1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет52/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

Делимитация
Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесі 
2000-2002 жылдар аралығында өтті. 
Анықталған күрделі учаскелер мен тараптардың ұсыныстары өзара 
сыйластық пен тең құқылық қағидаттарының негізінде, жергілікті халықтың 
мүдделері ескеріле отырып шешілді. 
Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын делимитациялау процесін екі 
кезеңге бөлуге болады. 
Бірінші кезең. Шекара сызығының бүкіл ұзақтығының 96 пайызын 
анықтап берген, 2001 жылғы 16 қарашада Астанада мемлекет басшылары қол 
қойған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы 
Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шартты дайындау. 
Екінші кезең. Бірлескен шекара сызығын анықтауды толығымен 
аяқтаған, 2002 жылғы 9 қыркүйекте Астанада Қазақстан мен Өзбекстан 


Президенттері қол қойған Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасының 
жекелеген учаскелері туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан 
Республикасы арасындағы шартты әзірлеу. 
Аталған Шарттар 2003 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді. 
Демаркация
Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесі 2003 
жылы, ал далалық жұмыстар 2004 жылдың сәуірде басталды. 
Тараптар 
шекаралық 
белгілерді 
орнату 
жөніндегі 
далалық 
демаркациялық жұмыстарды негізінде аяқтады. 
Казіргі уақытта мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды 
құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмыс жүргізілуде. 
Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы 
Делимитация
2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен 
Түрікменстанның 
Қазақстан-Түрікменстан 
мемлекеттік 
шекарасын 
делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартқа мемлекет 
басшылары қол қойды. 
Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы 
келіссөздер 2000-2001 жылдар аралығында сындарлы әрі іскерлік жағдайда 
өтті. Тараптар 1972 жылы Қазақ КСР-і мен Түрікмен КСР-і арасында 
келісілген шекара сызығын өзгерту туралы ешбір ұсыныстар білдірмеді. 
Демаркация
Бірлескен шекараны демаркациялауға бағытталған іс-шаралар 2003 
жылы басталды. Шекарада шекаралық белгілерді орнатуға тараптар 2005 
жылы кірісті. 
Тараптар 
шекаралық 
белгілерді 
орнату 
жөніндегі 
далалық 
демаркациялық жұмыстарды негізінде аяқтады. Қазақстан-Түрікмен 
нмемлекеттік шекарасының жалпы шегенделген ұзақтығы 458,3 км. 
Шекара сызығы 330 шекаралық белгілермен белгіленген. 
2017 жылғы 18 сәуірде екі мемлекеттің басшылары Қазақстан 
Республикасы 
мен 
Түрікменстан 
арасындағы 
Қазақстан-Түрікмен 
Мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімге Астана қаласында қол 
қойды. 
Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы 
Делимитация
Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын делимитациялау жөніндегі 
келіссөздер 1999 жылдың қарашасынан 2001 жылдың желтоқсанына дейін 
өтті. Осы келіссөздердің нәтижесі бойынша Мемлекет басшылары 2001 
жылғы 15 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен 
Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасы 
туралы шартқа қол қойды. Аталған Шарт 2008 жылғы 5 тамызда күшіне енді. 
Демаркация
Тараптар 
мемлекеттік 
шекараны 
демаркациялау 
жөніндегі 
келіссөздерге және Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы 
арасындағы шекарада шекара белгілерін орнатуға 2008 жылдың күзде кірісті. 


Шекаралық белгілерді орнату жөніндегі далалық демаркациялық 
жұмыстары 
негізінде 
аяқталды. 
Қазақстан-Түрікмен 
нмемлекеттік 
шекарасының жалпы шегенделген ұзақтығы 1257 км. 
Шекара сызығы 683 шекаралық белгілермен белгіленген. 
2017 жылғы 25 желтоқсанда екі мемлекеттің басшылары Қазақстан 
Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-Қырғыз 
Мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартқа Астана қаласында қол 
қойды. 
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы 
Делимитация
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау туралы 
келіссөздер 1999 жылдың қыркүйегінен 2005 жылдың қаңтарына дейін 
жалғасты. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Ресей 
Федерациясына ресми сапары барысында 2005 жылдың 18 қаңтарда Мәскеу 
қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа мемлекет басшылары 
қол қойды. 
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюмен 
Қазақстан өзінің құрылықтағы шекарасын бүкіл өн бойында құқықтық 
ресімдеуді аяқтады. Шарт 2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енді. 
Демаркация
Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі 
бірлескен комиссия өз жұмысына 2007 жылғы шілде айында кірісті. 
2009 жылдың мамырда тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей 
Федерациясы арасындағы шекарада шекара белгілерін орнатуды бастады. 
Бірлескен мемлекеттік шекараны демаркациялау процесі жалғасуда. 
Қазақстан Республикасының шектес елдермен мемлекеттік 
шекарасының түйісу нүктелер 
Қазақстанның 
мемлекеттік 
шекарасында 
шектес 
елдердің 
шекараларымен төрт түйісу нүктелері бар. Үш жақты форматта қол қойылып, 
күшіне енген келісімдер: 
1. 1999 жылғы 5 мамырдағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық 
Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы Үш мемлекеттің 
мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесін айқындау туралы келісім; 
2. 1999 жылғы 25 тамыздағы Қазақстан Республикасы, Қытай Халық 
Республикасы және Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің 
мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім; 
3. 2001 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы, Қырғыз 
Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің 
мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі туралы келісім. 
4. 2017 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы, Түрікменстан 
және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік 
шекараларының түйісу нүктесінің ауданы туралы шарт. Қазіргі уақытта 


тараптар шарттың күшіне ену үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдерді 
жүргізуде. 
Мемлекеттік шекараның жалпы ұзақтығы 13383 км., оның ішінде: 
- Қытай Халық Республикасымен – 1 783 км. шамасында; 
- Қырғыз Республикасымен – 1 257 км. шамасында; 
- Өзбекстан Республикасымен – 2 351 км. шамасында; 
- Түрікменстанмен – 458,3 км. шамасында; 
- Ресей Федерациясымен – 7 548 км. шамасында. 
Осы жылдар ішінде ҚХР, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғыстан, 
Ресеймен арадағы шекара мәселелері толығымен реттелді. Бұл орасан зор 
тарихи маңызы бар оқиға.
«Шанхай бестігі» шеңберінде қабылданған шекаралар аса аумақты 
географиялық кеңістікте сенім, серіктестік пен тұрақтылық саясатының 
негізін қалады.
1992 жылы 7 мамырда Президенттің жарлығымен ҚР-ның қарулы 
Күштері құрылды. Аз ғана мерзімде мемлекетімізде демократиялық үрдістер 
қанат жайды.
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә. 
Назарбаевтың 
бастамасымен 2003 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында Әлемдік 
және дәстүрлі діндер лидерлерінің I Съезі өтті.
Алғашқы дінаралық форумның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, 
синтоизм, индуизм және буддизмнің аса беделді өкілдері қатысты.
Аса қадірлі қонақтар ретінде Сауд Арабиясы Королінің арнайы өкілі - 
Ә.Әл Аш-Шейх, Египет Президентінің арнайы өкілі, Уақыфтар Министрі -
М.Закзук, Японияның бұрынғы Премьер-Министрі Ц.Хата, БҰҰ Бас 
хатшысының арнайы өкілі В.Сотиров сияқты белгілі саясаткерлер қатысты.
Конфессияаралық форум өткізу туралы Қазақстан бастамасын іске 
асырудағы сөзсіз сәттілік - Съез қатысушыларының ауқымды құрамы мен 
жоғары деңгейі болып табылады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алғашқы рет бас қосып, ортақ 
құжат қабылдады. Форумда православие, католицизм, протестанттылықты 
қоса алғанда христиандықтың тармақтар, ислам дінінің басты орталықтары, 
суннит, шиит, иудаизм өкілдері мен азиялық діндер ұсынылды.
Съез өркениетаралық және мәдениаралық диалогтың ғаламдық үдерісіне 
қосқан елеулі үлес болып айғақталды. Форум өркениеттер дағдарысы мен 
мәдени және діни айырмашылықтар шиеленістерін еңсерудегі дүниежүзілік 
қоғамның 
күшейтулеріне, 
сонымен 
қатар 
толеранттылыққа, 
тұрақтылықтыққа 
және 
табанды 
дамуға 
әсер 
етті.


1. Қазақстан және БҰҰ-ның белсенді мүшесі 
2. Қазақстан және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 
3. Қазақстанның Азиядағы Өзара Іс-қимыл және Сенім Шаралары Кеңесімен 
(АӨСШК ) байланысы 
4. Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуі.
5. Қазақстанның Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) төрағалық етуі.
6. Қазақстанның ТҮРКСОЙ ұйымымен қарым-қатынасы 
Халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасы белсенді түрде 
қарым-қатынас жасайды. Бұл, ең алдымен – Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа 
Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, НАТО, Ұжымдық қауіпсіздік 
келісім ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) және Азиядағы 
өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі келісім ұйымы (АӨСШК). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет