1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Pdf көрінісі
бет27/72
Дата12.03.2022
өлшемі4,71 Mb.
#135392
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72
Байланысты:
5fe23c89029c5cd8c8b7a6330b07df91

7.
 
Қазақстандағы экологиялық проблемалардың асқынуы. Семея 
ядролық полигоны мен арал трагедиясы. Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп 
кешендерінің халық денсаулығы мен экологияға тигізген зардаптары. 
 
Қазақстанды орталықтан басқару ұлттық егемендікті толығымен шектеді. 
Әсіресе, экономиканың әскери сұранысқа сай бейімделуі қоғамға теріс 
ықпалын тигізді. 1949 жылы 29 тамызда Семей, Павлодар және Қарағанды 
облыстарында салынған ядролық сынақ полигоны орны толмас адам өмірі мен 
экологиялық және қаржылық шығын әкелді. 1963 жылға дейін полигонда ашық 
ауада 113 жарылыс жасалса, 1964 жылы жер астына көшіріліп, 1989 жылға 
дейін 343 сынақ жасалды. 
Халықтың экологиялық қауіпсіздігі қоғамның қалыпты жағдайының 
міндетті шарты болып табылыды. Осы жылдарда индустриялық дамудың, 
кәсіпорындардың көптеп салынуының нәтижесінде қоршаған ортаға орасан зор 
зиян келтірілді. Сырдария және Әмудария өзендерінің суларын мақта егісіне 
көптеп бөлуден Арал теңізі тартылып, оның суы азайды. Арал теңізі атырабына 
өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер, жер 
және су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге 
басымдық беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаріны шақырымға дейінгі 
аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Теңіз суының тұздылығы 3 еседен астам өсіп, 
Арал өзінің балық өнеркәсібінен тұтастай айырылды. Оның үстіне құрғап 
қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, Арал аймағының 
климаты күрт нашарлап кетті. Айналадағы табиғи орта тепе-теңдігінің бұзылуы 
халықтың тұрмыс жағдайы мен денсаулығына қатер төндірді. Адам өлімі, 


әсіресе, балалардың шетінеуі көбейді. Аймақ тұрғындарының 80%-і әртүрлі 
сырқаттарға шалдықты. Бұл экологиялық апат іс жүзінде ұлттың генетикалық 
өсіп-өнуі мүмкіндігін сақтап қалу туралы мәселе көтеруге мәжбүр етті, өйткені 
Арал аймағы негізінен республиканың байырғы халқы - қазақтар мекендейтін 
аудан. 
Қазақстанда әскери базалар мен стратегиялық маңызы бар сынақ 
полигондары болды. Ақмола мен Семейде әлемдегі ең ауыр құрлықаралық 
баллистикалық зымырандардан жасақталған, 104 «РС-20» зымыраны бар аса 
құпия әскери бөлімдер болды.
Экологиялық ауыр жағдай Семей өңірінде де орын алды. Семей ядролық 
полигонының көлемі 18 500 км квадрат болды. Семей және басқа полигондарда 
барлығы 500-ден аса ядролық қарулар жарылды. Бұл жарылыстардың 
халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға тигізген зияны мен зардабы 
туралы ондаған жылдар бойы айтылмады. Ядролық жарылыстардың 
салдарынан «Қайнар феномені» алаңдаушылық туындатты. Қазақ КСР өлкелік 
патология ҒЗИ директоры Б.А. Атшабаров және Республика Денсаулық сақтау 
министрлігінің бас радиологы С.Б. Балмұханов бастаған ғалымдар тобы 1957 
жылы Семей облысы Абай ауданындағы Қасқабұлақ, Сарыжал, Қайнар елді 
мекендеріне тексеру жүргізді. Тексеру барысында Сарыжал, Қайнар 
ауылдарында радиоактивті деңгей 150-200 рентгенге жеткен, қалыпты 
жағдайда ол 0,5 рентгеннен аспауы тиіс. Адам бүкіл өмірінде 35-тен аспайтын 
рентген алады. Ғалымдардың мәліметі бойынша полигонда сынақ жасалған 
жылдары кемінде 500 мың Семей өңірі тұрғындары ионды радиацияның 
сәулесіне ұшырады, әсіресе, онкологиялық сипаттағы аурулар көп шықты. 
1975-1985 жж. бұл аурулардан өлгендер тек Семей облысының өзінде ғана 7 есе 
өсті, бала туу азайғаны, жынданып ауру және өзін-өзі өлтіру көбейгені 
байқалды.
Семей полигонынан басқа әр жылдарда Республика аумағында 27 жерде 
қуаты әртүрлі 38 ядролық жарылыс жасалды. Бұндай жарылыстар, әсіресе, 
Атырау облысында көбірек болды, мұнда жаппай қырып-жоятын қарудың 17-сі 
сыналған. Сегіз ядролық заряд Орал өңіріндегі полигондарда, қалғандары 
Ақтөбе, 
Ақмола, 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облыстарында 
жарылған. 
Бактериологиялық қарулар сынау полигоны Арал теңізіндегі Барсакелмес 
аралында жүргізілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет