқару ісіне көптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын 
басқарудың барлық сатыларында сапалы жаңа өзгерістер енгізілді. 
Республика Жоғарғы кеңесі 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда болған 
оқиғаға байланысты жағдайларға түпкілікті баға беру жөнінде арнайы 
комиссия құрды. 


Қоғамды демократияландыруда халық депутаттары Кеңесінің заң шығару 
қызметі маңызды рөл атқарды. Бұл салада он екінші шақырылған Қазақ КСР 
Жоғарғы Кеңесі (1990 ж. сәуір) жетекші орын алды. 1990-1991 жж. 
қабылданған республика заңдарында әрбір адамның бостандықтары мен 
адамгершілік қасиеттерін көрсетуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге 
зор көңіл бөлінді. Қалыптасқан жағдайдың талаптарына сай республика 
заңдарын жаңарту құқықтық мемлекет құру жолындағы елеулі қадам бол- 
ды. Заңдар Қазақстанның саяси және экономикалық егемендігін іс жүзінде 
нығайтуға, демократия жолына бүкіл саналы күштерді топтастыруға 
бағытталды. Олар азаматтардың құқықтарын едәуір кеңейтіп, республикада 
тұрып жатқан барлық ұлттар өкілдерінің талап-тілегіне жауап беретін еді. 
Республика парламентінің қазақ тіліне мемлекеттік тіл дәрежесін берген 
«Қазақ КСР-нің тіл туралы заңын» 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылдауы 
маңызы зор оқиға болды. 
Елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгерістер Бұқара халық 
арасында әртүрлі көзқарастардың, түрлі қоғамдық пікірлердің ашық 
айтылуына және бірқатар саяси партиялар құрылып, олардың еркін жұмыс 
істеуіне жағдай жасалды. Мысалы, 1990 жылы Қазақстан социал-
демократиялық партиясы құрылды. Бұл партияның алдына қойған басты 
мақсаты - республикалық парламент сайлауына қатынасып, оның құрамына 
өздерінің өкілдерін депутат етіп өткізу еді. Сондай-ақ, партия қоғамдағы 
жеке меншікті мойындады және өзінің қызметінде кәсіпкерлікті қолдап 
отыруды көздеді. 
1990 жылы Қазақстанда «Азат» азаматтық қозғалысы қалыптасты. Оның 
басты мақсаты - Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін, заң алдында 
барлық азаматтардың тең құқықтылығын, әлеуметтік әділеттілікті қорғау 
болды. Одан басқа республикада «Алаш», «Желтоқсан», т.б. саяси 
қозғалыстар пайда болды. Мұның өзі Қазақстанда көппартиялық жүйенің 
қалыптаса бастағанын көрсетті. 
Қорыта келгенде, XX ғасырдың 70-80-жылдары қоғамдық-саяси өмірдегі 
және әлеуметтік-экономикалық дамудағы теріс құбылыстар одан әрі өсіп, 
қоғамдағы қайшылықтар мейлінше шиеленісе түсті. Сол кездегі күшпен 
ұстап тұрған кеңестік тоталитарлық жүйенің құлдырауы жағдайында басқаша 
болуы мүмкін де емес еді. 1985 жылдан басталған қоғамдық-экономикалық 
өмірді қайта құру, горбачевтік социализмді «жаңарту» әрекеттері ешқандай 
оң нэтиже бермеді, КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара 
алмады және құтқара да алмайтын еді. Керісінше, кеңестік әкімшіл-әміршіл 
жүйе тоқырауға ұшырап, қоғамның барлық салаларын қамтыған дағдарыс 
одан әрі тереңдей түсті. 
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі - экономикалық дамуда 
артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық 
жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл 
әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан 
кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік 
елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса 


көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 
20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан 
зор зардаптарға ұшыратты. 
Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер 
туралы 1986 жылдан бастап ашық айтыла бастады. 12-бесжылдықта (1986-
1990 жж.) республика экономикасын қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, 
жаңа идеяларды іске асырудың жолдары қарастырылды. Мұның өзі 
бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды жақсартуда, 
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді. 
Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың 
деңгейінен көп төмен жатты. Оның негізгі себебі, басқарудың әкімшіл-
әміршіл жүйесінің икемсіздігіне байланысты еді. Ең бастысы өндірістің 
тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете пайдаланылмады, оның 
толып жатқан көздері іске қосылмады. 1990 жылдың орта шенінде өнімнің 
өсу қарқынының бұрынғы жылдармен салыстырғанда мықтап құлдырағаны 
байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-
әлеуметтік жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы 
кеншілердің, металлургтердің тұрмыс дәрежесі мейлінше төмендеді. Осыған 
орай, олар өздерінің наразылығын ашық білдіре бастады. Кеншілер 
ұжымдарының еріктілігін, шығарылган көмірдің кейбір бөлігін өздерінің 
қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік 
берілуін талап етті. 
Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген 
салаларын қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық 
тұтынатын тауарларды өндіру нашар жағдайда болды. Қажетті 
материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың қарқыны баяулап
жоспарлар орындалмады. 
Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-
қатынас аясына шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы 
экономикалық кеңес құрылды. Оның құрамына енген белгілі экономист 
Г.Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг, тағы басқа ірі экономист 
мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің 
мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шұғылданды. 
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жекеменшіктің жаңа 
формалары - акционерлік қоғамдар, жалдық және кооперативтік 
кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі 
қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса бастады. 1991 жылдың 
ортасында республикада 35 біріккен кэсіпорындар, 16 сыртқы экономикалық 
қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс істеді. 
Дегенмен, әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы 
республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен 
шаруашылық қарым-қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда 
экономикалық қиындықтар күшейді. 1991 жылдың қорытындысында 
қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда 7,2%-ке, 
ұлттық табыс 10%- ке, еңбек өнімділігі 5,4%-ке төмендеді. Тұтыну-сауда 


саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының 
ерекше қысқаруы «көлеңкелі» экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың 
тұрмыс дәрежесінің одан әрі төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның құны 
түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі 1991 жылы 1990 жылмен 
салыстырғанда 4,5 есе өсіп 8,7 миллиард сомға жетті, оның 3 миллиарды 
1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. 
Республиканың мемлекеттік қарызы 7,8 миллиард сомға дейін өсті. 1991 
жылы Қазақстандағы барлық кәсіпорындар мен ұжымдардың 11%-і 
шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық тұтынатын тауарлар 
азайды. 
Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық 
сектордың жағдайын едәуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 
1991 жылы ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы 1,5-3 есеге дейін 
өссе, ауыл шаруашылығына қажетті тетік пен мен машиналарды сатып алу 
бағасы одан бірнеше есе асып түсті. Оның үстіне ауылшаруашылық 
өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың 
үлкен зардабы тиді. Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана 
алынды, мал шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60-65 %-тен асқан жоқ. 
Соның салдарынан республикада ет, сүт, жұмыртқа сатып алу деңгейі 
төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың саны азайды. 1991 жылы 1990 
жылмен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімі 8%-ке, еңбек өнімділігі 11%-
ке төмендеді. Мемлекетке небәрі 3,2 миллион тонна астық сатылып, бұл 
барлық жиналған астықтың тек 27%-ін ғана құрады. Колхоздар мен 
совхоздардың 
қаржы 
жағдайы 
нашарлап, 
экономикалық 
тиімсіз 
шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өсті. 
Халық шаруашылығына жұмсалған қаржының барлық көлемі 1990 
жылмен салыстырғанда 7%-ке азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық 
шаруашылығы объектілерінің тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған 
құрылыстар саны 1,4 есеге көбейді. Оған жұмсалмай қалған қаржы 1991 
жылдың аяғында 17 миллиард сомға жетті. Транспорт бойынша 1990 жылмен 
салыстырғанда жолаушыларды тасу 8%-ке қысқарды. Шет елдерге 
бұрынғысынша шикізат, жартылай өңделген материалдарды шығару басым 
болды. Оның 60% қара және түсті металлургия өнеркәсіп өнімдерін құрады. 
Есесіне республика басқа жерлерден бұрынғыша машина жасау өнеркәсібіне 
қажетті жабдықтардың 250-ден астам түрлерін, 13% көлемінде халық 
тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті материалдар 
мен шикізатты алдырды. 
Мұндай жағдай өзге республикаларда да орын алды. Осыған байланысты 
Кеңес Одағы елдерінде ұлттық толқулар күшейді. Сумгаиттегі, Таулы 
Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадагы оқиғалар ұлттық мәселелерді 
шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын айқындады. Кеңес басшылары 
ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, ұлтаралық қатынастар мен оны 
шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Сондықтан бірқатар ұлт 
республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы 
жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың 


қарашасы 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы 
Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы 
алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, 
жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 
1989-1990 жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа 
республикалары да қабылдады. 
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл 
күйреуі жағдайында 1990 жылы 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі 
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады. Бұл 
Декларацияда негізінен мына мәселелерге мән берілді: КСРО мен ҚазКСР 
арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; Республика 
әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және 
мәдени-ұлттық құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес 
шешеді; Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО 
заңдарының 
қолданылуын 
тоқтатуға 
құқылы; 
Қазақстанның 
өз 
шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді және оның 
келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның 
аумағында басқа мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери 
базалары орналаса алмайды; Қазақстан өзінің дербес ішкі әскерін, 
мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын ұстауға құқылы. Қазақ 
КСР халықаралық қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы 
саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу және Қазақ 
КСР жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы 
туралы арнайы бапта көрсетілді. Егемендік алу Қазақстанда жалпы 
демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып 
жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. 1991 жылдың ортасынан-ақ 
Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа оппозицияда 
болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен, 
Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан 
шекараларды, 
орнатылып 
жатқан 
өзара 
пайдалы 
экономикалық 
байланыстарды мойындау туралы екіжақты келісімдер жасалды. 1990 жылы 
желтоқсанда төрт республика - Ресей, Украина, Белоруссия және Қазақстан 
егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива көтерді, Новоогарев 
келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет